Түркістан Оқушылар сарайында «Ашық есік күні» өтіп жатыр

Оған қала-аудан мектептерінен 1000-жуық оқушы және ұстаздар мен ата-аналар келді.

-Шараның мақсаты — оқушылар мен жасөспірімдерді білімге, өнерге, шығармашылыққа тарту. Әрі балалардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға үйрету.

Келушілерге “Керамика және мүсін”, “Сурет”, “Зергерлік өнер” секілді үйірмелер мастер-класстар ұйымдастырып, қонақтарға терапия сыйлады.

Ал “Домбыра”, “Вокал”, “Дәстүрлі ән” секілді үйірмелерді көрген қонақтар өздері де бірге ән айтып, өнерден кенде еместіктерін байқатты. Әрі алдағы уақытта үйірмелерге жазылып, кәсіби түрде шыңдайтындарын айтты.

-Индира Сарқытқызы: “Оқушылар сарайы дәстүрлі түрде “Ашық есік күнін” өткізіп келеді. Қазіргі ақпарат заманында олар біз туралы желіден жиі естиді. Десе де арнайы шақырып, таныстырудың мәні ерекше. Ең бірінші мақсат — балаға уақытын басқаруды үйрету, бос уақыттарын тиімді өткізуге үгіттеу. Бізде үйірмелердің саны өте көп, бұл әр баланың қалауына сай дүние табылады деген сөз”.

Келушілер әр бөліммен жеке танысып, үйірме жетекшілерінің кеңестерін алды. Әрі қарай қонақтар үшін арнайы дайындалған концерттік бағдарламаны тамашалады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. When someone writes an article he/she keeps
    the thought of a user in his/her brain that how a
    user can understand it. So that’s why this piece of writing
    is perfect. Thanks!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.