Түркістан: Сайрамдық шаруалар ағын судан тапшылық көрмейді

Сайрам ауданы бойынша шілде айында Ақсу өзенінде күніне орта есеппен 10м³/сек ағын су келуде. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Облыс әкімінің орынбасары Ұ.Тәжібаевтың тапсырмасына сәйкес, суды тиімді пайдалану мақсатында ағымдағы жылдың 11-15 шілде аралығында Орта Ақсу су бөгетінен Бөген су қоймасына күн сайын орта есеппен 4 м³/сек су жіберілуде.

Сондай-ақ Түркістан облысы, Арыс қаласы және Отырар ауданы шаруалары Сайрам ауданы басшылары мен шаруаларына алғысын білдіруде.

Аудан шаруаларына судың қалған бөлігі аудандағы 47 каналдарға аударма жасау арқылы кезекпен бөлініп берілуде. Шаруашылықтардың ағын суға деген сұраныстары қанағаттандырылып отыр.

Сондай-а, халықты ауыз сумен қамту жұмыстары да жүйелі. Атап айтқанда, Манкент ауылындағы Әбдіқадыров және Ибн Сина көшелері тұрғындарын ауыз сумен үздіксіз қамту мақсатында қосымша пайдалануға енгізу үшін жоспарланған су ұңғымасы 120 метр тереңдікте қазылды.

Бүгінгі таңда ауыз суды тазалау жұмыстары жүргізілуде. Су ұңғымасы ағымдағы жылдың 16 шілдесінде іске қосылады. Нәтижесінде аталған көшелерде орналасқан 700 тұтынушы тұрақты ауыз сумен қамтылмақ.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.