Түркістан облысынан солтүстік өңірлерге 6 мыңнан астам адам қоныс аударған

Түркістан облысынан солтүстік өңірлерге 1700 отбасы немесе 6100 адам қоныс аударған. Сала мамандары ағымдағы жылы бұл сан еселеп артуы тиіс екенін айтады.


Бүгінге дейін солтүстік аймақтарға көшкен отбасының әрбір мүшесіне 102 мың теңге берілсе, енді екі еселеніп 204 мың теңге төленетін болды. Тұрғын үймен, жұмыспен қамтамасыз ету өз алдына бөлек жүреді. Дегенмен көштің үдере жүруіне кедергі келтіретін проблема да көп. Бүгін сол түйіткілдерді «Nur Оtan» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен кең көлемде талқыланды. Онлайн форматта өткен жиынға Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарындағы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылары мен өңірдегі жұмыспен қамту орталықтарының мамандары қатысты.

«Алғашқы кезекте «Еңбек» бағдарламасының елді-мекендерде насихаты кем. Оның үстіне карантин де себеп болып, өткен жылы небәрі 347 отбасы ғана көшіпті. Ал, 2019 жылы 560 отбаы қоныс аударған еді. Енді осы межеден асыру басты жоспар болып отыр. Жалпы аталған 4 облысқа биыл 6039 адамды қабылдау міндеті қойылды. Соның ішінде Солтүстік Қазақстан облысы 2347 адамды қарсы алуға қызу дайындалуда. Басқарма басшысының орынбасары Ринат Сергейұлы олар үшін арнайы үйлер тұрғызылып жатқандығын айтты. Алайда Павлодардан өзге екі өңірде қоныс аударушылар үшін жаңа баспаналар соғылып жатқан жоқ. Негізінен босап қалған үйге орналастырады. Сонымен бірге өңірлер арасында ортақ ақпараттық база қалыптаспаған. Қай аймақта қандай жұмыс орындары бар, баспана бағасы, шаруашылық жайы тб мәліметтерді әркім өзінше іздеп, әуреге түсуде. Толық мәлімет алмағандықтан көпшіліктің көкейінде күмән қалып, толық сене бермейді»,- дейді «Nur Оtan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Бейсен Тәжібаев.

Жиында сонымен қатар көшіп барғанедарға жанашырлық жетіспейтіні айтылды. Бұл елімізде көші-қон саласымен айналысатын атқарушы жүйеге тән кемшілік дейді мамандар.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.