Түркістан облысында өткен жылы 235 млрд 744 млн теңге салық өндірілді

Түркістан облысында өткен жылы 235 млрд 744 млн теңге салық өндіріліп, мемлекеттік кіріс органдары қызметін бағалау тиімділігінің көрсеткіші бойынша елімізде үздік нәтижеге қол жеткізген.


Бұл туралы Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Дулат Нұрмолдин мәлімдеді.

Дулат Нұрмолдиннің айтуынша, өңірде мемлекеттік бюджет жоспары 102,4% орындалған.

«Пандемияға байланысты бюджеттің кірісіне төленуі тиіс 8 млрд 771,8 млн теңге сомадан салық төлеушілер босатылды. 2020-2022 жылдарға микро және шағын бизнес субъектілері – 4 млрд 877,1 млн теңге, дара кәсіпкерлер – 8 млрд 948 млн теңге және әлеуметтік салық – 3 млрд 208,2 млн теңге түсімдер бойынша салықтан босатылған. Аталған салықтардың орнын толтыру мақсатында және мемлекеттік бюджеттің кіріс жағын ұлғайту бағытында департамент тарапынан салықтық және кедендік әкімшілендіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде қосымша кіріс көздерінен 40 млрд 675 млн теңге анықталып, өндірілген», — деді Дулат Нұрахметұлы.

Сонымен қатар, Салық кодексіне сәйкес, 42 307 көлік салығынан және 50 472 салық төлеуші мүлік салығынан босатылған. 59 239 салық төлеуші жер салығынан босатылған. Ағымдағы жылы департаментке республикалық 1414 «Бірыңғай Байланыс орталығының» функциясы беріліп, салық төлеушілердің өтініштері қабылдануда.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.