Түркістан облысында 25 мамыр күні мектеп түлектерінің қатысуымен «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты іс-шара мектеп қабырғасында өткізілді. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев облыс орталығында орналасқан №28 мектеп-лицейіндегі соңғы қоңырау рәсіміне қатысып, жас түлектерге жылы лебізін білдірді.
«Еліміздің болашағы — сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан әр кезде терең білім алу жолында жалықпай, талмай, ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызды тілеймін», — деді Бейсенбай Дәулетұлы
Аяқталған оқу жылы Түркістан өңірі үшін де жемісті жыл болды. 2023-2024 оқу жылында 32306 оқушы 11-сыныпты тәмамдады. Оның 1727-і «Алтын белгі» белгісіне үміткер болса, 2466 оқушы жалпы орта білім беру туралы «Үздік аттестатқа» үміткер атанды. Ал ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 27 340 оқушы өтінім білдірген.
2023-2024 оқу жылындағы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиадаға қатысушы командалардың сапалық рейтингі бойынша Түркістан облысы 2-ші орынды иеленді. Ал жарытылыстану бағыты бойынша 4-ші орын алды.
2023-2024 оқу жылында халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жоба байқауларының облыстық кезеңіне жалпы 3293 оқушы қатысып, 1481 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Республикалық кезеңіне 286 оқушы жіберілді. Нәтижесінде 144 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Халықаралық олимпиадаларға 24 оқушы қатысып, 5 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
9-11-ші сыныптарға арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың 2022-2023 оқу жылындағы республикалық кезеңіне облыстан 65 оқушы қатысып, 19-ы (29%) жүлделі орынға ие болса, 2023-2024 оқу жылында 74 оқушы қатысып, 30 (40%) жүлделі орынға ие болды. Бұл көрсеткіш 11 пайызға өскен.
Түркістан облысында нашақорлыққа қарсы жаппай күрес айы басталды. Жиын халықаралық нашақорлық және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған. Шараның ашылуына облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Түркістан облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов арнайы қатысты.
«Түркістан облысында «Есірткісіз болашақ!» ұранымен нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы айлық іс-шарасы басталды. Облыс жастары мен балалар арасында есірткіге қарсы иммунитет және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатындағы шараның маңыздылығы бөлек. Еліміздің өркендеуіне, дамыған елдердің қатарына қосылуына және денсаулығы мықты елді қалыптастыру жолында және киелі қаламыздың дамуына аянбай еңбек етіп, баршаңызды Жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырамын», — деді Бейсенбай Тәжібаев.
Облыста 2024 жылдың 4 айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 289 дерек анықталған. Оның ішінде есірткі сату бойынша 12 дерек, есірткіні контрабандалық жолмен тасымалдау бойынша 64 жайт тіркелген. Заңсыз айналымнан 116,6 келі есірткі заттары тәркіленді. Сондай-ақ биылғы 3 айда синтетикалық есірткіні жарнамалаған 60 ақпараттық сайт бұғатталған.
Шара соңында мектептің үздік оқушылары арнайы марапатталып, өнерлі оқушылар патриоттық әндер шырқап, мың бұралған бишілер көременнің ыстық ықылысына бөледі.
Осы ретте Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының құттықтауын да назарларыңызға ұсына кетейік. «Ардақты ұстаздар! Құрметті оқушылар мен мектеп бітіруші түлектер!
Сіздерді тағы бір оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтаймын!
Мектеп – үлкен өмірге қадамды нықтайтын кеме, білім – теңіз. Сіздер білім теңізінде желкендеріңізді керіп, жарқын болашаққа адымдап барасыздар.
Біз де оқушы болдық, ұстаз тәлімін алдық. Сондықтан 25 мамырда соғылатын «соңғы қоңыраудың» орны айрықша.
Биыл облыста 32306 оқушы 11-сыныпты бітіреді. Оның 1727-сі «Алтын белгі» белгісіне үміткер болса, ал жалпы орта білім беру туралы «Үздік аттестатқа» 2466 үміткер бар. Сондай-ақ 9-сыныпты 45416 оқушы бітірмек. Негізгі білім туралы «Үздік аттестатқа» 4540 үміткер тіркеліп отыр. ҰБТ-ға 27340 оқушы қатысуға өтінім білдірген.
Қадамдарыңызға сәттілік тілеймін! Армандарыңызға жетіңіздер!
Ұлағатты ұстаздар!
Білімді ұрпақ өсіруде еткен еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер. Абыройларыңыз асқақ, мерейлеріңіз үстем болсын!
Мектеп бітіруші түлектер!
Жылдар бойы алған білімдеріңіз бен бойға сіңірген тәрбиелеріңіз өмір бойы сіздерге азық болсын! Жаңа өмірге қадамдарыңыз оң болсын! Ата-аналарыңыз бен ұстаздарыңыздың үмітін ақтаңыздар! Сәттілік!» — деді өңір басшысы.
Ал облыстық білім басқармасы «Құрметті мектеп бітіруші жас түлектер, қадірлі ұстаздар, ата-аналар!
Сіздерді Соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Соңғы қоңырау мерекесі – бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты оқиға, ең маңызды сәт!
Бүгін Сіздер балалықтың бал шағын артқа тастап, үлкен өмірдің табалдырығын аттағалы отырсыздар. Осы жауапты кезеңде өздеріңіздің 11 жыл бойы алған білімдеріңізді дұрыс қолданып, дұрыс таңдау жасауларыңыз аса маңызды.
Екі нәрсе өмір бойғы еңбегіңнің босқа кетпеуін қамтамасыз етеді екен, олар: Ісіңде қабілетті болу және жақсы көретін жұмысыңды істеу. Сондықтан, әрдайым сын сағаттан сүрінбей өтіп, армандаған мамандықтарыңның иесі атануларыңа тілектеспіз!
Сіздерге тәлім-тәрбие беріп, білімдар азамат болып өсу жолдарыңда ұстаздар қауымының орны ерекше екені сөзсіз.
Ұстаз алдында бүкіл адамзат бас иіп, тағзым етеді. Өйткені, шәкірттеріне білім, тәрбие беріп, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздардың еңбегі зор.
Сіздерді алда үлкен сын күтіп тұр. Ұлттық бірыңғай тестілеуді жақсы тапсырып, өздеріңіз қалаған оқу орнына түсіп, ел игілігі үшін қызмет ететін маман болуларыңызға тілектеспіз!
Үлкен өмір жолына бастар қадамдарың сәтті болсын!
Бәріңе ақ жол тілейміз!» — деп құттықтау жолдады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.