Түркістан: Төлебилік тұрғын мемлекеттік грантпен тігін шеберханасын ашқан

Түркістан: Төлебилік тұрғын мемлекеттік грантпен тігін шеберханасын ашқан. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.


Төлеби ауданы Тасарық ауылдық округіндегі Жамбыл ауылының тұрғыны Жанерке Есеналиева бастауыш кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік грантты ұтып алған. Бүгінде тігін шеберханасын ашып, ісін дөңгелетіп отыр. Ол 555 600 теңге көлеміндегі қаржыға қажетті жабдықтарын түгел сатып алған. Кәсіпкер қолдауды «Жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде алып отыр.

Тігінші қазіргі таңда қыз жасауына арналған бұйымдарды тоқиды. Сонымен қатар, қомақты көлемде тапсырыстар қабылдайды. Жақында Атырау қаласындағы ауруханаға 600 дана көрпе-төсек тіккен. Сондай-ақ, тігін шеберханасында жергілікті спорт мектептерінің арнайы киімдері тігіледі.

Шеберхана иесінің айтуынша, өткен жылғы табысы шығынды есептемегенде 2-2,5 млн теңге көлемінде болған. Осылайша тынымсыз еңбегінің арқасында жақсы табысқа кенеліп отыр. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.