Түркістан облысының агроөнеркәсіп кешенінің дамуы бірінші жартыжылдықта республика бойынша алғашқы орынға шықты

Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов мәлімдеді.

«Алдымен экономикалық өсімге келсек, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 
216,9 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен 25,3 миллиард теңгеге артып, нақты көлем индексі 107,1% жетті. Сөйтіп, республикада бірінші орынға тұрақтады» — дейді ол.

Оның ішінде:

— өсімдік шаруашылығы 41,4 миллиард теңге (109,0 %);

— мал шаруашылығы 171,2 миллиард теңге (106,9 %).

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 58,2 миллиард теңге инвестиция тартылып, 1,4 есе (136,3 %), тамақ өнімдерінің негізгі капиталына 11,1 миллиард теңге инвестиция тартылып, 2,4 есе (237,3 %) артты.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортына келсек, 153 миллион АҚШ долларына 502 мың тонна өнім экспорталып, тиісті кезеңнен 112,4 % ұлғайды (136,1 миллион АҚШ доллары). Оның ішінде:

— Өсімдік шаруашылығы 369,4 мың тонна (39,1 миллион АҚШ доллары);

— Мал шаруашылығы 9,5 мың тонна (24,3 миллион АҚШ доллары);

— Қайта өңдеу 122,9 мың тонна (89,6 миллион АҚШ доллары).

 Өсімдік шаруашылығында да ілгерілеу бар. Ағымдағы жылы облыста ауыл шаруашылығы дақылдары 873 мың гектарға (2023 жылы – 870 мың гектар) орналастырылды.

 Оның ішінде: жаздық дақылдар — 497 мың гектар, күздік егіс — 202 мың гектар, ескі жоңышқа — 175 мың гектар.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыруда рентабельді дақылдарға өту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда, масақты дақылдар 8 мың гектарға
(281 мың гектар), мал азықтық дақылдар 6 мың гектарға (230 мың гектар), көкөніс, картоп, бақша дақылдары 3 мың гектарға (129 мың гектар) артығымен орналастырылса, мақта дақылының егіс алқабы 11 мың гектарға (100 мың гектар), майлы дақылдар 6 мың гектарға (77 мың гектар) қысқартылды.

Облыстың ерекшелігіне орай, республикада алғашқы болып 282 мың гектарға егілген астықты ору науқаны Түркістан облысында басталды.

 Гектар түсімділігі 25 центнерден 705 мың тонна дән жинау күтіліп отыр (2023 жылы — 17,1 центнер/гектар, 466 мың тонна).

2024 жылдың 15 шілдесіндегі жағдайға жоспарланған егіс көлемінің 179 мың гектары орылып, 448 мың тонна астық жиналды.

Сондай ақ, ағымдағы жылы 3,1 миллион тонна көкөніс, бақша, картоп өнімдері жиналады. Бүгінгі күнге 462 мың тонна — көкөніс, 273 мың тонна — бақша, 234 мың тонна — картоп және 70 мың тонна — жеміс-жидек өнімдері.

Ауа райының жауын-шашынды болуына байланысты 1,5 жылдық мал азықтық қорды қамтамасыз етуге мүмкіндіктер бар.

Мал қыстату кезеңіне 5,1 миллион тонна мал азығын жинау жоспарланып, бүгінгі күнге 3,6 миллион тонна  мал азығы жиналды немесе 72% орындалып отыр. Оның ішінде: табиғи шөп – 1,9 миллион тонна, жоңышқа 1,6 миллион тонна, пішендеме – 74,0 мың тонна, сабан – 104,0 мың тонна.

Облыста 25 367 бірлік техника бар. Оның ішінде 12 175 трактор, 1 667 комбайн және 11 525 тіркеме мен агрегаттар бар. Инвестициялық субсидия және кредит/ауыл шаруашылығы техникаларының лизингі сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бағдарламалы техникалар паркін жыл сайын 5-6 пайызға жаңалауға мүмкіндік берді.

Ағымдағы жылдың 6 айында жаңадан 739 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды.

Облыс су үнемдеу технологияларын ендіру, жылыжай, қарқынды бау шаруашылығын дамытуға елімізде алдыңғы қатарда тұр.

ҚР Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, Түркістан облысына 2030 жылға қарай облыста су үнемдеу технологияларын 216,3 мың гектарға енгізу қарастырылған.

Ағымдағы жылы жаңадан 22,0 мың гектарға су үнемдеу технологиялары орналастырылады. Жартыжылдыққа 12,9 мың гектарға су үнемдеу технологиялары енгізілді. Оның ішінде, 8,0 мың гектар тамшылатып, 4,9 мың гектарға жаңбырлатып суару технологиялары орнатылған.

