Түркістан: Сарыағашта әйелдер мен балалардың құқығын қорғау, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын-алу тақырыбында сөз қозғалды

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында 2021 жылғы 21 қаңтарда Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев әйел мен балалардың құқығын қорғау, отбасындағы зорлық-зомбылықты болдырмау бағытында жоспарланған шаралар туралы азаматтық қауымдастықтармен кеңінен талқылап, барлық пікірлерді назарға алу жұмыстарын жүргізу және отбасы иститутын нығайту мәселелерін талқылау мақсатында жиын өтті.


Басқосуға  ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Nur-Otan» партиясының мүшесі — Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Рамазанова Ләззат Керімқұлқызы ауданымызға арнайы іс-сапармен келіп, аудан тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесудің тақырыбы: «Отбасы институтын нығайту мәселесін талқылау».

Жиынға аудан әкімі М.Отаршиев, Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Д.Сариев, аудандық мәслихат хатшысы С.Тасқұлов, тиісті сала басшылары, ҮЕҰ және зиялы қауым өкілдері қатысты.

Кездесу барысында әйелдер мен балалардың құқығын қорғау, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын-алу тақырыбында сөз қозғалды.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.