Түркістан: Ордабасы ауданында 16 472 тонна бидай жиналды

Түркістан облысы, Ордабасы ауданында ақ егіс науханы аяқталуға жақын.


Биыл Ордабасы ауданында 19 971 гектар жерге себілген ақ егіс дақылдарының бүгінгі таңда 18 651 гектары орылды.

Осылайша орташа түсім әр гектарына 9,2 центнерді құрап, жалпы 17 284 тонна өнім жиналды.

Атап айтар болсақ, 18 592 гектар бидай алқабының 17 272 гектары орылып, 16 472 тонна бидай жиналды. Орташа түсім әр гектарына 9,5 центнерді құрады.

Ал, 1379 гектарға егілген арпа дақылы толығымен орылып, гектарына 5,9 центнерден жалпы 812 тонна арпа алынды.

Сонымен қатар, егістік алқаптан бір жылда 2-3 рет өнім алу жобасы бойынша ауданда 238 шаруа ерте көктемде 526,1 гектар егістік алқапқа алғашқы өнімдерін еккен.

Бүгінгі таңда осы аумақтан 10 379,4 тонна ауыл шаруашылық дақылдарының өнімі жиналды.

Ендігіде шаруалар егістік жерлерді тиімді пайдалану мақсатында екінші өнімдерін егу жұмыстарын қарқынды жүргізуде.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.