Түркістанда «Жайлы мектеп» жобасы аясында тағы бір мектеп ашылды. Екі мың оқушыға арналған білім ұясы «Жаңа қала» ықшамауданында бой көтерді. Мұнда балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен салынған білім ұясының ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен білім саласының ардагерлері қатысты.
– Еліміздің болашағы – білімді ұрпақтың қолында. Мемлекет басшысының бастамасымен бүгінгі таңда елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қабылданып, заманауи, озық үлгідегі білім ошақтары салынуда. Бұл бастама апатты және үш ауысымдық мектептер мәселесін шешіп, оқушы орындарының тапшылығын жояды. Сіздердің мектептеріңіз жай ғана жаңа ғимарат емес. Бұл – даму мен оқу үшін тамаша жағдайлар жасалған орын. Жаңа білім ордасының ашылуы құтты болсын! – деді Дархан Сатыбалды.
Аталған білім ордасы қаладағы 2 мектептегі жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Түркістан қаласының «Жаңа қала» аумағында салынған 4 қабатты білім ордасындағы физика, химия, биология және робототехника кабинеттері заманауи құралдармен жабдықталған. Білім алушылардың жан-жақты дамуы үшін мектепте спорт залдары, шеберлік залдары, зертханалар мен демалыс аймақтары ұйымдастырылған. Жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылған. Бастауыш пен жоғары сынып оқушылары жекелеген блоктарда оқиды. Балалардың жас ерекшелігіне орай блоктардың әрқайсысы оқу сыныптарымен, санитарлық тораптармен, спорт залдарымен және жеке шкафтармен қамтылған.
Айта кетейік, елімізде «Жайлы мектептердің» басым бөлігі Түркістан облысында салынуда. Қазір өңірде 29 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның үшеуі ашылып үлгерді.
Естеріңізде болса, Түркістан қаласында 25 қазан – Республика күні қарсаңында 2000 орынға есептелген алғашқы жайлы мектеп ашылды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен және қолдауымен салынған білім ұясының ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен білім саласының ардагерлері қатысты.
– Мемлекет басшысының бастамасымен бүгінгі таңда елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қабылданып, заманауи, озық үлгідегі білім ошақтары салынуда. Бұл бастама апатты және үш ауысымдық мектептер мәселесін шешіп, оқушы орындарының тапшылығын жояды. Биыл облысымызда жалпы қуаттылығы 17 800 орынды құрайтын 29 жайлы мектептің құрылысы жүргізілуде. Бүгін оның алғашқысын ашқалы отырмыз. Сіздердің мектептеріңіз жай ғана жаңа ғимарат емес. Бұл – даму мен оқу үшін тамаша жағдайлар жасалған орын. Еліміздің болашағы – білімді ұрпақтың қолында. Олардың оқуда озат болып, қоғамның барлық саласында биік белестерді бағындыруына тілектеспін. Жаңа білім ордасының ашылуы құтты болсын! – деді Дархан Сатыбалды.
Мемлекет тарапынан сапалы білім алуға барлық жағдайлар жасалуда. Оның ішінде Түркістан өңірінде ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Бүгін тапсырылған алып білім ұясы қаладағы 2 мектептегі жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Бірінші кезекте мұнда №28 мектеп-лицейінің оқушылары көшіп келді. Қазіргі таңда 66 педагог ауысу тәртібімен, 7 педагог конкурстық тәртіппен қабылданды. Оқушы санының толығуына қарай өзге де ұстаздар конкурстық рәсіммен қабылданады. Білікті ұстаздар арнайы іріктелген. Бұдан бөлек, қаржы, шаруашылық қызметкерлері жұмысқа алынған.
Түркістан қаласының Жаңа қала аумағында салынған 4 қабатты білім ордасындағы физика, химия, биология және робототехника кабинеттері заманауи жабдықтармен жабдықталған. Білім алушылардың жан-жақты дамуы үшін мектепте спорт залдары, шеберлік залдары, зертханалар мен демалыс аймақтары ұйымдастырылған. Жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылған. Бастауыш пен жоғары сынып оқушылары жекелеген блоктарда оқиды. Балалардың жас ерекшелігіне орай блоктардың әрқайсысы оқу сыныптарымен, санитарлық тораптармен, спорт залдарымен және жекешелеген кішкене шкафтармен қамтылған. Ерекше қажеттілігі бар балалар үшін инклюзивті кабинеттер, пандустар, жедел сатылар, арнайы бейімделген әжетханалар салынған.
Түркістан өңірінде білім саласына ерекше көңіл бөлініп келеді. Оқу-тәрбие жұмыстарына қолайлы жағдай жасау мақсатында облыс басшылығы барлық қажетті шараларды қабылдауда. Соның ішінде білім ошақтарының аумағы мен ғимарат ішінде оқушылардың қауіпсіздігін толықтай қамтамасыз ету басты міндеттер қатарында. Биылғы жылдың өзінде мектептер бейнебақылау, дабыл жүйелерімен қамтылып, полицияның жедел басқару орталығымен интеграцияланды.
Айта кетейік, Президенттің тікелей тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында 29 мектеп салынуда. Оған қоса облыстық бюджеттен және арнайы қордың қаржы көздерінен 20 мектеп пен 1 музыкалық мектеп бой көтеруде. Оның ішінде төртеуі ел игілігіне тапсырылып үлгерді. Қалған мектептердің құрылысы жүріп жатыр. Жалпы 14 білім нысаны биыл тапсырылса, 7 мектептің құрылысы келесі жылға өтпелі. Түрлі жобалар мен қаржыландыру көздері есебінен екі жылда 50 білім нысаны пайдалануға берілгенде өңірдегі апатты және үш ауысымды мектептер мәселесі толық шешімін таппақ.
Тәуелсіздік күні қарсаңында да Сауран ауданында жаңа мектеп есігін айқара ашты. Нысан ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған. Еңбекші диқан ауылында орналасқан білім ордасы 600 орынға шақталған.
Мектептің ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, оқушылар мен ұстаздар қауымын құттықтады. Өңір басшысы оқушыларға оқуда озат болуын тілеп, ұлттық жобаның маңыздылығына тоқталып өтті.
«Мемлекет басшысының бастамасымен бүгінгі таңда елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қабылданып, заманауи, озық үлгідегі білім ошақтары салынуда. Бұл бастама апатты және үш ауысымдық мектептер мәселесін шешіп, оқушы орындарының тапшылығын жояды. Биыл облысымызда жалпы қуаттылығы 17800 орынды құрайтын 29 жайлы мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Біз білім саласына қолдауды жалғастырамыз», деді Дархан Сатыбалды.
Оқу ұясының жабдықталуы мен қауіпсіздік деңгейі заман талабына жауап береді. Бастама еліміздегі апаттық, үш ауысымды мектептер мен орын тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған. Білім ордасы жаңа бірыңғай стандарт бойынша салынды. Мектеп физика, химия, биология және робототехника пәндері бойынша заманауи кабинеттермен жабдықталған.
Айта кетейік, биыл Түркістан облысында 50 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 29-ы «Жайлы мектеп» жобасы аясында бой көтерген.
Иә, «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында жалпы 29 мектептің құрылысы жоспарланған. Мектептердің құрылыстарына «Ұлттық қордан» 139 миллиард теңге қаралып, құрылыстары басталған. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тарапынан ұсынған жоспар бойынша 2024 жылы 16 мектеп, 2025 жылы 13 мектеп пайдалануға тапсырылуы тиіс. Аталған бағыттағы көрсеткіштер мен өзекті мәселелер облыс әкімдігіндегі мәжілісте талқыланды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды құрылысқа тапсырыс беруші, мердігерлер, жергілікті әкімдіктер мен жауапты басқарма осы жобаны уақтылы жүзеге асырып, бірлесе жұмыс істеуі керек екенін ескертті.
– «Жайлы мектеп» жобасы Президентіміздің тапсырмасымен қолға алынды. Жұмысты жауапкершілікпен атқарыңыздар. Жобаны кешіктірген мердігерлерге заң шеңберінде шара көріледі. Облыс және аудан, қала әкімдіктері тарапынан инфрақұрылым тарту, нысан соғатын жерді рәсімдеу жұмыстары жүргізілді. Ол міндетті орындаймыз. Ал «Samruk-Kazyna Construction» АҚ мен мердігерлер құрылысқа тікелей жауапты. Біз бүгін бұл жерге бір-бірімізге сын айту үшін емес, жұмысты жеделдету жолын талқылау үшін жиналып отырмыз. Мәселелерді осы жерде ашық айтыңыздар. Мердігерлер де, тапсырыс беруші де ұсыныстарын жеткізіп, жұмысты ширатуға күш салғаны дұрыс. Аудан, қала әкімдері тапсырылатын мектептердің құрылысын қатаң қадағалап, инфрақұрылым желісіне қосылуын реттеңіздер, – деді Дархан Сатыбалды.
Түркістан облыстық құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абай Тұрхановтың айтуынша, Ұлттық жоба бойынша облыстық бюджеттен 4,8 миллиард теңге қаралып, мектептерге инженерлік инфрақұрылымдар тарту жұмыстары аяқталған (гектарз, су, электр, байланыс). 7 мектепке кірме жолдардың құрылысы бітсе, 22 мектептің кірме жолдарына ауыр техниканың жұмыстары аяқталған соң, асфальт қабаттары төселеді.
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары-басқарма мүшесі Ғабит Малғаздаров, Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның Ұлттық жобаны іске асыру департаментінің Түркістан облысы бойынша өңірлік басшысы Сәкен Әшірбаев, Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның Ұлттық жобаны іске асыру департаментінің Түркістан облысы бойынша өңірлік басшысының орынбасары Асылан Өтепбергенов жобаны жүзеге асыру барысы туралы баяндады. Әрбір мәселе назарға алынып, қаржыландыру, құрылыс қарқынын арттыру бағытында тиісті жұмыс жүріп жатқанын жеткізді. Сонымен бірге мердігерлердің пікірлері де тыңдалды.
Мәжілісте құрылысы кешіккен мектеп мердігерлеріне сын-ескертпе айтылып, тиісті міндеттер жүктелді. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ өкілдеріне құрылыс қаржысы, нысанды қабылдап алуға қатысты мәселелерді шешу жөнінде тиісті ұсыныстар берілді. Аудан, қала әкімдеріне де тиісті міндеттер жүктелді.
Өңірде «Жайлы мектеп» жобасын жүзеге асыру жұмыстары жалғасады. Онда 20 мыңнан астам оқушы білім алатын болады. Заманауи талаптарға сай жабдықталған білім ошақтары Президент бастамасымен салынып жатыр. Барлық жауапты басшылардың басын қосқан Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды құрылыс барысын пысықтап, жұмысты ширатуды тапсырды.
– Басты назар – сапада. Жұмысты жеделдетіп, дер кезінде тапсыру керек. Ашылуға дайын мектептердің инфрақұрылым желісіне қосылуын жіті қадағалаған жөн. Ерекше жобаның құрылысы қатаң бақылауда тұр, – деді облыс әкімі.
Жиналыста ауыл мен қалада бірыңғай жобамен салынып жатқан білім ұяларының құрылыс барысы туралы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Ұлттық жобаны іске асыру департаментінің Түркістан облысы бойынша өңірлік басшысы Сәкен Әшірбаев баяндады. Мәлімдеуінше, жыл соңына дейін кестеге сәйкес жоспарланған мектептер толық тапсырылады.
Сондай-ақ мердігерлердің пікірі тыңдалып, тиісті тапсырмалар жүктелді. Жаңа мектептердің инфрақұрылымы бойынша әр мердігерден жеке-жеке есеп алынды.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы Қазақстанда білім беру инфрақұрылымын заманауи талаптарға сәйкестендіру және оқушыларға жайлы орта қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан ауқымды бастама. Жобаның басты ерекшелігі — мектептердің жаңа стандарттарға сәйкес, инновациялық технологиялармен жабдықталып, функционалды әрі оқушының қажеттіліктеріне бейімделген форматта салынуы.
Жобаның негізгі артықшылықтары:
- Бастауыш және жоғары сыныптар үшін жеке блоктар қарастырылған.
- Әр блоктың өз асханасы, спортзалы, және санитарлық тораптары бар.
