Түркістан облысының амфитеатрында футболдан Қазақстан-Норвегия ойынының тікелей көрсетілімі болды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасында Норвегиямен кездесті. Тұрғындар мен қала қонақтары Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ ғимаратындағы үлкен экранынан тікелей көрсетілімді тамашалады.

Ұлттық құраманы қолдауға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Нұрлан Қоянбаев, қала қонақтары мен белсенді жастар қатысты. Футболдан ел құрамасының жеңісіне тілек білдірген жұртшылық матч кезінде қолдау білдіріп, футболдың елімізде қаншалықты маңызды екендігін тағы да көрсетті. Қазақстан ұлттық құрамасы Норвегиямен тең ойнады.

Футбол демекші, Төлеби ауданының Сұлтан Рабат елді мекенінде спорт алаңы пайдалануға берілді. Округ тұрғындары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ететін алаңға «Бірлік» атауы берілді. Заманауи спорт алаңы барлық стандарттарға сай салынған. Құны 14 млн теңгені құрайды.

Бүгін алаңның салтанатты ашылуы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, Киелітас ауылдық округі әкімінің орынбасары Нәби Садықбеков қатысып, ізгі тілектерін жеткізді. Футболдан балалар арасында Сұлтан Рабат мектебінде ұзақ жылдар бойы басшылық еткен, ұлағатты ұстаз Ирисмат Тойчиевті еске алуға арналған турнир өткізілді.

Жалпы ауданда 206 спорт ғимаратты жұмыс істейді. Бүгінде футбол инфрақұрылымын дамытуға жағдай жасау үшін арнайы жобалар қолға алынды. Аудан бойынша балалар мен жасөспірімдерге 137 кәсіби жаттықтырушы-мамандар бар. Жалпы 360 топта 4600 оқушы жаттығу сабақтарынан білім алуда.

Тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етіп жүрген азаматтарға аудандық мәслихаттың, ауылдық округ әкімінің «Алғыс хаты» табысталды. Футболдан өткен ашық турнир қорытындысымен жеңімпаз командалар марапатталды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin