Түркістан: Ордабасылық диқандар лимон мен анар өсіруден тәжірибе жинауда

Ордабасы ауданы жылыжайлардың отанына айналады. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


«Елнұр Айдар» шаруа қожалығы алма бауынан бөлек тропикалық жемістер лимон мен анар өсіруден тәжірибе жинақтаған шаруашылық.

Бүгінде Қажымұқан елді мекенінде орналасқан аграрлық-өнеркәсіптік кешенде 34 млн теңгелік жоба жүзеге асып, 3 гектар алқапқа алма, 1 гектарына анар және 700 түп лимон егілген.

Кооператив өткен жылы 3 гектар алма бауынан 2 тонна алма, 0,5 гектардан 15 тонна лимон (5-6 жылда өнім көлемін 60 тоннадан асыру жоспарланған) жианаған.

Шаруашылық кешенінің басшысы Бахытжан Утанбаевтың айтуынша 1 гектарға отырғызылған анар көшетінен 500 келі өнім ( 5-6 жылдан соң 20-30 тонна өнім алу көзделген) алған.

Қазіргі таңда аталған шаруашылықта 7 адам тұрақты жұмыс істеуде. Айлық орташа жалақысы 80-100 мың теңге көлемінде. Алдағы уақытта аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің дайын өнімдері Шымкент қаласы мен республиканың өзге өңірлеріне сатылмақ. 

ANYQ.KZ-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.