Түркістан: Тұрғындар мәселесі шешімін табуда

«Nur Otan» партиясы қалалық филиалында бекітілген кестеге сәйкес, қалалық мәслихаттың депутаттары Сәкен Ханділлаев пен Ақиқат Абдуллаев қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындар мәселесіне назар аударды.


Сәкен Мырзанұлының қоғамдық қабылдауына келген Әбділда Дінмұхаммед есімді азамат Бекзат мөлтек ауданында көгалдандыру жұмыстарын нығайту мақсатында суару жүйелерінің дұрыс жұмыс атқарылмай жатқандығына шағымданды. Депутат тиісті мекемеге хабарласып, жұмыстарын дұрыс қадағалауын ескертті. Ал, қала тұрғындары Руслан Абубакиров пен Шухрат Абдурашитов топырақ жолдар мен көшелерге тас төсеп беру жұмыстары жүргізілсе деген өтініштерін жеткізді. Көшелері жаңбырлы күндері батпаққа айналып, жүру мүмкіндігі болмайтындығын жасырмады. Мәселенің мән-жайымен танысқан Сәкен Мырзанұлы қазіргі таңда қаламызда тас төсеу жұмыстары жүргізіліп жатқандығын айтып, алдағы уақытта да бұл жұмыс өз жалғасын табатындығын жеткізді.

Қалалық мәслихаттың депутаты Ақиқат Абдуллаевтың қабылдауына келген Мәден Әуелбеков тұрғын үй кезегіне тұру мәселесін алға тартты. Бұл жөнінде Ақиқат Махмудұлы тұрғынды Фронт офиске жолдады және еgov арқылы тұрғын үй кезегіне тіркелуге болатындығын түсіндірді. Ал, Омарбек Тәукебаев көгілдір отын жүйесін баспанасына кіргізуін сұранды. Бұдан бөлек, Гүлзада Бейсенова отбасылық жағдайына байланысты әлеуметтік көмек сұрап келді. Келушілердің мәселесімен танысқан Ақиқат Махмудұлы өтініштің шешімін тауып, тұрғынды бір айлық азық-түлікпен қамтамасыз етіп, алғысына бөленді.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.