Түркістан облысындағы шағын өндірістік парк аумағында жаңа ғимараттардың құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Сауран ауданындағы шағын өндірістік паркке барып, құрылыс жұмыстарын бақылады.

Мұнда жаңа өндіріс орындарын ашу үшін инвесторларға қолайлы жағдай жасау мақсатында зауыттарға арналған жаңа ғимараттардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

Шағын өндірістік парктің құрылысы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес 30 гектар жерге орналастырылып, 3 кезеңде жүзеге асырылады деп жоспарланған.

2024 жылы 10 ғимараттың құрылысы аяқталып, 8 өндіріс орны іске қосылған болатын. Атап айтқанда, жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйесін шығаратын, сондай-ақ мектепке арналған жиһаздар, өнеркәсіптік тоңазытқыштар өндіретін кәсіпорындар жұмысын бастады.

Екінші кезеңде 13 ғимараттың құрылысын аяқтап, пайдалануға беру көзделген. Үшінші кезең тағы 16 ғимараттың құрылысын қамтиды.

Нұрбол Тұрашбеков құрылыс нысандарын мердігерлермен бірге аралап, атқарылған жұмыстарды тексерді. Облыс әкімі тарапынан берілген тапсырмалардың орындалуын қадағалап, мерзімінде аяқтауды ескертті.

Құрылыспен қатар өндірістік парк аумағын көгалдандыру жұмыстары да сараланды. Қазіргі таңда мұнда егілетін жасыл желекті суғару мәселесі толық шешімін тапты.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin