Ақмола облысында Түркістан өңірінің агротуризм және экотуризм бағыты бойынша мүмкіндіктері таныстырылды.
Табиғи және мәдени көрікті жерлерге бай Түркістан облысы туристерді тарту үшін бұл ресурстарды қалай тиімді пайдалануға болатынын көрсетті. Агротуризм туристерге ауыл өмірінің дәстүрлерімен танысуға, ауыл шаруашылығы жұмыстарына қатысуға, жергілікті өнімдердің дәмін татып, оны өндіруді үйренуге мүмкіндік береді. Бұл бағыт табиғат пен салауатты өмір салтын сүйетіндерді қызықтырып қана қоймайды, сонымен қатар жергілікті шаруа қожалықтарына қолдау көрсетіп, олардың дамуына өз үлесін қосады.
Түркістан өңіріндегі экотуризм табиғаттың сұлулығына зиян келтірмей ләззат алғысы келетіндерге бірегей мүмкіндіктер ұсынады. Өңірдегі қорықтар, саябақтар және басқа да табиғи орындар жаяу серуендеуге, құстарды бақылауға және басқа да ашық ауада іс-шараларға арналған әртүрлі маршруттарды ұсынады. Табиғи тепе-теңдікті сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінеді. Кешегі Ақмола облысындағы көрсетілімдер Түркістан облысының туристік әлеуетін кеңінен насихаттауға, жаңа қонақтар мен инвесторларды тартуға, сондай-ақ өңіраралық байланысты нығайтуға және бүкіл ел бойынша туризмді дамытуға ықпал етеді.
«Jana dala/Green day 2024» атты мамандандырылған көрме-демонстрациясы Ақкөл ауданында екі күн қатарынан өтті. Оған ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, АҚШ, Франция, Германия елшілері және Қазақстан мен шетелдің 200-ден астам компаниясының өкілдері қатысты. Бірінші күні ауыл шаруашылығы саласының үздіктері марапатталды.
Іс-шараның екінші күнінде арнайы киіз үйлер тігіліп, әр аймақтың агросала және туризм саласындағы әлеуеттері таныстырылды. «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығының Бас директоры Серік Сандыбаев ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевқа киіз үйде орналасқан агротуризм саласындағы өнімдерді таныстырды. Мұндай презентациялар шара қатысушылары мен қонақтарына еліміздің әртүрлі аймақтарының бірегей ұсыныстары мен мүмкіндіктерімен жақсырақ танысуға мүмкіндік берді. Киіз үйге Түркістан өңіріне тән түрлі ауыл шаруашылығы өнімдері мен қолөнер бұйымдары қойылды. Аймақтағы агротуризмге жергілікті шаруа қожалықтарына бару, органикалық өнімдердің дәмін тату, дәстүрлі ауылшаруашылық жұмыстарына қатысу және жергілікті тұрғындардың мәдениеті мен тұрмысымен танысу кіреді. Бұл ұсыныстар органикалық өнімдер мен дәстүрлі өмір салтына қызығушылық танытатын туристерді тартады.
Көрмеде пайдаланылған киіз үйлер де қазақ халқының мәдени мұрасы мен салт-дәстүрін бейнелеп, қонақжайлылық пен жайлылық атмосферасын қалыптастырды. Оларда қонақтар аймақтың туристік әлеуетін біліп қана қоймай, қазақ мәдениетінің рухын сезіне алды. Мұндай іс-шаралар агротуризм мен экотуризмді ілгерілетуде, сондай-ақ өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуда маңызды рөл атқарады. Олар ішкі туризмге қызығушылықты арттыруға көмектеседі және Қазақстанның ауыл шаруашылығы мен туризм индустриясын дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Түркістан облысынан консерві өнімдері, тосаптар, жеміс пюрелері, «Dala Fruit KZ» тарапынан жеміс шырындары қойылды. Жалпы өңірде өндірілетін өнімдердің қатары көп. Әрі сапасы да жоғары. Тұрақты тұтынушылар қатары да артып келеді. Сонымен қатар екі өңірдің туристік мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, ішкі туризмді дамыту мақсатында ақпараттар беріліп, туристік орындары таныстырылды. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ермек Боранбайұлы өз сөзінде Түркістан облысы туризм бағытын сөзбен емес, істеп дамытып жатқан өңір екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, Түркістанның туристік мүмкіндігін жоғары бағалады, онда агротуризмді де,и экотуризмді де дамытуға мүмкіндік мол екенін айтып өтті. Бүгінде туризм саласын дамытуға баса көңіл бөлінуде. Оның ішінде ішкі туризмді дамытуға басымдық берілмек. Сонымен қатар екі өңірдің туристік мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, ішкі туризмді дамыту мақсатында ақпараттар беріліп, туристік орындары таныстырылды.
Ермек Боранбайұлы өз сөзінде Түркістан облысы туризм бағытын сөзбен емес, істеп дамытып жатқан өңір екенін айтып, Түркістанның туристік мүмкіндігін жоғары бағалады.
Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, агротуризм – негізгі туристік бағыттардың бірі екені көрсетілген.
Бүгінде еліміздің әр өңірінде әр өңірдің әлеуеті мен мүмкіндіктерін, соның ішінде туризм саласын таныстыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылуда. Мұндай іс-шаралар ішкі туризмді дамытып қана қоймай, экономикалық өсуге және аймақтар арасындағы мәдени әлеуетін алмасуға ықпал етеді.
Айта кетейік, аталған көрме 2013 жылдан бері дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келеді. Көрме қазақстандық және шетелдік агробизнес өкілдері арасында танымал және саладағы озық әзірлемелерді көрсету, тәжірибе алмасу, отандық, шетелдік ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер арасындағы іскерлік байланыстарды дамыту үшін тиімді алаңға айналған. Сонымен қатар көрме қазақстандық өнімдерді әлемдік нарықтарға шығаруға, аграрлық нарыққа инвестицияларды тартуға ықпалын тигізеді.
Қатысушылар ең жаңа технологиялармен, ауыл шаруашылығы әдістерімен таныса алады, сондай-ақ ынтымақтастық перспективалары мен өзара тиімді жобаларды талқылай алады.
Көрмені жыл сайын өткізу саладағы кәсіпқойлық деңгейін арттыруға көмектеседі, жаңа технологияларды енгізуді және өндірістік процестерді жетілдіруді ынталандырады. Агроөнеркәсіптік кешен өкілдері бұл шараны жаңа серіктестер табуға, өткізу нарығын кеңейтуге және халықаралық аренадағы ұстанымдарын нығайтуға пайдалана алады. Сонымен қатар, көрме қазақстандық өнімді әлемдік нарыққа шығаруда маңызды рөл атқарады. Ол отандық тауар өндірушілерге экспорттық байланыс орнатуға және ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тартуға көмектеседі. Бұл өз кезегінде ел экономикасының өсуіне, қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және ұлттық азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.
Осылайша, бұл көрме Қазақстанның ауыл шаруашылығының дамуына үлес қосып қана қоймай, халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, жаңа экспорттық мүмкіндіктерге жол ашып, ауыл шаруашылығы нарығына инвестиция тартуда. Сонымен қатар, туризм саласының қарқынды дамуына да өзіндік үлесін қосуда.
Атап өту керек, Түркістан облысы тарихи және мәдени мұраға бай және ашық аспан астындағы өзіндік мұражай болып табылады. Облыс аумағында 1780 тарих және мәдениет ескерткіші, оның ішінде 1 халықаралық маңызы бар объект (Қ.А.Ясауи кесенесі), 40 республикалық маңызы бар ескерткіш, 403 жергілікті маңызы бар ескерткіш және 1336 объект туризм нысандары бар.
Сондай-ақ, облыста туристтерге арналған 220 орналастыру орындары бар. Олар: қонақ үйлер, хостелдер, демалыс аймақтары, балалар лагерлері және 72 санаториялық-курорттық ұйымдар да жұмыс істейді.
