Түркістан облысында ауыл шаруашылығы санағын жүргізуге көмектесу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен ауыл шаруашылығы санағын жүргізуге көмектесу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Ауыл шаруашылығы санағының негізгі кезеңіне дайындық барысын Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Нұрқожа Бекжанов баяндады. Баяндамашы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, аудан-қала әкімдіктері тарапынан елді мекендердің картографиялық материалдары ұсынылғанын, электрондық карталардың нұсқасы толық жолданғанын мәлімдеді.

Ал, “Мекенжай тіркелімі” ақпараттық жүйесіндегі әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізбесі мен шекараларын, көшелердің атауын өзектендіру және нақтылау бүгінгі таңда Жетісай мен Отырар аудандарында ғана аяқталғанын хабарлады.

Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы 2 кезеңде өтеді. Осыған орай, Листинг кезеңі өтетін 6 қалада 6 нұсқаушының және 34 сұхбатшының, 1 тамыз бен 20 қазан аралығында өтетін негізгі кезеңде 153 нұсқаушы мен 636 сұхбатшының қоғамдық көліктерде тегін жол жүруін қамтамасыз ету жайы да көтерілді.

Нұрбол Тұрашбеков аудан-қала әкімдерінің орынбасарларына санақ учаскелерінің ашылуы мен көше шаруашылықтарын ретке келтіру бойынша дайындықты мерзімінен кешіктірмей аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, баяндамада көрсетілген кемшіліктерді тез арада жойып, орындалуы бойынша есеп ұсынуды жүктеді.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin