Нақтырақ айтсақ, «TURAN» арнайы экономикалық аймағында «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешенінің» қазығы қағылды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС-нің директоры Сюй Цзе мақтаны терең өңдеп, дайын өнімді экспортқа шығаратын көпсалалы кешеннің капсуласын салды. Аймақ басшысы бұл жобаның әлеуметтік маңыздылығын айта келе, мақта шаруашылығын жаңа деңгейге шығаратын жаңа бастамаға сәттілік тіледі.
Келер жылы жүзеге асатын жобаның құны 146,8 миллиард теңгені құрайды. Толық циклді тоқыма фабрикасының құрамында жіп иіретін, мата шығаратын, бояп, өңдейтін 11 цех салынады. 2000-нан аса жаңа жұмыс орны ашылады. Жоспар бойынша жылына 13000 тонна иірілген жіп, үйге арналған 50 миллион метр тоқыма бұйымдарын, 7 миллион төсек-орын жиынтығын шығарады. Өндіріс орнының қуаттылығы жыл сайын артып отырады.
Мақта-тоқыма кластерін дамытуға бағытталған өндіріс орнының құрылысын «Xinjiang Lihua Group Co., LTD» компаниясы қолға алды. Компания әлемге танымал «Louis Vuitton», «Gucci» брендтерімен тікелей жұмыс істейді. Алдағы уақытта Түркістанда шығаратын жіптер мен маталарды әйгілі брендтерге сатуды көздеп отыр.
Түркістан облысы – елімізде мақта өсіретін жалғыз өңір. Облыста мақта-тоқыма кластерін құру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде шитті мақтаны сатудан бөлек, мақта талшығын терең қайта өңдеуге басымдық берілуде. Елімізде бәсекеге қабілетті тоқыма және тігін өнеркәсібі дамымағандықтан, шитті мақтаны сату бағасы экспорт нарығына тәуелді болып отыр.
Өзекті мәселені шешу үшін облыс әкімінің тапсырмасымен өткен жылы «Мақта шаруашылығын дамытудың және мақта-тоқыма кластерін қолдаудың 2027 жылға дейінгі өңірлік жол картасы» бекітілді. Оған сәйкес 4 бағытта, егістікті әртараптандыру, тұқыммен қамтамасыз ету, жаңа технологияларды енгізу, мақта кластерін құру бойынша ауқымды жұмыс жүргізіледі. Нәтижесінде 2027 жылға дейін 9 мақта кластерін құру көзделген. Нәтижесінде мақта бағасына тәуелділік жойылмақ.
Түркістан облысында жылда 100 мың гектарға мақта дақылы егіліп, 300 мың тоннадан астам өнім жиналады. Өңірде егістікті әртараптандыруда өнімділікті жаңа технологиялар есебінен ұлғайтуға басымдылық берілуде. Осы мақсатта Қытай тәжірибесі негізінде биыл Арыс қаласы және Жетісай, Сауран, Ордабасы аудандарында 2,5 гектар алқапқа элиталы сортты мақта егілді. Бұл технология суды, энергияны, еңбек ресурстарын және минералды тыңайтқыштарды үнемдей отырып, гектарынан 60-65 центоннаерден өнім алуға мүмкіндік береді. Бұл облыстың орташа көрсеткішінен 2,5 есеге жоғары. Шаруалардың айтуынша, нәтижесі таңғаларлықтай.
Мақта-тоқыма кластерін дамыту мақсатында 2023 жылы Мақтаарал ауданында «Cotton Мақта» ЖШС мақта өңдеу зауыты жобасы жүзеге асырылды. Замануи қытайлық технологиямен жабдықталған мақта өңдеу зауыты өткен жылы 40 мың тонна шитті мақтаны қабылдады. Бұдан бөлек, облыста Қытай және Өзбекстан инвесторларының қатысуымен 223,5 миллиард теңгені құрайтын 2 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.
Айта кетейік, Түркістан қаласының инвестициялық әлеуетін жоғарылату мақсатында 2018 жылғы құрылған «TURAN» арнайы экономикалық аймағының аумағы – 3987,39 гектар, 6 қосалқы аймақтан тұрады.