Бұдан басқа, облыс аумағында 4 ерекше қорғалатын табиғи объектілер орналасқан. Олар: ЮНЕСКО биосфералық объектілерінің тізіліміне енгізілген «Ақсу-Жабағылы» және «Қаратау» қорықтары, сондай-ақ «Сайрам-Өгем» ұлттық табиғи паркі және «Сырдария-Түркістан» өңірлік табиғи паркі де туристтерге қызметтер көрстеді.
2023 жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысына келген туристтер саны 562,8 мың адамды құрады. Ал, 2022 жылы 470,9 мың адам келген. Оның ішінде, орналастыру орындарымен 272,9 мың адамға қызмет көрсетілген. Ал, 2022 жылы 253,4 мың адамға қызметтер көрсетілген. Табиғи аумақтар келушілер саны 126,6 мың адамдарды құраса, 2022 жылы 74,9 мың адамды құраған. Емдік-сауықтыру орындарында демалғандар 163,2 мың адам болса, 2022 жылы 142,4 мың адам демалған.
2023 жылдың қорытындысына сәйкес орналастыру орындарымен көрсетілген қызметтер көлемі 5,58 миллиард теңгені құраса, 2022 жылы 5,0 миллиард теңгені құраған.
Бұдан бөлек, 2024 жылдың 4 айының қорытындысына сәйкес өңірге біркүндік келушілер саны 258 331 мың адамды құраған. Оның ішінде, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі – 190,121 мың адам, «Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық-музейі – 680,210 мың адам.
Ресми статистикалық деректерге сәйкес, 2024 жылдың 4 айының қорытындысына сәйкес туризм саласындағы негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 10.6 миллиард теңгені құрады.
2024 жылы жалпы туризм саласы бойынша облыс аумағында жалпы соммасы 20,18 миллиард теңгені құрайтын 27 туристік инвестициялық жоба жүзеге асыру жоспарлануда.
Атап айтқанда, «Lords Heir» қонақ үйі, «Khan Palace 2» қонақ үйі, «Yassy Hall and Apartments» қонақ үйі, «Болашақ құрылыс» ЖШС-нің демалыс аймағы және т.б. нысандар ағымдағы жылдың соңына дейін іске асыру жоспарланған.
Айта кету керек, 2023 жылы облыстың туризм саласына 53,5 миллиард теңге инвестиция тартылды.
2023 жылы инфрақұрылымды жақсарту мақсатында туристік нысандарға барар жолдарды жөндеу бойынша жалпы соммасы 10,6 миллиард теңгені құрайтын 7 жоба іске асырылды.
Оның ішінде, Түркістан-Қарнақ бағытындағы және Самара-Шымкент жолдары жөндеуден өткен.
Аталған бағытта биыл жалпы сомасы 17,6 миллиард теңгені құрайтын 19 жоба жүзеге асыру көзделуде. Оның ішінде, Түркістан-Арыстанбаб және Сауран қалашығына құрылыс алаңын орнату секілді жобалар қамтылған. Жобалардың аяқталуы мерзімі 2024-2025 жылдарға жоспарланған.
Түркістан облысы республиканың сауықтыру туризмі дамыған өңірлерінің бірі болып табылады.
Қазіргі уақытта облыс аумағында 75 емдеу-сауықтыру орны жұмыс істейді. Емдік-сауықтыру ұйымдарының нөмірлік қоры 12 622 төсек-орынды құрайды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша облыс аумағындағы емдік-сауықтыру орындарында 163.8 мың адамға қызмет көрсетілді, бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 115,0%-ға өсті (142,4 мың адам).
Айта кету керек, Түркістан облысындағы емдік-сауықтыру туризмі әлеуетінің басым бөлігі Сарыағаш ауданы Көктерек ауылында орналасқан. Облыс аумағындағы 75 емдік-сауықтыру орнының 51-і немесе 68,0% Көктерек кентінде жұмыс істейді. Жыл сайын елді мекендегі емдік-сауықтыру ұйымдарының саны өсуде. 2023-2025 жылдар аралығында — 8,0 миллиард теңге
Жыл сайын елді мекендегі емдік-сауықтыру ұйымдарының саны өсуде. 2023-2025 жылдар аралығында 7,5 миллиард теңге құрайтын 6 емдеу-сауықтыру ұйымының құрылысы жүргізілуде.
Соңғы жылдары экологиялық туризм бүкіл әлемде трендқа айналған. Өңірде де экологиялық туризм қарқынды дамып келеді. Айтар болсақ, 2024 жылдың 4 айының қорытындысына сәйкес табиғи аумақтар келушілер саны 6,3 мың адамды құраған. Ал, 2022 жылы – 74,9 мың, 2023 жылы 126,6 мың адам келген.
Қазіргі таңда облыс бойынша табиғи аумақтарда және оған іргелес Төлеби, Түлкібас аудандарында 99 демалыс орны, 62 қонақ үй, 12 шипажай, 6 киіз үй, 1 аңшылар үйі орналасқан.
Бүгінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туристік-рекреациялық мақсатта 30 туристік соқпақ пен маршруттар құрылған. Олар «Сайрам-Өгем» – 11, «Қаратау» – 2, «Ақсу-Жабағылы» – 10, «Сырдария-Түркістан» – 7.
«Қаратау» мемлекеттік табиғи қорығында эколгиялық туризмді дамыту мақсатында 22,0 гектар жер телімі қарастырылған. Аталған аумақта 2 туристік маршрут құрылған. Маршруттың жалпы ұзыдығы – 44 шақырым. Маршрут бойында 14 ақпараттық стенд, 16 жол көрсеткіш, 9 орындық, 10 қоқыс орны, 4 әжетхана, 1 шолу алаңы жабдықталған.
«Сайрам-Өгем» МҰТП аумағының 11,7 % немесе 17519 га жер телімі рекреациялық және туристік қызмет аймағы болып саналады. Аталған аумақта келушілерге арнап 11 туристік соқпақ ұйымдастырылған. Қазіргі таңда, парк аумағындағы жалпы ауданы 343,2 гектар 29 жер телімі туристік және рекреациялық мақсатта пайдалануға берілген. Жер пайдаланушылар есебінен парк аумағында 6 демалыс үйі, 1 аңшылар үйі, 2 киіз үй жұмыс атқарады.
Түркістанға келетін халықаралық әуе рейстерінің санын арттыру мақсатында Венгрияның «Wizz Air» авиакомпаниясымен «Түркістан – Әбу-Даби (БАӘ)» әуе бағыты бойынша рейстерді іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілген. Рейстер аптасына 2 реттік жиілікпен А-321 заманауи ұшақтарымен орындалды. Қазіргі таңда әуекомпанияның сұрауы бойынша облыстың туристік әлеуетін ілгерілету мақсатында 2024 жылға 60 миллион теңге қаржы қаралды.
Алғашқы рейс 2024 жылдың 16 қаңтарында жүзеге асырылды. Қазіргі таңда, рейске билеттер сатылымы әуекомпанияның ресми сайтына шығарылған.
Ағымдағы жылдың 5-7 наурыз күндері Германия Федеративтік Республикасы Берлин қаласындағы халықаралық көрмеде Түркістан облысының туристік әлеуеті таныстырылып, 18 наурызда «Түркістан — Түркі әлемінің туристік астанасы» туристік маусымының ашылу салтанаты өткізілді. Іс-шара аясында қала тұрғындары мен қонақтарына қол күресі, гір тасын көтеру, кеуде тартылысы сынды ұлттық спорттық ойындар мен қызықты байқаулар ұйымдастырылған.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 22-24 наурыз аралығында Орталық Азия елдері арасындағы туризм ынтымақтастығын жандандыру мақсатында Самарқанд қаласында роуд-шоу ұйымдастырылып, Түркістан облысының туристік әлеуеті таныстырылды.
Түркістан облысының делегациясы «2024 жыл Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы» аясында ағымдағы жылдың 28-29 наурыз аралығында Бейжің қаласында Қытайдағы Қазақстанның туризмі жылының ресми ашылуы іс-шарасына қатысып, өңірімізге туристерді тарту бойынша екі елдің туристік операторлары байланыс орнатты.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 30 наурыз күні «Наурыз fest» мерекелік концерттік бағдарламасы ұйымдастырылып, өңіріміздің тарихын, мәдениетін және туристік әлеуетін кеңінен таныстырылды және қатысушыларға облыстың туризм бағытын қамтыған жарнамалық-үлестірме құралдары, брендтік өнімдері ұсынылды.
2024 жылдың 24-26 сәуір күндері аралығында Алматы қаласында өткен «KITF — 2024» Қазақстандық халықаралық туристік көрмесінде Түркістан облысының туристік әлеуеті таныстырылды.
Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың 14 мамыр күні Ұлыбритания елінен келген 9 жетекші туристік операторларға Түркістан облысының туристік нысандары бойынша ақпарат тур ұйымдастырылып өткізілді.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 15-16 мамыр күндері Италия елінің БАҚ өкілдері және туристік операторларына облыстың туристік нысандары бойынша ақпарат тур ұйымдастырылып өткізілді.
Түркістан облысы бойынша республикалық маңызы бар автомбиль жолдары бойында жер телімдерінде 115 жол сервис нысаны және демалыс алаңдарындағы 8 санитарлық гигиеналық торап орналасқан, сондай ақ жеке инвесторлар тарапынан 2024 жылы Ордабасы ауданы 2, Бәйдібек ауданы 1, Төле би ауданы 1, Қазығұрт ауданы 1 санитарлық гигиеналық торап салу жоспарлануда.
Сонымен қатар, Бәйдібек ауданында жергілікті бюджет есебінен 4 санитарлық-гигиеналық торап орнатылуда (Ақмешіт 2, Домалақ ана 1, Бәйдібек ата 1).
Түркістан облысы бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 24 демалыс алаңы бар, олардың қарқындылығы тәулігіне 3700-ден астам автокөлікті құрайды,
сондай-ақ 5 жыл мерзімге инвесторлармен ағымдағы жылдың соңына дейін санитарлық-гигиеналық тораптарды орнату үшін 5 (бес) жауапты сақтау келісімшартын жасасу жоспарланған.
2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап туризм саласындағы кәсіпкерлік субъектілерді 7 мемлекеттік қолдау шаралары қабылданған.
Оның ішінде, 4 мемлекеттік қолдау шарасы жергілікті әкімдік тарапынан жүзеге асырылады. Олар:
- Туристік қызмет объектілерініңқұрылысын субсидиялау (10%);
- Жол бойындағы сервис объектілерініңқұрылысын субсидиялау (10%);
- Санитарлық-гигиеналық тораптардыкүтіп-ұстауды субсидиялау (ай сайын 83 300 теңге);
- Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне көлік құралдарын(сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiз орнынан асатын автомобиль) сатып алуын субсидиялау (25%);
- Мемлекеттік қолдау шаралары бойынша түскен өтінімдер:
- 2022 жылы – 1 өтінім(СГТ, өтінімге бас тартылған);
- 2023 жылы – 22 өтінім.Оның ішінде, туристік нысан – 13, транспорт – 4, СГТ – 4, ЖСО – 1 (оң шешім алғандар СГТ – 3 (2,4 миллион теңге), туристік нысан – 2 (35,9 миллион теңге), жол бойындағы сервис – 1 (12,0 миллион теңге).
- 2024 жылы – 22 өтінім.Оның ішінде, туристік нысан – 14, СГТ – 4, жол бойындағы сервис – 3, транспорт — 2 (оң шешім алғандар жалпы саны – 12, оның ішінде: туристік нысан – 8 (429,2 миллион теңге), СГТ – 3 (3,25 миллион теңге), жол бойындағы сервис – 1 (46,7 миллион теңге).
«ANYQ.KZ»-ақпарат.