Түркістан облысы: Созақ ауданында кәсіпкерлік бастама арқылы 39 азамат жаңа жұмыс орнымен қамтылады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен аймақта жұмыспен қамту шаралары күшейтіле түсті. Созақ ауданында жеке инвестициялық жоба негізінде ашылатын жаңа жұмыс орындарына жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған 4 жақты серіктестік Меморандумына қол қойылды.

Бірінші тараптан Созақ ауданы әкімідігі, екінші тараптан Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп, туризм және ауыл шаруашылығы басқармалары, үшінші тараптан «Жаңа Қазақ Елі» АӨК, ЖК «Әмреева Р.Ә», ЖК «Сейдахметұлы Т», ЖК «Күзенбаев Ж.С» және ЖК «Биимбетов Н», төртінші тараптан Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ өзара серіктестік мақсатында меморандумға қол қойды. Нәтижесінде 39 адам жұмыспен қамтылатын болды.

Шара барысында Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков инвестициялық жобалардың және оның аудан экономикасы мен халықты жұмыспен қамтуға тигізетін маңыздылығын атап өтті.

Түркістан облысының «Еңбек мобилділігі орталығы» КММ директоры Абзал Дәулетәліұлы кәсіп иелеріне істеп жатқан жұмыстарына табыс тілей отырып, кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетіндігін және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуға шақырды.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin