Түркістан облысындағы фермерлер пестицидтердің мөлшерін азайтып, «таза» өнім алу жолдарын үйреніп жатыр

Аграрлық сектордың дамуы және жемістер мен көкөністерге сұраныстың артуы жағдайында зиянкестермен күресу үшін химиялық пестицидтерді интенсивті және бақылаусыз қолдану барған сайын артып келеді. Сонымен қатар жаһандық жылынумен бірге зиянды организмдердің түрлік құрамы да өзгеріп, жаңа аурулар пайда болуда. Түркістан облысының диқандары да осындай мәселелерге тап болып отыр. Жергілікті шаруалар жеміс-жидек дақылдарының бактериялық күйігінен қызанақ көбелегінен, қызанақ жемістерінің мыжылуынан егін шығындарына ұшырауда. Қоңыр мәмәр қандала және т.б. жаңа қауіп тудырады.

Осыған орай, ФАО (Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы) мамандары Түркістан облысының фермерлерін өсімдік ауруымен күресудің заманауи әдістерін қолдануды үйретеді. Бұл қауіпті препараттарды қолдануды 60%-ға дейін азайтуға, оларды қауіптілігі төмен заттарға ауыстыруға, ал кейбір кезеңде тыңайтқыштардан толық бас тартуға мүмкіндік береді.

1-2 шілдеде Сарыағаш қаласында ФАО, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі және ГЭФ-тің «Орталық Азия мен Түркия елдерінде пестицидтердің өмірлік циклін басқару және құрамында ТОЛ бар пестицидтерді жою» жобасы аясында ұйымдастырылған тренинг өтті. Оған Түркістан облысының фермерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық және облыстық өкілдері, сондай-ақ ҮЕҰ қатысты.

ФАО сарапшылары өсімдіктерді кешенді қорғау (IPM) туралы мәлімдеді. Бұл қауіпті және карантиндік зиянкестердің таралуын бақылауда ұстауға, экологиялық таза және бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге және пестицидтерді тұтынуды азайтуға көмектесетін ФАО-ның бірегей құралы. IPM әдістері көптеген елдерде таза топырақты сақтау, биоәртүрлілікті және халықтың денсаулығын қорғау үшін кеңінен қолданылады.

IPM тиімділігін көрсету үшін ФАО 2023 жылы Қазақстанда алма бақтарында, қызанақ пен қырыққабатта сынақтар өткізді. Тәжірибе көрсеткендей, пестицидтерді қолданудың айтарлықтай азайғанына қарамастан, пестицидтер ескі әдіспен қолданылған орындармен салыстырғанда жақсы нәтижелерге жеткізген. Сонымен қатар шығындарды көбейтудің қажеті жоқ еді.

Мысалы, кәдімгі тәжірибе бір маусымда 20-дан астам пестицид қолдануды қажет етсе, ал IPM-де — тек 6, яғни экономикалық тиімділігі 80%-дан астам болды. Бұл орайда токсикологиялық бағалау топырақта да, жемістерде де химиялық заттардың іздерінің жоқтығын көрсетті, бұл өскен өнімнің «тазалығын» көрсетеді.

Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині ғылыми-зерттеу институты өсімдіктер карантині бөлімінің меңгерушісі Жанна Исина: «Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында пестицидтерді бақылаусыз қолданудың күшеюі Қазақ өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарын қатты алаңдатып отыр. Көптеген елдер өсімдіктерді қорғаудың экологиялық таза технологияларына белсенді түрде көшіп жатқанда, қазіргі уақытта Қазақстанда өсімдіктерді зиянкестерден қорғау тек жоғары улы пестицидтермен өңдеу керек деген стереотип қалыптасқан. Бірақ бұл мүлдем қате көзқарас. Топырағымыз бен экологиямызды сақтау, қауіпсіз ауыл шаруашылығын дамыту үшін тыңайтқыштардың мөлшері мен өңдеу мерзімін оңтайландыру қажет. Ерекше қауіпті пестицидтерге балама таңдау да маңызды жайт, бұл қауіптілік класы 3-4 пестицидтерді, биофунгицидтер мен биоинсектицидтерді қолдануды қажет етеді» — деп отыр.

Тренингтің тағы бір маңызды бөлігі, пестицидтердің бос контейнерлерін пайдалану мәселесіне арналған. Өкінішке қарай, Қазақстанның көптеген өңірлерінде мұндай қалдықтарды жинау және өңдеу жүйесі әлі де жоқ. Нәтижесінде пестицидтерге арналған контейнерлер полигондарға түсіп, өртеніп кетеді. Пестицидтердің қалдықтары төгіліп, топырақ пен су қоймаларына сіңіп, қоршаған ортаны ластайды. Шаруалар контейнерлерді күнделікті өмірде, әсіресе, азық-түлік мақсатында пайдаланса, одан да қауіпті.

ФАО-ның пестицидтерге арналған контейнерлерді басқару жүйесі бойынша ұлттық кеңесшісі Әсел Шаханова: «Тәжірибе көрсеткендей, адамдар бос канистрлерді дұрыс жууды білмейді. Көбінесе олар мүлдем жуылмайды және пестицидтердің қалдықтарымен бірге кәдеге жаратуға жіберіледі. Ең сорақысы, олар суды немесе тағамды сақтау үшін контейнерлерді пайдаланады. Пестицидтердің қалдықтарымен жанасу адамдарда улану және басқа да ауыр ауруларды тудыруы мүмкін» — деген пікір айтты.

Сарапшы контейнерлерді қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін үш рет шаю технологиясын қалай қолдану керектігімен бөлісті.

Әсел Шаханова: «Зерттеуге сәйкес, бірінші жуудан кейін пестицид қалдықтары бастапқы мөлшерден 1,4%-ға, екіншісінен кейін 0,021%-ға, үшіншіден кейін 0,00035%-ға дейін азаяды. Бұл үш рет жуу әдісі қауіпті заттардың мөлшерін айтарлықтай азайтып, контейнерлерді кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді қауіпсіз етеді дегенді білдіреді» — деді.

Тағы бір маңызды қадам — пестицидтерге арналған контейнерлерді жинау жүйесін әзірлеу және енгізу. ФАО сарапшылары фермерлер мен басқа пайдаланушылар үшін пайдаланылған контейнерлерді қауіпсіз қайтара алатын қабылдау пункттерін ұйымдастыру керектігін түсіндірді.

Ал, Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктерді қорғау бөлімінің сарапшысы Дария Акибекова: «Бүгінгі таңда МИК «Пестицидтердің QR кодтарын және оларға арналған контейнерлерді одан әрі Қазақстан Республикасының аумағында сату үшін алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Ережесінің жобасын әзірледі, сондай-ақ ол мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген. Елімізге әкелінетін канистрлерді QR код арқылы кодтап, бақылау жүйесін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Болашақта бұл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге пестицидтің түпнұсқалығына кепілдік береді және пестицидтердің импорттан контейнерлерді жоюға дейінгі өмірлік циклін бақылауға мүмкіндік береді» — деп біраз мағлұмат берді.

Сонымен қатар фермерлер тиімді және қауіпсіз бүрку әдістеріне үйреніп, тағы басқа да қажетті ақпарат алды. ФАО жақын арада Қазақстанның барлық аймақтарында осындай оқу өткізуді көздеп отыр. Қосымша ақпарат алу үшін ФАО-ға +7 777 021 6055 телефоны арқылы хабарласып, байланысуға болады.

Еске салайық, Қазақстанда субсидияланған пестицидтер тізімінде аса қауіптісі бар. Бұл туралы биыл сәуірде Алматыда өткен Орталық Азия елдерінде жасыл ауыл шаруашылығын дамыту үшін ластанған ауылшаруашылық топырағының био- және фиторемедиациялық технологиялары бойынша халықаралық конференция барысында ФАО пестицидтерді басқару жобасының жетекшісі Салтанат Баешова айтқан болатын.

Мамандардың айтуынша, пестицидтерді биологиялық препараттармен алмастыру — экологиялық проблеманың бірден бір шешімі.

«Жобаға қатысушы елдерде, соның ішінде Қазақстанда біз тіркеу кезінде көптеген факторларға назар аударамыз. Белгілі болғандай, елде пайдаланылған және тіпті субсидияланған пестицидтер тізімінде аса қауіпті пестицидтер бар. Оларды пайдалану ұлттық заңнамамен реттеледі, бірақ дамыған елдерде ескерілген көптеген критерийлер назардан тыс қалып отыр. Біз фермерлерге нарықта бар қауіпсіз баламаларды іздеу үстіндеміз. Өткен жылы алма бақтары мен қырыққабат, қызанақта алқаптарына сынақ жүргіздік. Нәтиже әртүрлі. Биологиялық қорғау әдістерін қолдану арқылы пестицидтерді 70%-ға дейін азайтуға болатынын атап өткім келеді», — дейді Салтанат Баешова.

Сарапшы ескірген және жарамсыз пестицидтер Қазақстан ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті.

«Бүгінгі конференцияның маңызы зор. Себебі, бұл мәселені шешуіміз керек. Топырақтың ластануы ауыл шаруашылық өнімдеріне, ет пен сүтке түседі», — деді ол.

ФАО пестицидтерді басқару жөніндегі аға техникалық кеңесшісі Стефан Робинсонның сөзінше, ескірген пестицидттерді жою өте қиын.

«Әрине, миллиондаған гектар жерді тазарту соншалықты оңай шаруа емес. Сонымен қатар, мұндай пестицидтерді жағу өте қымбат әдіс. Сондықтан бүгінгі конференцияда біз әлемде бар және алдағы 10-15 жылда қазақстандық фермерлер қолдана алатын балама қолжетімді әдістерді талқылап жатырмыз», — дейді Стефан Робинсон.

Шынын айту керек, қазақстандық шаруалар жыл сайын егін сапасына кері әсер ететін зиянкестер мен ауруларға байланысты проблемаларға тап болады. Зиянкестермен күресу бойынша білім мен дағдылардың жеткіліксіздігі салдарынан пестицидтерді де дұрыс пайдалана алмай жатады. Нәтижиесінде, химиялық дәрілер адам денсаулығына және қоршаған ортаға әсер етуі мүмкін. Осы химиялық заттарды қолдануды барынша азайту үшін ФАО-ның жетекшілігімен ғалымдар био және фиторемедикацияның экономикалық қолжетімді, экологиялық таза және қарапайым технологиясын қолдана бастады.

Сарапшылардың айтуынша, бұл тәжірбие тұрақты органикалық ластаушы заттар (ТОЛ) мен ауыр металдардың деңгейін төмендетуге көмектеседі.

Қазақстанда кеңес кезінен қалған ескі пестицидтер мәселесі әлі де өзекті. Осы химиялық заттардың нақты мөлшерін анықтау мақсатында ФАО-ның «Орталық Азия және Түркия елдерінде пестицидтердің өмірлік циклін басқару және оларды жою» жобасы аясында былтыр Экология министрлігінің мамандары елде түгендеу жүргізді және ластанған аумақтарға экологиялық баға берді.

 «Біз жарамдылық мерзімі өтіп кеткен пестицидтерге ұлттық инвентаризация жасадық. Ластанған учаскені қалпына келтіру сынақтары аяқталды және ең қолайлы микроорганизмдер мен фиторемедианттар анықталды. Бұл тың тәсілдері 2024 жылы алқаптарға жүргізетін сынақ үшін қолданылады. Бұл жұмыстың Қазақстан үшін маңызы зор, өйткені біздің елімізде ластанған жерлер өте көп, ал ондағы қауіптерді азайту экологиялық таза және тиімді жолдарын табу халықтың денсаулығы үшін өте маңызды», — дейді Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев.

ФАО-ның пестицидтерді басқару жөніндегі аға техникалық кеңесшісі Стефан Робинсон ауыл шаруашылығы топырақтарының ластану проблемасы аграрлық елдер, соның ішінде Орталық Азия аймағы үшін өзекті екенін айтты.

ФАО бүкіл әлемде, сондай-ақ Қазақстаның ауыл шаруашылығына техникалық және сараптамалық қолдау көрсетеді.