Инвестициялық субсидия бағдарламасы арқылы су үнемдеу технологияларын ендіру шығыстар 80 %-ға субсидияланады. 

Су үнемдеу технологияларының қол жетімділігін арттыру бағыттында жергілікті 2 кәсіпорын іске қосылды.

 «BNK Group LTD» ЖШС-нің 4,1 миллиард теңгені құрайтын «Жылына 1000 дана жаңбырлатып суғару машиналарын шығару» зауыты.

 «Тұран су» МКК-ның құны 600,0 миллион теңгені құрайтын жылына 9,0 мың гектар тамшылатып суғару жүйесін шығару кәсіпорыны.

Жылыжайлар көлемі 1 640 гектарды құрайды, немесе республикалық көрсеткіштің 71 пайызы. 6 айда жылыжайлардан 144 мың тонна көкөніс өндірілді.

Жылыжай шаруашылықтарын қолдауға бюджеттен 2023 жылы 932,0 миллион теңге қаржы бөлінсе, 2024 жылға 2,9 миллион теңге қаржы бөлініп, 31 гектар өнеркәсіптік, 540 гектар фермерлік жылыжайларға қолдау көрсетілді (2003 бірлік АШТӨ-лері).

Қарқынды баулардың көлемі 5,1 мың гектарды құрайды. Дәстүрлі баулардан гектарына 60-70 центнерден өнім алынатын болса, қарқынды баулардың өнімділігі 5 есе немесе гектарынан 300-350 центнерге дейін өнім жиналуда.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету бойынша атқарылған шаралар:

— Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында минералды тыңайтқыш себуді ғылыми негізі бар қажеттіліктің кемінде жартысына жеткізу мүмкіндігін атап өтті.

Осы орайда, 88,3 мың тонна тыңайтқыштар құнын субсидиялауға облыстық бюджеттен 7,0 миллион теңге қаржы бөлінді. Сатып алынған отандық тыңайтқыштар құнының
60 %, шетелдік тыңайтқыштардың 50 % субсидиялануда. Бүгінгі күнге 6,0 миллион теңге қаржы игеріліп, 7 348 АШТӨ-не қолдау көрсетілді;

—  Тауар өндірушілер жаздық дақылдардың тұқымымен толық қамтамасыз етілді. Егіске қажетті 7,8 мың тонна масақты дақыл, 1,5 мың тонна мақсары, 2,6 мың тонна мақта және 1,5 мың тонна жоңышқа,  0,9 мың тонна жүгері тұқымдары пайдаланылды.

Тұқым шаруашылығы қолдауға облыстық бюджеттен 600,0 миллион теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі күнге 122 миллион теңгеге мақта, жүгері тұқымдары субсидияланды;

— Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 29,7 мың тонна (Босату бағасы 247-249 теңге/литр), жиын терім жұмыстарына 23,3 мың тонна жанар-жағармай бөлінді;

— «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 11,7 миллион теңгеге 1863 жоба қаржыландырылды және «Кең дала -2» бағдарламасы арқылы қосымша 10,0 миллиард теңге қаржы бөлініп отыр. Несие қаржы тауар өндірушілердің тыңайтқыштарды сатып алуына және жиын терім жұмыстарына бағытталуда.

СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ мәселесіне келсек.

Елдің экономикалық және әлеуметтік дамуы су қауіпсіздігін қамтамасыз етумен тікелей байланысты. Республикадағы суармалы жерлердің көлемі 552,0 мың гектарды құрайды, бұл — еліміздегі барлық суармалы алқаптың 4,1 бөлігі.

Түркістан облысында барлық каналдардың жалпы ұзындығы 12,3 мың шақырымды құрайды (3 147 бірлік).

Оның ішінде: республикалық меншікте — 5,8 мың шақырым (1 493 бірлік), облыстық меншікте — 6 мың шақырым (1 535 бірлік) каналдар.

Облыстық меншіктегі каналдардың 72% тозығы жеткен (4,3 мың шақырым).

Облыс бюджетінің мүмкіншілігіне қарай жыл сайын кезең-кезеңімен жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда:

 2023 жылы облыстық бюджет есебіне 69 шақырымды құрайтын 15 су нысанына (10 канал — 2024 жылға өтпелі) күрделі жөндеу, 3 су нысанына ағымдағы жөндеу және 18 шақырым қашыртқыларға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 11,5 мың гектар жердің сумен қамтамасыз етуі, 416 гектар жердің мелиоративтік жағдайы жақсарды.

Сонымен қатар, 2024 жылы облыстық бюджет есебінен 8,9 миллиард теңге қаржы қаралып, 23 су нысанына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде және 63 шақырымды құрайтын 11 су нысанына күрделі жөндеу, 488 шақырымды құрайтын қашыртқыларға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, 7,9 мың гектар жердің ағын сумен қамтамасыз етуі, 19,1 мың гектар жердің мелиоративтік жағдайы жақсаратын болады.

