Түркістан: Отырарлықтар қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

«31 мамыр саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу» күніне орай, Кеңес заманындағы ашаршылық пен жаппай саяси қуғын-сүргін кезеңін бастан кешірген қазақ зиялыларының елі үшін жасаған игі еңбектерін зерделеу, сонау ауыр жылдарда жазықсыз жапа шекке қайраткерлерді өскелең ұрпаққа дәріптеу, насихаттау мақсатында «Қасіретті жылдар тағылымы» тақырыбындағы шара өткізілді.


Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық жылдары ХХ ғасырдың басында қазақ даласындағы ең бір зұлмат, қаралы кезеңдердің бірі болып тарихта қалғаны белгілі. Сол бір тарихтың ақтаңдақ беттері өткеніміздің өткінші өкініші болғанымен, жаңғырығы ұмытылмақ емес.

Бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде қазақ даласындағы ең бір қасіретті кезең Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде аталып өтіп келеді. Содан бері елімізде саяси репрессия және ашаршылық құрбандарына тағзым етіп, бұл күнді атап өту, олардың рухына арнап құран бағыштау дәстүрге айналды.

Бүгін отырарлықтар аудан орталығындағы «Қасірет» мемориалында еске алу шарасы өтіп, монументке гүл шоқтарын қойып, рухтарына Құран бағыштады.

Сонымен қатар, шараға жиналған ауданның зиялы қауым өкілдері мен бір топ жас және мектеп оқушыларына «Руханият» музейінде зұлмат жылдары «халық жаулары» ретінде атылып, осынау қилы заманда күн кешкен қазақтың бетке ұстар азаматтары туралы деректі фильм көрсетілді.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. Hey! This post couldn’t be written any better! Reading this post reminds me of my good old room mate! He always kept talking about this. I will forward this page to him. Fairly certain he will have a good read. Thanks for sharing!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.