«Орталық Азия елдеріндегі түйінді мәселердің бірі – Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін қалған химиялық дәрі. Өздеріңіз білетіндей, ауыл шаруашылығы мен экспортты тиімді дамыту үшін ескі пестицидтері жойып, таза топыраққа заманауи тәсілдерді енгізу қажет. Әрине, миллиондаған гектар жерді тазарту соншалықты оңай шаруа емес. Сонымен қатар, мұндай пестицидтерді жағу өте қымбат әдіс. Сондықтан бүгін біз әлемде бар және алдағы 10-15 жылда қазақстандық фермерлер қолдана алатын балама қолжетімді әдістерді талқылап жатырмыз», — дейді Стефан Робинсон.

Қазақстан мен Қырғызстанда ФАО-ның бақылауымен тұрақты органикалық ластаушы заттардың (ТОЛ) және ауыр металдардың деңгейін төмендетуге көмектесетін экономикалық қолжетімді, экологиялық таза және қолдануға оңай био және фиторемедиация технологиясы сынақтан өтіп жатыр.

«Биоремедиация — бұл топырақта өмір сүретін микроорганизмдерді пайдалану, олар үшін пестицидтер у емес, азық. Пестицидтермен қоректенетін микроорганизмдер химиялық дәріні алты айдың ішінде 99%-ға дейін «бейтараптай алады». Екінші әдіс — өсімдіктерді қолданатын фиторемедиация. Әрине, бұл биотехнологиялар агрессивті химиялық әдістерге қарағанда көбірек уақытты қажет етеді, бірақ олар бүкіл әлемде қол жетімді және қолданыста бар дүние», — деп түсіндірді Стефан Робинсон.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қалдықтарды басқару департаментінің өндірістік қалдықтар басқармасының бастығы Әсел Қасенова ауыл шаруашылығы саласының белсенді дамуына байланысты пестицидтердің импорты артып отырғанын айтты. Бұл өндірушіден кәдеге жаратуға дейінгі барлық кезеңдердегі бақылауды одан әрі жетілдіруді талап етеді.

«Негізінен хлорорганикалық қосынды импортталады. Бұл заттардың жарамдылық мерзімі өткенде, егер олар дұрыс пайдаланылмаса және сақталмаса, зақымдалған қаптамада болса, олар қоршаған ортаға және одан кейінгі адам денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. Осыған байланысты ФАО жобалары мен ұсыныстары біз үшін өзекті», — деп атап өтті Әсел Қасенова.

Айтуынша, Қазақстанда ескірген 6 мың тоннадан астам пестицид бар. Анықталған ескірген пестицидтер жойылады. Сонымен қатар, топырақтағы зиянды қалдықтарды шығаруда назардан тыс қалмайды. Бұл жұмыстарға қаражат министрлік немесе жергілікті әкімдік бюджетінен бөлінеді. 

Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институтының Басқарма төрағасы Бақытжан Дүйсембеков соңғы жылдары жеміс-жидектердің бактериялық күйік ауруына жиі шалдығып жатқанын жеткізді. Бұл жеміс-жидекке қауіп төндіретін ауруларының бірі саналады. 

Бактериялық күйік барлық жеміс дақылдарына, әсіресе алма мен алмұрт ағаштарына кері әсер етеді.

«Бактериялық күйік негізінен жасырын түрде болады, яғни фермерлер бұл ауруды ешбір жолмен анықтай алмайды. Ол қолайлы ауа райы жағдайында тез дами бастайды. Сондықтан дәл диагноз қажет. Ал ол үшін тың әдістерді қолдану қажет. Бұл ретте біздің институтта заманауи аспаптар мен жабдықтар, сондай-ақ молекулярлық-генетикалық әдістер қолданылатын аккредиттелген зертхана жұмыс істейді. Оған қоса, бізде жылжымалы автозертхана бар, яғни ғылым шаруаға өзі барады. Бұл қалай жұмыс істейді? Қандай да бір мәселе туындаса, шаруа бізге телефон соғады, мамандарымыз зертханасы бар арнайы көлікпен учаскеге шығып, бір жарым сағаттың ішінде егістікте диагностика жүргізеді. Бактерияларды анықтағаннан кейін мамандар күресудің кәсіби жолдарын ұсынады», — дейді ол.