Бүгінгі таңда «TURAN» АЭА инвестициялық портфелі жалпы құны 530,085 миллиард теңгені құрайтын 129 жобадан тұрады. Оның ішінде 214,55 миллиард теңгеге 28 жоба іске асырылды. Бүгінде 353,87 миллиард теңгеге 95 жоба іске асырылуда. Одан бөлек, «TURAN» АЭА өнеркәсіптік субзоналарының аумағында 41,083 миллиард теңгеге қатысушылар ретінде 13 өнеркәсіптік жоба тіркелді. Атап айтқанда, «BASPOLYMER» ЖШС, «Туран Жол» ЖШС, «Gesso Tech» ЖШС, «QazEcoPack» ЖШС, «PSI Mineral Technologies» ЖШС, «Панель Систем КЗТ» ЖШС, «Exclusive Stroy Montazh» ЖШС, «ТуркестанТемирБетон» ЖШС, «Kentau Red Star» ЖШС, «АЛТЫН ДАЛА МАҚТА» ЖШС, «Многопрофильный Кентауский Завод» ЖШС, «ER-QAN» ЖШС, «Sayat Technology» ЖШС.
Бұл аймақта 6 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Барлық жобалар іске қосылғанда 7 221 жаңа жұмыс орны құрылады. Сондай-ақ қазіргі уақытта 2,5 мың жұмыс орнын құрайтын, жалпы сомасы 175,72 миллиард теңгенің 13 инвестициялық жобасы пысықталуда.
«TURAN» АЭА қатысушылары жер және мүлік салығынан, импортқа кедендік баждардан, корпоративтік табыс салығынан, жерді жалға алу төлемінен, қосылған құнға салынатын салықтан босатылады.
Соның арқасында бүгінгі таңда «TURAN» арнайы экономикалық аймағында бірқатар өнеркәсіп орындары өз жұмысын бастады. Түркістанды индустриялық және инвестициялық орталық ретінде дамытуға арналған ерекше алаңның инвестициялық портфельінде қазіргі таңда 550 миллиард теңгені құрайтын 137 жоба бар. Олар еліміздің өндірістік әлеуетін арттырып, аймақтық экономиканы әртараптандыруға ықпал етеді. Дәл осындай маңызды жобалардың бірқатары түнеугүні БАҚ өкілдеріне ұйымдастырылған пресс-тур аясында таныстырылған болатын.
Ең алдымен журналистер «PSI Mineral Technologies» ЖШС – тау-кен-металлургия кешеніне арналған ауыр жабдықтар өндіретін зауытқа барды. Бұл жоба жалпы 8,33 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартқан. Жоба толық іске қосылғанда 200 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Қазірдің өзінде зауыт құрылысына 95% жергілікті тұрғындар, яғни Түркістан облысының тұрғындары тартылған. Зауыт ғимаратынан өзге, мұнда асхана мен 120 жатын орны бар жұмысшыларға арналған жатақхана салынып жатыр.
Баспасөз туры барысында журналистер «Алтын дала мақта» ЖШС – ПВХ құбырларын өндіру зауытымен танысты. 6,7 миллиард теңге сомасында іске асырылып жатқан бұл жобаның болашақтағы өндірістік қуаты жоғары. Бүгінде зауыт тамшылатып суаруға арналған құбырларды шығаруда.
Пресс-тур аясында тілшілер қауымы «Түркістан мақта-агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС – мақта кластерін құру бойынша ірі жобаны аралап көрді. Келер жылы жүзеге асатын жобаның құны 146,8 миллиард теңгені құрайды. Толық циклді тоқыма фабрикасының құрамында жіп иіретін, мата шығаратын, бояп, өңдейтін 11 цех салынады. 2000-нан аса жаңа жұмыс орны ашылады. Жоспар бойынша жылына 13000 тонна иірілген жіп, үйге арналған 50 миллион метр тоқыма бұйымдарын, 7 миллион төсек-орын жиынтығын шығарады. Өндіріс орнының қуаттылығы жыл сайын артып отырады.
Мақта-тоқыма кластерін дамытуға бағытталған өндіріс орнының құрылысын «Xinjiang Lihua Group Co., LTD» компаниясы қолға алды. Компания әлемге танымал «Louis Vuitton», «Gucci» брендтерімен тікелей жұмыс істейді. Алдағы уақытта Түркістанда шығаратын жіптер мен маталарды әйгілі брендтерге сатуды көздеп отыр.
«TURAN» АЭА аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар аймақтағы жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, өңірдің өндірістік әлеуетін арттыруда маңызды рөл атқарады. Бұл жобалар ел экономикасын әртараптандыру және инвестиция тарту бағытындағы тиімді қадам болып есептеледі.
