Түркістан облысының полицейлері жүк көлігіне заңсыз тас шағалын артып, заңбұзушылық жасаған жергілікті тұрғынды анықтады

Қазығұрт аудандық полиция басқармасының полицейлері күнделікті қоғамдық тәртіп пен ел тыныштығын, қауіпсіздікті сақтаумен қатар, табиғатқа залал келтіріп, тау-тасты заңсыз пайдаланатындарды анықтап, жауапқа тартуда.


Мәселен, Қазығұрт ауданының ЖПҚБ қызметкерлері тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізуі нәтижесінде жер қойнауын заңсыз пайдалану бойынша 2 жүк көлігі мен 1 қазу техникасы айыптұраққа қойылды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 334-бабы «Жер қойнауын өз бетінше пайдалану» бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Белгілі болғандай жергілікті тұрғын үй құрылысына пайдалану мақсатында қиыршық тастарды өзінің басқаруындағы «Камаз» маркалы жүк көлігіне артып, одан әрі қарай алып кетпек болған. Алайда полиция қызметкерлерінің қырағылығының арқасында табиғатқа зиян келтіре алмады. Заңбұзушылық дер кезінде тоқтатылды.

Қазіргі таңда аталған жайтқа қатысты жүк көлігі айып тұраққа қойылды. Сондықтан Түркістан облысының полицейлері мұндай заңсыз әрекеттер жасамауға кеңес береді. Су қорғау аймақтарында қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарды тастауға және жер қойнауын заңсыз пайдалануға тыйым салынын еске салады! Осындай құқық бұзушылықтарға куә болған жағдайда «102», нөміріне хабарлаңыздар.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.