Түркістан: Ордабасы ауданындағы «Аделия» жылыжайы алпауыт көкөніс базасына айналған

Ордабасы ауданы әкімі Бағлан Батыршаев Бадам ауылдық округіне қарасты бірқатар өндіріс орындарын аралап көрді.


Әуелі еліміздегі ірі аграрлық кешенінің бірі – «Аделя» жылыжайна барып, ондағы өндіріске қажетті озық технологиямен танысты.

2011 жылы 5 га жұмыс бастаған кешен бүгінде іргесі кеңейіп, күнгейдегі алпауыт көкөніс базасына айналған. Іс-сапар барысында аудан әкімі Ақбұлақ ауылындағы шаруалардың ортақ жайылымға байланысты талап-тілектерін тыңдады.

«Бадам ауылы ауданымыздағы ірі индустриалды кешендер орналасқан. Сондықтан мұнда жайылымдық жерлердің көлемі басқа ауылдармен салыстырғанда аз. Дегенмен, біз ауылдағы кәсіпорындармен келіссөз жүргізіп, ортақ жайылым мәселесін оңтайлы шешуге күш саламыз. Бірақ, өндіріс ошақтарын ауылдан жауып немесе көшіріп жіберуге болмайды. Себебі, бұл кәсіпорындар аудан, облыс қазынасына салық төлеп, қаншама азаматтарды жұмыспен қамтып отыр. Қолдарыңыздағы санаулы мал басына бола, ірі өндіріс орындарының жұмысына шектеу қоя алмаймыз», деді аудан әкімі.

Сондай-ақ, Бағлан Дәнебекұлы ауылдағы кәсіпорын басшыларын тұрғындардың қысқы жем-шөп жинауына көмектесуге шақырды.

Аудан басшысы «Алмас» асбест труба шығару зауыты, «Тассай Темір Бетон» зауыты, «Конти» кірпіш зауытын аралап, кәсіпорын басшыларымен пікірлесті. Әрі ауылдағы жұмыссыз жастарды өндіріс орнына көптеп баулуға үгіттеу керектігін сөзге тиек етті.

«1 мамыр» өндірістік кооперативіне барған жұмысшы топ, жазғы егін орағына байланысты ондағы 150 га аумақтағы бидай алқабын аралады. Аудан әкімі шаруа қожалық иесіне орымнан қалған қалдықты ауыл тұрғындарына үлестіріп, ағайынның басына түскен ауыртпалықты бірлесіп еңсеру керектігін айтты.

Іс-сапар соңы Бадам ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында шаруалармен кездесуге ұласып, тұрғындарды толғандырған түйіткілдер туралы көшпелі жиын өтті.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.