Жалпы «TURAN» арнайы экономикалық аймағы 2018 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №693 Қаулысына сәйкес құрылған. Аймақтың негізгі миссиясы – Түркістан қаласының экономикалық және инвестициялық әлеуетін арттыру, оны Түркі әлемінің рухани және іскерлік орталығына айналдыру. «TURAN» АЭА жалпы аумағы 3987 гектарды құрайды және 6 негізгі, қосалқы аймақтан тұрады.
Шетелдік инвестор демекші, Түркістан облысында сауда-саттық байланысын орнату бағытында, қытайлық инвесторлар ауыл шаруашылығы саласын дамытуға үлес қосуға ниетті. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен кездесуде айтылды. Келіссөз барысында Джан Жин Лан мақтаның қытайлық сортын егіп, мақта өңдеу зауыты мен текстил фабрикасын салуға инвестор болуға дайын екендігін жеткізді.
Өз кезегінде бидай, жүгері дақылдарынан мол өнім алу бағытында жұмыс істеуді көздеп отырған делегация, Қытай еліне экпорт жасау мәселесін де жолға қоймақ. Егістік алқабында суды үнемдеу, жаңа технологиялар арқылы егін егу бойынша қытайлық технология пайдаланылады.
«Өңірімізде мақта және жүгері, соргоның өнімділігін арттыру мақсатында 2 жылдан бері демонстрациялық алаңдар жұмыс істеуде. Пилоттық жобаның тиімділігін түсінген кәсіпкерлер химиялық тыңайтқыштардан бас тартып оргектарникалық негізде егін егуде. Облыс аумағында 2200 гектар. мақта алқабында 322 шаруа мақтаның түркиялық сортын өсіруде. Біз өз тарапымыздан кәсіпкерлерге және инвесторларға әрқашан көмектесуге дайынбыз», — деді Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев.
«Мақта капитал» ЖШС бас директоры Ғалымжан Пердешов инвесторлармен бірлесіп жұмыс істеуге әзір екендігін жеткізді. Бүгінде саурандық кәсіпкер шетелдіктердің тамшылатып суғару әдісімен 500 гектар егістік жерге жүгері және бидай егу бойынша ұсынысын қабыл алған.
Қазіргі таңда Түркістан облысында 22 мақта өңдеу зауыты мен 200-ден астам мақта қабылдау бекеті жұмыс істейді. Шаруалар мақтаның 17 түрлі сортын егіп, өнім алуда. ҚР АШМ ғылым академиясының «Білім тарату оралығы» жетекшісі, палата жанындағы «Агро кеңес беру орталығы» жетекшісі Нұрлыбек Боранбаев инвесторларға егін егуде агротехнология талаптарын сақтап, дақылдарды органикалық негізде өсіруге маңыз берілуі қажет екендігін атап өтті.
Жалпы, 2024 жылы Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дақылдары 870 мың гектарға орналастырылды. Егіс құрылымын қалыптастыруда рентабельділігі жоғары дақылдарға басымдылық берілуде. «Тыңайтқыштардың құнын субсидиялау» бағдарламасымен аванстық төлем жүйесі ендіріліп, отандық тыңайтқыштар 60% субсидияланды. Нәтижесінде егіс алқаптарына 141,4 мың тонна тыңайтқыштар енгізілді. «Тұқым шаруашылығын қолдау» бағдарламасымен субсидиялау нормативтері 1,5 — 2,0 есеге дейін ұлғайды.
Көктемгі дала және күзгі жиын терім жұмыстарын жүргізуге 63 мың тонна жеңілдетілген жанар-жағар май бөлінді. Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға қол жеткізілді. Биыл 929,0 мың тонна. дәнді дақылдар, 3,5 миллион тонна. көкөніс-бақша өнімдері, 192,0 мың тонна. жүзім жиналды. 5,5 миллион тонна мал азығы дайындалды.
Ағымдағы жылы тәжірибе негізінде 1,9 мың гектарға жаңа әдіспен мақта дақылы егілді. Технологияның тиімділігі — суды, энергияны, еңбек ресурстарын және минералды тыңайтқыштарды үнемдей отырып, гектарына 60 центоннаерден өнім алуға мүмкіндік береді. Бұл облыстың орташа көрсеткішінен 2,5 есеге жоғары.
Облыстың климаттық ерекшелігі қарқынды бау және жылыжай шаруашылығын дамытуға өте қолайлы. Өңірде қарқынды баудың көлемі 5,7 мың гектарды құрайды. Өнімділік дәстүрлі бауларға қарағанда 5 есеге жоғары немесе 300-350 центоннаерге дейін өнім жинауға мүмкіндік беріп отыр.
