Түркістан облысында 50 инструкторлық учаске құрылды

Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов Түркістан облысының 2021 жылдың Ұлттық санағына дайындық жұмыстарымен танысты.


Ең алдымен ол Өзбекстанмен шекаралас тұрған Жетісай ауданына барды. Онда қазір 4 инструкторлық учаске жұмыс істеуде. Бюро төрағасы бірінші кезең персоналымен жеке тілдесті. Сондай-ақ, Мақтаарал, Келес және Сарыағаш аудандарына барып, ондағы жағдайды көзімен көріп қайтты.

«Тек санақтық аудандастырудың дұрыс жүргізілуі ғана халықтың санақ кезінде толық есепке алынуын қамтамасыз етеді», — деп атап көрсетті Ұлттық статистика бюросының басшысы.

Дайындық кезеңі шеңберінде тұрғын үйлердің (пәтерлердің) және тұрғын үй ретінде пайдаланылатын тұрғын емес орынжайлардың тізімі нақтылануда. Бұл негізгі кезеңді жүргізу үшін қажет, сол арқылы халық санағының негізгі кезеңінде санақ қызметкерлеріне берілетін жүктеменің мөлшерге сай болуы, халық саны мен аумақтың нұсқаушылық және тіркеу учаскелерінің тең бөлінуі қамтамасыз етіледі.

Түркістан облысында 50 нұсқаушылық учаске құрылған. Ұлттық санаққа дайындық және өткізу жөніндегі нұсқаушылармен (уәкіл 126 адам) еңбек келісім шарты жасалған. Сондай-ақ, нұсқаушы-бақылаушылармен, интервьюерлермен ақылы қызмет көрсету келісім шарты жасалды. 522 адамнан тұратын барлық қызметкер (126 уәкілетті, 50 нұсқаушы-бақылаушы, 346 интервьюер) тәжірибелік оқу-жаттығудан және одан кейін статистика департаментінің базасында тестілеуден өтті.

Интервьюер ретінде басқа қызмет түрлерінен босатылған барлық ниет білдірушілер ерікті негізде қабылданды. Санақ қызметкерлерін жинау кезінде Департаменттің әлеуметтік желілерінде және сайтында, халықты жұмыспен қамту орталығының және «Электронды еңбек биржасы» АЖ-нің әлеуметтік желілерінде хабарландырулар берілді.

Қазіргі уақытта барлық санақ қызметкерлері толықтай орынжаймен, компьютермен, жиһазбен қамтылған. Компьютерлер Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік орталығына (МО БКО) қосылған. Әрбір қызметкер жеке қорғаныс құралдарымен қамтылған. Қалалық қоғамдық көлікте тегін жүру мәселесі шешілген. Барлық нұсқаушылық учаскеге учаскелік полиция инспекторы бекітілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, Түркістан облысында интервьюерлер 370 423 түрғын және адамдар тұруы мүмкін тұрғын емес орынжайларды аралауға міндетті.

2021 жылдың Ұлттық санағының негізгі кезеңі 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында жүреді. Оған онлайн режимінде де, дәстүрлі тәсілмен де қатысуға болады. 2021 жылдың санағының ұраны — «Қазақстанда әркім маңызды! В Казахстане каждый важен!».

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

31 Comments

  1. Howdy! Do you know if they make any plugins to assist with SEO?
    I’m trying to get my site to rank for some targeted keywords but I’m not seeing very good gains.
    If you know of any please share. Thanks! I saw similar article here:
    Hitman.agency

  2. I have to thgank you for the efforts you’ve put in writing this site.
    I am hoping to chgeck out the same high-grade ccontent from you later on as well.
    In truth, your creative writing abilities has encouraged me to get my
    own, personal site now 😉

  3. I’m impressed, I must say. Rarely do I encounter a blog that’s both equally educative and entertaining, and without a doubt, you’ve hit the nail on the head. The problem is something not enough people are speaking intelligently about. I am very happy I found this in my hunt for something concerning this.

  4. Hi, I do think this is an excellent website. I stumbledupon it 😉 I will come back once again since i have book marked it. Money and freedom is the best way to change, may you be rich and continue to help others.

  5. I have been browsing online greater than 3 hours as of late, but I by no means discovered any interesting article like yours. It’s lovely value sufficient for me. In my view, if all webmasters and bloggers made just right content material as you did, the web will likely be a lot more helpful than ever before!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.