Түркістан облысында су тапшылығын жоюға бағытталған ауқымды жұмыстар жүзеге асып, ағын су мәселесі сауатты шешілуде.
Облыс орталығы шөлейтті аумақта орналасқандықтан қаланың микроклиматын өзгерту үшін қала көшелерін суландыру жүйесі іске қосылды. Түркістан қаласы аумағындағы аудандарда су тапшылығын шешу мақсатында, ірі су нысандарының құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде «Түркістан магистралды каналында күрделі жөндеу», «Кеңсай – Қосқорған-2» су қоймасын салу, «Жетікөл көлдер жүйесін жаңғырту» жобасы жүзеге асырылуда. Бұдан бөлек, ағын су тапшылығының тәуекелділігі әлі де жоғары екенін ескеріп, «Сырдария өзенінен машиналық арна салу» және «Сарқырама» су қоймасын салу жоба¬лары әзірленіп жатыр.
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бұл жобалардың Түркістан өңірін кепілді ағын сумен қамтамасыз ететін болатынына сенімді. Өңір басшысы атқарылып жатқан жұмыс барысын пысықтады. Жүргізіліп жатқан жаңа суландыру жүйелерімен танысып, жауапты басшылалға тиісті нұсқаулар берді. Суландыру жүйесі Түркістан қаласындағы Құлан ақын көшесі мен Яссы көшесі аралығындағы көшелерге, Ақан сері көшесі мен Ынтымақ көшесі аралығындағы көшелерге, Яссы мен Б.Саттарханов даңғылы аралығындағы көшелерге жүргізілген. Сондай-ақ облыс әкімі Батыс-Қытай тас жолы мен Жібек жолы көшесі аралығындағы шаруашылық каналын абаттандыру және Майкотов көшесіндегі каналды «Денсаулық саябағы» алдындағы каналға қосу жұмыстарымен танысты.
Түркістан қаласын дамыту бағдарламасына сәйкес абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңмен жүргізілуде. 2025 жылдың соңына дейін шаһар толығымен абаттандырылады. Ағын суды үнемдеу үшін «ақылды технологиялар» пайдаланылады. Қаладағы қуарған жерлерге қуат бітіп, бос жатқан жерлерге ағын су келе бастады. Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тікелей тапсырмасымен, жергілікті бюджет есебінен 134 тік дренажды ұңғымаларды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Осылайша, агросаланың алаңы артып, егіс алқаптарын суландыру мәселесі шешіліп келеді.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
Hi there, just became alert to your blog through Google, and found that
it’s really informative. I am gonna watch out for brussels.
I’ll be grateful if you continue this in future.
Many people will be benefited from your writing. Cheers! Escape roomy lista
If some one needs expert view about blogging after that i
recommend him/her to pay a quick visit this blog, Keep up the
pleasant work.
This web site certainly has all the info I wanted about this subject and didn’t
know who to ask.
Environmental concerns are at the forefront of many industries which is why the stainless-steel sector
is no exception. I’ve been researching the life cycle analysis of stainless steel products which has yielded results that are encouraging.
The high recycling rate, coupled with the long lifespan of stainless steel products can significantly
reduce the environmental impact of the material.