
Еңбек нарығын дамыту – әлеуметтік тұрақтылықтың негізгі факторы. Түркістан облыстық Еңбек мобильділігі орталығы 2024 жылды жоғары нәтижемен аяқтап, 2025 жылға арналған стратегиялық жоспарды іске асыруға кірісті.
2024 жылы:
Тұрақты жұмысқа орналасқандар: 51 951 адам
Қоғамдық жұмысқа жолданғандар: 15 362 адам
Әлеуметтік жұмыс орындары: 4 880 орын
Күміс жас бағдарламасымен жұмысқа орналасқандар: 2 441 адам
Алғашқы жұмыс орны арқылы жұмысқа кіргендер: 2 069 адам
Жастар практикасы арқылы жұмыспен қамтылғандар: 8 636 жас
Мүгедек азаматтарға арналған квота бойынша жұмысқа орналасқандар: 264 адам
Мемлекеттік грант иегерлері: 1 779 адам
Кәсіптік оқуға жолданғандар: 20 адам
“Бастау бизнес” бағдарламасымен оқығандар: 5 364 адам
Жаңа жұмыс орындары: 3 722 орын
“10 000 тұрғынға 100 жаңа жұмыс орны” бағдарламасы аясында: 25 116 жаңа жұмыс орны құрылды.
Одан бөлек, Халықаралық серіктестік аясында:
Ұлыбритания, Қатар, Оңтүстік Корея елдерінде заңды түрде жұмысқа орналасуға көмектесетін Алдын ала даярлық орталығы іске қосылды. Қазіргі таңда тұрғындар бұл қызметті белсенді түрде пайдалануда. Өңіраралық ынтымақтастық және әлеуметтік серіктестік:
Солтүстік Қазақстан облысының Қандастар мен қоныс аударушылар орталығының делегациясы Түркістанға арнайы сапармен келіп, тәжірибе алмасу шараларын өткізді.
Орталық директоры Абзал Дәулетәліұлы жастар ресурстық орталықтарының директорларымен және жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту бағытында жаңа жобаларды қолға алды.
2025 жылға арналған жоспар:
57 221 азаматты тұрақты жұмысқа орналастыру;
11 052 жасқа еңбек тәжірибесінен өтуге мүмкіндік беру;
22 595 жаңа жұмыс орнын ашу.
Тұрақты еңбек – тұрақты экономика кепілі!
Мемлекеттік саясаттың басым бағыты – әр азаматтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.