Түркістан облысындағы жалпы орта білім беру ұйымдарында жаңа 2024-2025 оқу жылындағы оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру барысында «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасы аясындағы Жол картасын басшылыққа алады. Оқу жылында Жол картасында көрсетілген мақсат-міндеттер мен жобаларды жүзеге асыру – облыстың білім саласындағы негізгі миссиясы.
Атап айтқанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қол жетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, дамыту, тәрбие және білім беруге қатысты ұстанымды өзгерту, сапаны бағалау, педагогтің рөлі, ата-анамен қарым қатынасы бағытында жоспарланды.
Тәрбие мен оқыту сапасын бағалауды жүргізуде бірыңғай электрондық жүйені ендіру, мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналарға консультациялық пункттер ашу, «Аталар мектебі», «Әжелер мектебі», «Әкелер мектебі», «Аналар мектебі» сынды жұмыстар облыстың барлық мектепке дейінгі ұйымдарда жаңа 2024-2025 оқу жылында да жалғасын табады.
Сонымен қатар, жалпы орта білім беру бағытты бойынша білім беру сапасын арттырып, өңірдің ішкі және сыртқы бағалау арасындағы алшақтықты жою мақсатында облыс педагогтерін әдістемелік сүйемелдеуден өткізіп, өңіраралық тәжірибе алмасуды, НЗМ, БИЛ, РФММ тәжірибесін өңір мектептеріне ендіруді жоспарлауда.
Мектептердің білім деңгейін көтеру үшін білім беру округтерін құрып, «Lesson Study» тәсілін пайдаланып, тәжірибелі мамандардың кәсіби жетілуге бағытталған (бірлесіп жоспарлау, қадағалау, талдау) ауыл округтерінде ресурстық орталықтардың жұмысын жүргізу жоспарланып отыр.
Педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы мен халықаралық тәжірибе алмасуы мақсатында Жапония, Оңтүстік Корея мен Эстония елдеріне қысқа мерзімді тағылымдамаға іс-сапарларын ұйымдастыру және өткізу жоспарланған.
Өңір педагогтерінің кәсіби дамуымен қатар көркем ой мен сыни ой тұрғысынан дамуын арттыру мен халықаралық PISA, PIRLS және ББЖМ (білім беру жетістігінің мониторингі) зерттеулеріндегі оқылым дағдысының көрсеткішін жақсарту мақсатында педагогтер мен білім алушыларға арнап авторлық «KitapXAH@» кітап оқыту әдісін кеңінен қолдануды жалғастыру көзделіп отыр.
Мектептің оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда педагогтердің құзыреттілігін арттыру мен мемлекеттік тілде білім беруді қамтамасыз ету мақсатында «Аралас мектептердегі мемлекеттік тілдің оқыту сапасын жетілдіру» өңірлік жобасы жүргізілуде. Сонымен қатар, «Көшбасшы» өңірлік мектеп директорларының ассоциациясының жұмысын дамыту да басты назарда тұр.
Баяндамада көрсетілген басты бағыттардың бірі – цифрландыру. Аталған бағытты жетілдіру мақсатында 2024 жылы 25 шілдеде Түркістан облысында «Инновациялық жобалар — 2024» жәрмеңкесі өтіп, 5 бағытта ұйымдастырылды. Облыстағы білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік үдеріске жаңа әдісті интеграциялау арқылы балаларды қауіпсіз, қызықты және бүгінгі заман талабына сай тәсілдермен білімге құштар ету мұрат етіліп отыр.
Ұйымдастырылған іс-шара өз деңгейінде өтіп, жақсы жобалар ұсынылып, білім саласының қызметкерлерін таныстырып, алдағы жаңа оқу жылына ұсыныстарын беру тапсырылды.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.