Түркістан: Созақта «Жастар – Отанға» бағдарламасының жол картасы бекітілді

«Nur Otan» партиясы Созақ аудандық филиалының төрағасы,аудан әкімі Салыхан Полатовтың төрағалығымен Саяси кеңес Бюросының отырысы өтті.


Бұл туралы Созақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Күн тәртібінде Созақ ауданының 25 жылға дейінгі «Жастар —Отанға!» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жол картасын бекіту.

Аталған мәселе бойынша «Жастар ресурстық орталығының» заңгері, «Jas Otan» жастар қанаты атқарушы хатшысының орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Олжас Төлепбергенұлы хабарлама жасады, жол картасы аясында атқарылатын жұмыстардың басым бағыттарына тоқталды. Саяси кеңес Бюросы аталған құжатты бірауыздан бекітті.

Айта кетейік, Созақ жастары қай істе болмасын белсенді. 4 Маусым рәміздер күніне орай Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Жастар ресурстық орталығы» мамандары және белсенді жастар Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы тұрғындарына және ауыл қонақтарына Мен туымды мақтан етемін акциясын ұйымдастырды. Ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтау айтып, көк туымызды сыйға тартты.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.