Түркістан облысында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс 50%-ға төмендеді

Түркістан облысында жыл басынан бері кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс 50%-ға төмендеген.


Бұл жайында Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Ұлықбек Мылтықов ҚР ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес өткізілген брифингте айтып өтті.

«Балалардың құқығын қорғау шаралары» туралы брифинг Түркістан облысы бойынша кәмелет жасына толмағандар арасындағы қылмыстардың алдын алу, болдырмауға, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі мен міндетіне, ұрпақ тәрбиесіндегі ескерер маңызды жайттарға арналды.

«2 ай қорытындысымен Түркістан облысында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар 50%, яғни, 32-ден 16-ға төмендеді. Сонымен қатар, ювеналдық полиция тобының қызметкерлерімен жалпы 1467 әкімшілік хаттама толтырылды. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, олардың жыныстық тиіспеушілігіне қол сұғушылық, қорқытып алушылық, қоғамға қарсы іс-әрекетке тарту, қоғамдық орындарда, жолдарда және бейтаныс адамдармен қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларын оқыту мақсатында, жыл басынан мүдделі мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың, жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарта отырып, жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілді»,-деді Полиция полковнигі.

Брифинг барысында облыс көлемінде жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдырмау мақсатында атқарылып жатқан тындырымды тірліктер айтылды.

Полиция мен халық арасындағы кері байланысты нығайтып, ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған брифинг апта сайын өткізіледі.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

4 Comments

  1. Hey! Do you know if they make any plugins to assist
    with SEO? I’m trying to get my blog to rank for some targeted keywords but
    I’m not seeing very good results. If you know of any please share.
    Thank you! I saw similar blog here: AA List

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.