- Балаларға жеке заттарын сақтауға арналған шкафтар орнатылады, бұл ауыр сөмкелерді тасу мәселесін жеңілдетеді.
Заманауи жабдықтау:
- Кабинеттер заманауи интерьермен жабдықталып, экологиялық стандарттарға сай жасалады.
- Физика, химия, биология және робототехника пәндері бойынша арнайы зертханалық кабинеттер орнатылады.
- Touch-экрандар мен жылдам интернетке қосылу мүмкіндігі қарастырылған.
Әлеуметтік қолдау және инклюзивтік:
- Ерекше білім алуға мұқтаж балалар үшін арнайы жағдайлар жасалады.
- Әр қабатта тынығу алаңдары қарастырылып, балалардың менталды денсаулығына көңіл бөлінеді.
- Денсаулық пен қауіпсіздікке басымдық:
- Оқушылар үшін трансформер-парталар мен таза ауызсу фонтандары орнатылады.
- Әр блокта балалардың жас ерекшеліктеріне қарай лайықталған дәретханалар қарастырылған.
Жайлы экологиялық орта:
- Жобаның экологиялық жүйесі балалардың денсаулығын сақтауға және қоршаған ортаға зиян келтірмеуге бағытталған.
- Бұл жобаның маңызды нәтижесі – апатты жағдайдағы мектептер мен үш ауысымдық оқу мәселесін шешу, сондай-ақ, ауылдық және қалалық мектептер арасындағы сапалық алшақтықты азайту. Осындай жаңашыл бастамалар Қазақстанның білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді.
Бұл бағдарлама жаңа оқу ғимараттарын салу, оқушыларға сапалы білім беру жағдайын жақсарту және білім саласындағы инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге бағытталған.
- Түркістанқаласында жоба бойынша 2025 жылдың аяғына қарай 8 мектеп салынуы керек. Қазір 3 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.
- Арысқаласында жоба бойынша 2025 жылдың аяғына қарай 2 мектеп салынуы керек. Қазір 1 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.
- Сарыағашқаласында жоба бойынша 2025 жылдың аяғына қарай 3 мектеп салынуы керек. Қазір 2 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.
- Жетісайқаласында жоба бойынша 2025 жылдың аяғына қарай 4 мектеп салынуы керек. Қазір 2 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.
- Кентауқаласында жоба бойынша 2025 жылдың аяғына қарай 2 мектеп салынуы керек. Әзірге мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмеген.
- Шардарақаласында жоба бойынша 2025 жылдың аяғына қарай 2 мектеп салынуы керек. Қазір 2 мектептің де құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.
- Сонымен қатар, Бәйдібек би және Қазығұртаудандарында 1 мектептен жоспарланған, бүгінде Бәйдібек би мектепте балалар білім алып жүр.
- Келесауданында жоба бойынша 2025 жылдың аяғына қарай 5 мектеп салынуы керек. Қазір 3 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.
- Жетісай ауданында жоба бойынша 2025 жылдың аяғына қарай 2 мектеп салынуы керек. Қазір 1 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.
- Мақтааралауданында жоба бойынша 2025 жылдың аяғына қарай 5 мектеп салынуы керек. Қазір 2 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.
- Ордабасыауданында жоба бойынша 2025 жылдың аяғына қарай 5 мектеп салынуы керек. Қазір 1 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.
- Сарыағашауданында жоба бойынша 2025 жылдың аяғына қарай 7 мектеп салынуы керек. Қазір 1 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.
- Сауранауданында жоба бойынша 2025 жылдың аяғына қарай 3 мектеп салынуы керек. Қазір 1 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.
- Сайрамауданында жоба бойынша 2025 жылдың аяғына қарай 3 мектеп салынуы керек. Қазір 1 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.
- Төле биауданында жоба бойынша 2025 жылдың аяғына қарай 4 мектеп салынуы керек. Қазір 3 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.
- Түлкібасауданында жоба бойынша 2025 жылдың аяғына қарай 2 мектеп салынуы керек. Әзірге мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмеген.
Сонда жоспар бойынша, 2025 жылдың аяғына қарай Түркістан облысында 59 мектеп салынуы керек.
Еске салайық, бұған дейін бұл бағдарлама аясында Түркістан облысында биыл 29 мектептің құрылысы жоспарланғаны белгілі болды. Ол үшін «Ұлттық қордан» 139 миллиард теңге бөлінген. Жоспар бойынша 2024 жылы 16 мектеп, 2025 жылы 13 мектеп пайдалануға тапсырылуға тиіс.
Білім беру саласындағы «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы апатты мектептерді, үш ауысымдық оқытуды және орта білім беру ұйымдарындағы оқушы орындарының тапшылығын жоюға бағытталған.
Мақсатқа жету үшін екі негізгі міндетті орындау көзделіп отыр:
- Қалалар мен ауылдық елді мекендерде оқушы орындарының қазіргі және болжамды тапшылығын жою үшін 2026 жылға дейін кемінде 740 мың (екі ауысымды оқыту кезінде) жаңа оқушы орнын пайдалануға беру;
- Ұлттық жоба шеңберінде қолданысқа тапсырылатын мектептерде жайлы және қауіпсіз білім беру ортасын құру.
Үкімет Қаулысына сәйкес, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ ұлттық жобаны іске асыру аясында орта білім беру ұйымдары нысандарының нысаналы құрылысы жөніндегі Дирекция ретінде айқындалды.
Қаулыда Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бірлесіп әзірлеген тапсырмасына сәйкес «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі үйлестіруші — дирекция «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамы 300, 600, 900, 1 200, 1 500, 2 000, 2 500 білім алушыға арналған орта білім беру ұйымдарын жобалауды жүзеге асырылатыны жазылған.
Сондай-ақ, Қаулыға сәйкес жаңа орта білім беру ұйымдары нысандарының құрылысы тапсырыс беруші функциясын атқаратын Дирекция арқылы жүзеге асырылатын болады.
Оны іске асыру келесіні көздейді:
- жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабы 1-тармағы 15-тармақшасына және 36-бабы 1-тармағына сәйкес ұлттық жобаны іске асыру аясында орта білім беру нысандарының құрылысы кезеңіне Дирекцияға жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беруді;
- мектеп құрылысы жоспарланған жер учаскесіне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тарту мүмкіндігін;
- орта білім беру ұйымдарының жаңа нысандарын салуға, «дайын күйде» жаңа оқушы орындарын қолданысқа беруге байланысты тауарлар мен көрсетілетін қызмет түрлерін сатып алуды көздейді.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Дирекцияға келесі жауапкершілік жүктелген:
- ұлттық жобаның бірыңғай стандарты бойынша қайта қолдануға жарамды, мемлекеттік сараптама ұйымының ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысын алған 37 жобалық-сметалық құжаттаманы (5 климаттық/сейсмикалық аймақтар үшін мектептердің 6 түрі бойынша, бір климаттық/сейсмикалық аймақ үшін 2500 оқушы орнына шақталған 1 мектеп түрі бойынша, 6 жеке жоба) әзірлеу, жобаларды жергілікті жерге байланыстыру арқылы қайта қолдану;
- ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі міндеттемелерді орындау;
- салынып жатқан/салынған нысандардың ұлттық жобаның және жобалау тапсырмасы талаптарына сәйкес келуі;
- ұлттық жоба шеңберінде жаңа оқушы орындарын қолданысқа тапсыру жоспарын сақтау;
- ұлттық жобаны іске асыру бойынша ұсынылатын ақпарат пен құжаттаманың дұрыс және толық болуы.
Білім беру саласындағы «Жайлы мектеп» пилоттық жобасы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен қолға алынған еді. Орта білім саласындағы бұл бастама бүгінде өзінің нәтижесін анық көрсетіп отыр. 2022 жылы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жайлы мектеп» пилоттық жобасын әзірлеуді бұйырған. Жаңа жоба орта білім беру саласындағы үш негізгі мәселені шешуге бағытталған:
- апатты мектептерді жою;
- үш ауысымды оқытуды жою;
- оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешу.
«Жайлы мектеп» жобасы аясында 2023-2025 жылдар аралығында барлық өңірлер мен республикалық маңызы бар қалаларда 369 орта білім беру нысанын салу жоспарланған еді. Олардың бірқатары бүгінде пайдалануға беріліп, балаларды оқытуды бастап та кеткен.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.