Жылыжайлардың жалпы көлемі 1 640 гектар, жиналған көкөніс 150 мың тонна (республикалық көрсеткіштің 71 %). Бұл маусымаралық кезеңде жергілікті өніммен республика халқы қажеттілігінің 42% қамтамасыз етеді.
Инвесторлар соңғы үш жылда субтропикалық банан, лимон өнімдерді жылыжайларда өсіру технологиясын үйреніп, кеңінен қолдануға көшті. Биылғы жылы жылыжай шаруашылықтарынан 1,3 мың тонна банан, 3,2 мың тонна лимон өндірілді.
Ағымдағы жылы, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы жылдық 5 % мөлшерлемемен қолжетімді лизингтік бағдарламаcын іске қосты. 9 айда жаңадан 1603 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынып, жаңалау үлесі 6,3 пайызды құрады.
Жоғарыда айтқанымыздай, Түркістан облысында мақта шаруашылығын дамытуға басымдық берілуде. Бұл бағытта толық циклді 9 мақта-тоқыма кластерін құру жұмыстары басталды. Мақта өнімділігі мен сапасын арттыру жұмыстары Ордабасы ауданында да атқарылып жатыр.
Жуырда Ордабасы ауданына іссапар барысында облыс әкімі Дархан Сатыбалды Төрткүл ауылында орналасқан мақта өңдеу зауытының жұмысымен, ондағы техникалармен танысты. Облыс әкімі өңірде мақта кластерін құру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын айтып, өнім сапасын арттыруға, инвесторлар тартуға жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Зауыт басшысы жаңа жобаларды таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Оның айтуынша, кәсіпорында өнімділікті және мақта сапасын арттыру мақсатында түркиялық ұрықтар егіледі. Келесі жылдан бастап 250 гектар аумаққа тамшылатып суару техникаларын ендіру көзделіп отыр. 2025-2026 жылдары зауыт қайта жаңғыртудан өткізілмек. 2027 жылы мақта кластерін құру жоспарлануда.
«Нұр-Агро 73» ЖШС мақта талшығын өндіреді. Жоба құны – 255,0 миллион теңге. Өндіріс қуаттылығы жылына – 35 000 тонна. Жеке кәсіпкер 300-ден аса азаматты жұмыспен қамтып отыр.
2023 жылы мақта зауытында 18 мың тонна мақта өңделіп, 6 мың тонна мақта талшығы Балтық жағалауы елдеріне, Ресей және Беларусь мемлекеттеріне экспортқа шығарылған.
Айта кетейік, Түркістан облысы республикада мақта дақылын өсіретін жалғыз өңір. Мақта шаруашылықтарында 25 мың агроқұрылымда 70 мыңға жуық адам еңбек етеді. Биыл мақта дақылының егіс көлемі 106,4 мың гектарды құрады. Бұл жалпы егістіктің 12 пайызы саналады.
Тағы бір атап өтер мәселе, Түркістан облысында тағы бір ірі өндірістік кешен салынады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды инвесторлармен кезекті кездесу өткізіп, жаңа жоба барысын жан-жақты талқылады. Нәтижесінде, облыс әкімдігі мен «Qingdao Wanlin Food Co» азық-түлік компаниясы басшылығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Келісім аясында көкөніс базасы Түркістан облысындағы индустриалды аймақта орналасады. Онда көкөніс кептіретін, яғни пияз және сарымсақтан өнім түрлері мен биологиялық белсенді қоспалар және мал азығын шығаратын өндірістік кешеннің құрылысы жоспарланған. Жоба құны 30 миллион АҚШ долларын құрайды. Дегидрленген көкөніс зауыты бар замауани кешен құрылысының бірінші кезеңінде 50 мың тонна дайын өнім өндіріледі.
Жаңа өндіріс орнының іске қосылуы өңір халқының әл ауқатын жақсарта түспек. Ең бастысы – жаңа жұмыс орындары ашылады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жаңа жобаның сәтті жүзеге асуына тілектестік білдіріп, инвесторларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтты.
«Wanlin Group» 1991 жылы құрылған, компания қарттарға күтім жасау және азық-түлік өндірісі секілді екі негізгі бағытта жұмыс істейді. Компания «Nestle», «Unilever», «Kerry» және т. б. ірі серіктестермен жұмыс істейді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.