Түркістан облысында білім саласына бағытталған “Инновациялық жобалар” жәрмеңкесі өтті

Жаңашылдық білім беру саласының алдында тұрған жаңа міндеттерді сәтті орындаудың негізгі шарттарының бірі болып саналады. Оқушылардың озық білім алуы — басты назарда. Осы мақсатта Түркістан облысы әкімі Дархан Амангелдіұлының бастамасымен Түркістанда білім саласына бағытталған “Инновациялық жобалар” жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Еркін форматта жүргізілген шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Дәулетұлы қатысып, жоба жасаушылардың жаңа жұмыстарымен танысты.

«Балалардың мультимедиялық форматта білімін жетілдіретін заман талабына сай жаңашылдықтар менеджменттік қабілетті арттырып, мұғалімдердің кәсіби біліктілігіне серпін бермек. Осы арқылы балалардың да сабаққа деген зейіні артады» — дейді Бейсенбай Тәжібаев

Жәрмеңке 5 бағытта жүргізілді. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмысын жетілдіріп, мемлекеттік қызмет көрсетуді цифрландыруды көздейді. Оқу-әдістемелік үдерісті оңтайландырып, жаңа әдісті интеграциялау арқылы балаларды қауіпсіз, қызықты тәсілдермен білімге құштар ету қажет. Нәтижесінде Түркістан облысының білім сапасы одан ары артады деген сеніміміз мол.

Өңірдегі білім беру ұйымдарында “Е-асхана”, “Е-Кітапхана”, “BilimLand”, “Face ID” сынды автоматтандырылған жүйелер пилоттық тұрғыда тексеруден өтіп, оңтайлы нәтижесін берді. Жәрмеңкеге “Алақан” жобасы, “Tolem”, “MATATALAB” роботы, “IoT board”, «Codrone» робототехникалық құралдары көрсетіліп, түрлі басылымдар мен логикалық «Intellectum» виртуалды ойындар сынды жаңа технологиялар ұсынылды. Бүгінгі жиында көрсетілген тың идеяларды басқармадан бастап, білім бөлімдері, әдіскерлер мен мектеп директорларымен бірге шешім қабылдап, талқыланады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin