Түркістан облысында жаңа оқу жылына дайындық жіті бақылауда тұр

Бүгін Түркістан облысы білім басқармасында кеңейтілген аппарат жиыны өтті. Бұл басқосуға басқарма басшысының міндетін атқарушы Жандос Маханбетұлы төрағалық етіп, жаңа 2024-2025 оқу жылына дайындық жұмыстарын пысықтады.

Жиынға басқармадағы салалық бөлім басшылары мен аудан/қалалық білім бөлімдерінің басшылары қатысты. Күн тәртібінде бірінші кезекте күрделі, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан білім мекемелерінің жоспарға сәйкес өз уақытында аяқталуы сөз болды. Бастысы инфрақұрылым жұмыстары сапалы орындалуын қадағалап, мердігер мекемеден нақты сметада көрсетілген жұмыстарды өз деңгейінде талап ету қажет, — деді Жандос Маханбетұлы.

Сондай-ақ, жиын барысында қатты отыннан табиғи газға ауыстырылып жатқан мектептердің де жай-күйі басты назарда екендігі және де білім алу процессіне әсер етпей, оқу жылы басталғанға дейін аяқталу керектігі түсіндірілді.

Балалар сапалы әрі қауіпсіз білім алуы қажет. Бейнебақылаудан бастап, мекеменің қоршауы, турникет пен SOS батырмаларының жұмыс істеп тұруын тексеріп, арнайы күзет қызметінің жұмысын күшейту тапсырылды.

Жиын барысында облыстық Тамыз кеңесіне дайындық туралы да айтылды. Жаңа форматта өтетін дәстүрлі кеңеске бүгінде қызу жұмыстар жүргізілуде.

Бұл кезек күттірмес тапсырмалар жиынға қатысушыларға үлкен жауапкершілік жүктейді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin