Түркістан: Рашид Аюпов құрылысы жүріп жатқан көпқабатты үйлердің жұмыс барысын бақылап көрді

Түркістан қаласында 82 тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Қала әкімі Рашид Аюпов құрылысы жүріп жатқан көпқабатты үйлердің жұмыс барысын бақылап көрді. Құрылысы жүріп жатқан үйлердің сапасын тексерді.

Рашид Абатұлы «Құрылыс бөлімінің» басшысы Нұрсұлтан Жақсылыққа жұмыстардың кестеге сай жүруі үшін күнделікті бақылау жұмыстарын ширатуды тапсырды. Сондай-ақ, жұмыстардың бәсеңдігіне және жұмысшылар санының аздығына сын айтып, ширату қажеттігін ескертті. Осы тұста, шаһар басшысы жұмыссыз азаматтарды болашақта тұрғындарға баспана жағынан қуаныш сыйлар іске атсалысуға шақырды.

Сонымен қатар, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына да біршама ескерту айтып, дер кезінде дұрыстауға тапсырма берді.

Жалпы, қазіргі таңда облыс орталығында 7, 9 және 12 қабатты 82 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Үйлер құрылысы аяқтала тұрғын үй кезегінде тұрған адамдарға 6 категория бойынша кезегімен берілетін болады.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.