Оның айтуынша, пестицидтер ауыл шаруашылығы саласында кеңінен қолданылады. Дегенмен, барлық шаруалар қажетті сақтық шараларын біле бермейді. Сондықтан пестицидтермен улану жағдайлары кездеседі.

«Қазір әлем ғалымдары пестицидтердің кері әсерін зерттеп, көтеріп жатыр. Егер оны ретсіз пайдаланатын болса, технологиясын сақтамайтын болса, онда ол қоршаған ортаға ғана зиян келтірмейді, ол азық-түлік арқылы адам денсаулығын құртады. Осы препараттардың кері әсерінен жылына әлемде 15 мыңға жуық адам суицид жасайды екен. Өкінішке қарай, мұндай қайғылы жағдай біздің елде де кездеседі», — дейді ол.

Жалпы, ғалымның айтуынша, Қазақстан аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер тізімінде аса қауіптісі де бар. 

«Бұл заттарды реттеу керек. Ғалымдардың ендігі міндеті – осы препараттарды бірте-бірте жойып, оның орнына адам мен фаунаға зиянсыз жаңа заманауи заттарды ұсыну. Қазірдің өзінде ұсыныстар бар. Балама ретінде біз биологиялық препараттарды қолданамыз, біздің институт пестицидтерді оңай алмастыратын пайдалы жәндіктерді жаппай өсірумен де айналысады», — дейді ол.

Зиянкестермен күресудің кешенді тәсілін тәжірбиеде сынап көру үшін ғалымдар алма, қызанақ және қырыққабатты таңдады. Сынақты Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйдібек би ауылындағы шаруа қожалықтың алма бағында жүргізді.

 «Мен 30 жылдан бері алма өсірумен айналысып келемін. Осыдан 20 жыл бұрын ғылымға, дәлірек айтсақ, Ж.Жиембаев атындағы өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының мамандарына жүгіндім. Содан бері ғалымдармен бірге түрлі зерттеулер жүргізіп келеміз. Біз ФАО-мен жобаны 2023 жылы бастадық. Біз пестицидтерді қолдануды барынша азайтқымыз келеді, сондықтан БҰҰ жобасы аясында өткен жылы химиялық заттарды қолданбай биологиялық өнімдерді пайдалана бастадық. Бүгін біз өте жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Біз тек бактерияларды қолдандық, топырақтың микрофлорасын, сондай-ақ бақшаның микроклиматын жақсарттық, бақшада тірі бактерияларды қолдандық. Соның нәтижесінде мол өнімге қол жеткіздік. Гектарынан 20-25 тонна алма алдық. Жемістің дәмі мен көлемі де жақсарды. Ең бастысы, алма ағашының иммунитетін көтердік», – дейді шаруа қожалығының басшысы.

Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантині ғылыми-зерттеу институтының өсімдіктер карантині бөлімінің меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты Жанна Исина — алма бағының иммундық жүйесінің нығаюына ықпал еткендердің бірі.

«Фермерлер тәуелді болған өте улы қауіпті пестицидтерді қолдану жеміс ағаштарының иммунитетін төмендетеді. Бақша — бұл зиянкестер мен аурулардың жақсы көретін мекені. Сондықтан бұл жерде ең үлкен мәселе — ағаш иммунитетінің төмендеуі. Иммунитетті сақтау үшін заманауи биологиялық иммуномодуляторлар мен биопестицидтерді қолданған жөн», — дейді ол.

Оның айтуынша, бақшадағы ең маңызды жұмыс көктемде басталады. Алдымен шаруалар ағаштарды кеседі, тазалайды содан кейін зиянкестерді жою үшін діңдерді әктейді.

Бақшаны зиянкестер мен аурулардан емдеу де агродрон арқылы жүзеге асырылады. Шағын квадрокоптердің көмегімен шаруалар алқаптың жай-күйін анықтай алады, топыраққа сараптамасын жасай алады, бақшаны зиянкестер мен ауруларға қарсы дәрі шашып, су құя алады. Мұндай дрон 12 сағатта 150 гектар жерді қамти алады.

Атап өтейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылдың қаңтарында Римде ФАО бас директоры Цю Донгюмен кездесуінде Қазақстанда Орталық Азия үшін ФАО-ның субөңірлік кеңсесін құруды ұсынған болатын.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin