Түркістан: Сайрам аудандық Полиция басқармасының басшысы азаматтарды қабылдады

«Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалының мәжіліс залында Сайрам аудандық полиция басқармасының басшысы Зиятаев Бауыржан Батырбекұлы азаматтарды қабылдады.


Аудандық полиция басқармасы бастығының қабылдауына Ақсу, Манкент ауылдарынан азаматтар жазылып, мазалаған мәселесін жеткізді. Алғаш болып қабылдауға жазылған Қарасу ауылының тұрғыны Д.Турсынова, өзі Өзбекстан Республикасының азаматшасы, алайда Қазақстан Республикасына тұрмысқа шығып, бірнеше бала тәрбиелеп отыр. Бірақ-та бүгінгі күнге дейін ҚР азаматтыған ала-алмай жүргендігін айтып, көмек сұрады. Өтінішті мұхият тыңдаған Бауыржан Батырбекұлы аудандық көші-қон бөлімінің қызметкерлеріне тапсырма беріп, мәселені зерделеп, түпкілікті шешілуіне ықпал етті.

Қабылдауға жазылған Манкент ауылының тұрғыны Д.Нишаналиева Сайрам ауданындағы «Мәртөбе» өндірістік кооперативнен өзін заңсыз шығарып тастағандығын айтып көмек сұрады. Ауыл тұрғынының өтінішін мұқият тыңдаған Сайрам аудандық полиция басқармасының басшысы Зиятаев Бауыржан Батырбекұлы аталмыш өндірістік кооперативке қатысты аудандық полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалып жатқандығын жеткізді. Оған қоса, кооператив мүшелігінен заңсыз шығару бойынша сотқа талап-арыз келтіре алатындығын түсіндірді.

Бүгін біршама мәселелер бойынша аудан тұрғындарының арыз-шағымдарына жауап бердік. Қабылдауға келгендер, қылмыстық істер бойынша, жер, миграция мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.. Басым бөлігіне жауап бердік, ал қалғанын алдағы уақытта зерделеп толық жауабын береміз. Жалпы, өзі аудан тұрғындарын ұдайы тікелей қабылдап отырамын.. Онда да кез келген азамат, өз мәселелерін айтып, арызын беруге толық мүмкіндігі бар, – деді Б.Зиятаев

Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындардың шағымдары «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалының тұрақты бақылауына алынды.

Билік пен бұқараны тоғыстыратын алаңға айналып үлгерген «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық қоғамдық қабылдауы алдағы уақытта да жалғасын табады.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.