Түркістан: Созақ ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді

Түркістан облысы, Созақ ауданында  өткен жылы балық шаруашылығын дамыту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды.


Мәселен, 2020 жылы «Kaz.Gold.Fish» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ауданның «Таскенсаз», «Таушаға» және «Бабата» су қоймаларына 500 мың дана балық  шабақтарын жіберген болатын. Шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде. Балық өсіру кезінде пайдаланылатын азықты сатып алуға жұмсалатын шығындардың 30 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланады.

«Созақ балық өнімдері» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі   қолдан балық өсірумен айналысады. Шабақтар Сарыағаш ауданындағы «Алтын балық – 2020» ЖШС-нен жеткізілген. Қазіргі таңда аудандағы Бабата су қоймасына яғни   200 мың дана «ақ мур»  және 200 мың дана «дөң маңдай» жалпы 400 мың шабақ балығы жіберілді.

«Балық шаруашылығын дамытамыз деген біршама азаматтар қазіргі таңда  ұсыныс беріп отыр. Олармен бірлескен жұмыстар жасалуда», – дейді ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Түркістан облысы, Созақ ауданы бойынша филиалының директоры Арман Анарбаев.

Айта кетейік, Түркістан облысында балық шаруашылығымен айналысуға ниетті кәсіпкерлер саны артуда. Жалпы бүгінгі таңда аудан аумағында 2 шаруашылық балық өсіру ісін қолға алған.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.