Түркістан: Ордабасылық 3 оқушы – Республикалық «Айқанат» олимпиадасының жеңімпазы

Ауыл балаларына арналған жоба «IQANAT-2021» олимпиадасы өз мәресіне жетті.


Ордабасылық 3 оқушы республикалық олипиадада өзгелерден оза шауып топ жарды. Жеңімпаз шәкірттерді жерлестері темір жол вокзалынан күтіп алды. Шәкірттердің қуанышты сәтімен біздің түсірілім тобы да бөлісіп қайтты

Ордабасылықтар жеңімпаздарын сән-салтанатпен қарсы алды. Олардың ішінде 8 сынып оқушысы Салтанат Әлтай да бар. Мектеп табалдырығын аттағаннан үздік оқыған шәкірт «IQanat» олимпиадасынан жеңіспен оралды. Республикалық слеттен ауданның абыройын асқақтатып қайтқан оқушы енді элиталы мектепте оқуын жалғастырады.

«IQanat» — ауыл мектептеріндегі дарынды оқушылар арасында ұйымдастырылатын бірегей олимпиада. Шара  жеңімпаздары еліміздің және халықаралық  жоғары оқу орындарында ақысыз оқу мүмкіндігіне ие болады. Олимпиада екі аудандық және бір республикалық кезеңнан  тұрады.

Ауылдық шәкірттерді қолдау мақсатында қолға алынған олимпиада биыл 3 рет ұйымдастырылды.  Республикалық жарыста Түркістан облысынан 11 оқушы жеңіске жетіп отыр. Енді озаттар жаңа оқуы жылынан бастап Көкшетаудағы ««IQanat» элиталы мектебінде білімдерін жалғастыратын болды.

ANYQ.KZ-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.