Жаңа су қоймаларын салу және қолданыстағы су қоймаларын қалпына келтіру жұмыстары аясында «Боралдай», «Бәйдібек ата» су қоймаларын салу жобалары әзірленді.

Жобалар толық іске асқан жағдайда «Бөген» су қоймасына қосымша 113 миллион текше метр ағын су жеткізіліп, Түркістан қаласы аумағында ағын су мәселесі шешімін табатын болады.

— «Бәйдібек ата» су қоймасын (68 миллион текше метр) салу жұмыстарына 2023 жылға облыстық бюджеттен 680 миллион теңге қаралып, құрылыс жұмыстары басталды.

2024 жылы құрылыс жұмыстарын жалғастыруға республикалық бюджеттен 3,4 миллиард теңге бөлінді. Қосымша 5 миллиард теңге қаржы бөлу жөнінде ҚР Су ресурстары және ирригация минстрлігіне бюджеттік өтінім ұсынылды.

— «Боралдай» су қоймасының (45 миллион текше метр) техникалық экономикалық негіздемесі және жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде, ағымдағы жылы мемлекеттік сараптама қорытындысы алынатын болады.

Бұдан бөлек, қолданыстағы «Бөген», «Қосқорған» су қоймаларын күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Бүгінгі таңда, «Қосқорған» су қоймасын күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Жоба құны — 5,8 миллиард теңге.

«АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ бойынша да ауыз толтырып айтатын көрсеткіштер бар.

«Ауыл аманаты» бағдарламасына ағымдағы жылы өңірге республикалық бюджеттен 10,6 миллиард теңге қаражат бағытталып отыр. Жобаға 62 ауылдық округ және 62 кооператив қатысады. 6 бағыт қаржыландырылады.

Өсімдік шаруашылығы: болжамды қаржы 300 жоба, 2,3 миллиард теңге (21.6%),  450 жұмыс орны, 

Мал шаруашылығы: болжамды қаржы 272 жоба 2,1 миллиард теңге (19.6%), 272 жұмыс орны,

Құс шаруашылығы: болжамды қаржы 170 жоба, 1,3 миллиард теңге (12.2%), 170 жұмыс орны,

Балық шаруашылығы: болжамды қаржы 111 жоба, 0,8 миллиард теңге (8%),  111 жұмыс орны,

Кооперативтерді жабдықтау: болжамды қаржы 62 жоба, 1,8 миллиард теңге (17%)  248 жұмыс орны,

Өз кәсібін ашу: болжамды қаржы 300 жоба, 2,3 миллиард теңге (21,6%), 450 жұмыс орны.

Жалпы жобаны іске асыру нәтижесінде:

1 215 жобаға қолдау көрсетіліп, 1 701 жұмыс орны құрылады;

АӘК алушылар саны 90 отбасы немесе 360 адамға қысқарады;

орташа жалақыны 125 % ұлғайту көзделуде.

Ағымдағы жылы бағдарлама электронды платформа арқылы жүзеге асырылатын болады.

Электронды платформа, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне шағын бюджеттік кредиттер беру процестерін жаңғырту және оңтайландыру мақсатында әзірленді. Оның негізі несиелік өтінімдерді беру, қарау және басқару ашық және автоматтандырылған жүйеде қамтамасыз етіледі.

Жобаларды қаржыландыру тамыз айынан басталады.

Анықтама үшін: Несиенің жылдық пайыздық мөлшерлемесі — 2,5%

Жеке қосалқы шаруашылық пен жеке кәсіпкерлер үшін — 9 230 000 теңгеге дейін (2,5 мың айлық есептік көрсеткіш).

Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері үшін — 29 536 000 теңгеге дейін (8 мың айлық есептік көрсеткіш).

Несиенің шекті мерзімі – 84-60 айға дейін (тараптардың келісімі бойынша анықталады)

Несиені өтеуге берілетін жеңілдік кезеңі – 12 айға дейін (тараптардың келісімі бойынша анықталады)

 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР туралы.

Нарықты отандық өнімдермен толықтыруда ірі инвестициялық жобалардың маңыздылығы жоғары.

2024-2026 жылдары жалпы құны 507,3 миллиард теңгені құрайтын 105 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жаңадан 8300 жұмыс орындары құрылады. Оның ішінде 2024 жылы АӨК саласына жалпы құны 114,2 миллиард теңгені құрайтын 45 жобаны іске  асыру жоспарланған.

6 айдың қорытындысына сәйкес құны 12,5 миллиард теңгені құрайтын 13 жоба іске қосылып, 55 уақытша, 81 тұрақты жұмыс орындары құрылды.

Қазығұрт ауданы: «Қарқын-2030» ЖШС – «25 000 басқа арналған мал сою бекеті», құны: 1 100,0 миллион теңге;

Сайрам ауданы: «YUG-GROUP-INVEST» ЖШС – «Жылына 9 600 тонна сүт өңдеу кәсіпорнын салу», құны: 150,0 миллион теңге;

Кентау қаласы: «Абдашим» шаруа қожалығы – «1 гектар жылыжай кешенін салу», құны:
80,0 миллион теңге;

Созақ ауданы: «Атамекен» ЖШС – «181 гектар жаңбырлатып суару әдісін ендіру», құны: 257,0 миллион теңге;

Сарыағаш ауданы: «ADIA» ЖШС – «2,5 гектар жылыжай кешенін салу», құны: 600,0 миллион теңге;

Сауран ауданы: «Балмұздақ» ЖШС – «Балмұздақ, какао, шоколад, кондитерлік өнімдер, тамақ өнімдері, жартылай фабрикат өнімдерін сақтауға қойма салу», құны: 2 300,0 миллион теңге;

Сауран ауданы: «Жасыл аймақ» АӨК – «Сыйымдылығы 5 000 мың басқа арналған ІҚМ мал бордақылау алаңы», құны: 3 500,0 миллион теңге;

Шардара ауданы: «VITA» ЖШС – «Жылына 130 тонна балық өнімін өндіру»,
1 500,0 миллион теңге;

Шардара ауданы: «Иіржар Агро» ЖК – «500 гектар алқапқа тамшылатып суару әдісін ендіру», құны: 640,0 миллион теңге;

Мақтаарал ауданы: «Хамро ата» ШҚ – «310 гектар алқапқа тамшылатып суару әдісін ендіру», құны: 500,0 миллион теңге;

Мақтаарал ауданы: «Мырзашөл Құс» ЖШС – «Жылына 20,0 миллион дана жұмыртқа бағытындағы құс фермасы, құны: 850,0 миллион теңге;

Түлкібас ауданы: «Кен-Тау» ЖШС – «30 гектар алқапқа қарқынды алма бауы», құны: 300,0 миллион теңге;

Төлеби ауданы: «Шымкент Балық» ЖШС – «Жылына 300 тонна балық өнімін өндіру», құны: 800,0 миллион теңге.

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ саласына ойыссақ.

Облыс — мал шаруашылығын дамытуда елімізде жетекші орында. Республикадағы ірі қара мал санының 13 пайызы, қойдың 21 пайызы, жылқының 10 пайызы, түйенің 15 пайызы, өндірілген еттің 13 пайызы, сүттің 16 пайызы — өңірдің үлесінде.

Қаңтар-мамыр айларына мал саны:

Ірі қара мал — 1 миллион 259 мың бас, қой — 5  миллион 303 мың бас, жылқы — 495 мың бас, түйе — 45 мың бас, құс 2 миллион 71 мың басты құрады. 95 мың тонна ет, 326 мың тонна сүт, 103 миллион дана жұмыртқа өндірілді.

Ет экспорты бойынша облыс — республикада көш басында. Экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің үлесі — 80%, ұсақ мал – 75% облыстың еншісінде (2024 жылдың 4 айына
9,5 мың тонна мал шаруашылығы өнімдері экспортқа шығарылды).

Мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық көлемін ұлғайтуда өңірде бордақылау алаңдары мен кешендерін жүйелі дамыту оңды септігін тигізуде.

Өңірде жалпы 9183 бірлік ірі қара мал бордақылау алаңдары бар. Оның ішінде, 400 басқа дейін 9148 бірлік, 400 бастан – 1000 басқа дейін 13 бірлік, 1000 бастан жоғары
22 бірлік  мал бордақылау алаңдары жұмыс істеп тұр.   

Сүт өнімдерін өңдеу кәсіпорындарының қуаттылығын арттыру бойынша жалпы құны 10,5 миллиард теңгені құрайтын 3 ірі  тауарлы сүт фермалары инвестициялық жобалары жүзеге асырылуда. Бұл жобаларды қолдауға республикалық бюджеттен жылдық 2,5 % мөлшерлемемен 6,0 миллиард теңге қаржы бөлінді. Олар. «БНК АГРО KZ» ЖШС, «Бөрте Милка» ЖШС, «Sultan Agro» ЖШС.

Жобалар түркиялық «Sezer», Швециялық «De-Ieval» автоматты технологиялық қондырғыларымен жабдықталады. Дания, Венгрия мемлекеттерінен өнімділігі жоғары «Голштин» тұқымды 1600 бас және «Симментал» тұқымды 600 бас аналық ірі қара малдар әкелінеді.

Осы жобалар арқылы жылына қосымша 10,4 мың тонна сүт өнімі өндірілетін болады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin