Түркістан: Тұрғындарға жайлы жағдай жасау мақсатында «Сауран» мөлтек ауданында саябақ салынады

«Сауран» мөлтек ауданындағы С.Ерубаев пен Төле би көшелері аралығындағы аумақ тұрғындарына жайлы жағдай жасау мақсатында саябақ салынбақ.


Бүгін қаланы аралау барысында Нұрбол Әбдісаттарұлы жобаның тұрғындар тарапынан жасалу қажеттігін айтып, секторлар ол үшін халықпен тығыз байланыс құру керектігін тапсырды. Яғни, аумақ тұрғындары өздері демалатын саябақты өз қалаулары бойынша жасайды. Жобаны жасаушы автор тұрғындар ұсынысын назарға ала отырып, іске асырады. Жалпы аумағы 4,3 гектарды құрайтын жер телімінде жасыл желек, көгал, гүлзар, орындықтармен қатар субұрқақтар орналастыру жоспарланған. Қала тұрғындарының ұсыныстарына сәйкес ойын алаңы, футбол алаңшасын салу да сәйкесінше қарастырылады.

Сондай-ақ, шаһар басшысы биіктігі 11 метр, ал жалпы алаңы 28 метрге созылған стелланың құрылыс барысын көрді. Ай соңына дейін аяқталуы жоспарланған нысанға Нұрбол Тұрашбеков сапалы аяқжол тастарын қоюды тапсырды. Одан өзге, «ЭКО базар» көтерме сауда базары аумағындағы абаттандыру жұмыстарын көріп, көгалдандыру жүйесінің сапалы жүргізілуі үшін суғару жүйесін кесте бойынша жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар, құрылысы жүріп жатқан тұрғын үйлердің сыртқы қасбетінің құрылысын көріп, жұмысты ширату қажеттігін ескертті. 

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.