Түркістан облысы: Биыл Созақ ауданының Қыземшек кентінде «Шолаққорған-су» КММ мекемесіне қарасты орталықтандырылған жылу қазандықтарында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жылу жүйесі толықтай сұйық отынға ауысады

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Қыземшек кентінің тұрғындарымен кездесуінде осылай деді. Онда алдағы жоспарларымен бөлісіп, сала бойынша атқарылатын жобаларды баяндады.

— Биыл Қыземшек кентінде тұрғындар сұранысына орай бірқатар жұмыстар атқарылады. «Шолаққорған-су» КММ мекемесіне қарасты орталықтандырылған жылу қазандықтарында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жылу жүйесі толықтай сұйық отынға ауысады. Бұған дейін Тайқоңыр елді мекенінің ешбір көшесінде асфальт жабындысы болмаған. Осы жылы Тұлпар көшесі мен Қыземшек кентінде атауы жоқ үш көшеге асфальт жабындысы төселеді. Сондай-ақ Таңбалы тас көшесіне балалар ойын алаңшасы салынып, жоспарға сай тиісті жұмыстар жасалады, — деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.

Жиында тұрғындар аудан көлемінде атқарылар жұмыстарды тыңдап, бірқатар ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Аудан басшысы: «Алдарыңызға келудегі басты мақсатымыз — туындаған сұрақтарды ашық түрде талқылап, алдағы атқарылар жұмыстарды пысықтап алу» — деді.

Жиын соңында бірқатар тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Сөздің орайы келгенде, Қыземшек кентінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы кент әкiмi Ержан Төлеуғалиұлы Жұмабаев ұсынған мәліметтерге назар аударғанды жөн көріп отырмыз.

Алдымен, 2023 жылы атқарылған жұмыстары туралы баяндайық.           

Ауыл шаруашылық саласына келсек, ауыл округі бойынша 2023 жылдың қорытындысына сәйкес мал саны мына төмендегіше болған: мүйізді ірі қара — 1703 бас,  қой-ешкі — 5608 бас, жылқы — 2317 бас, түйе — 35 бас, құс — 550 бас.

Қыземшек кенті бойынша 15 шаруа қожалығы жұмыс істеп тұр.  2023 жылы 12 гектар егістік жер игеру жоспарланса, үй іргелік 12 гектар  алқапқа егін егу жұмыстарын жүргізіліп, егін егу жоспары  100%  орындалыпты.

Ауыл шаруашылығы техникаларын алудың жай-жапсарына келсек, 2023 жылы «Бақытжан» шаруа қожалығы «SHANTUI XCMG»  маркалы шаруашылық техникасын алып, шаруашылық жұмыстарына пайдалануда екен.

Қыземшек кентінде мал басын асылдандыруға байланысты «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2023 жылы «Жахангер-Т» шаруа қожалығы қазақтың ақбас сиыры 1 бас бұқасын алып, шаруа қожалығын дамытып отыр.

«Жахангер-Т» шаруа қожалығы «Отандық асыл тұқымды қой алуға»  субсидия, «Бақытжан» шаруа қожалығы «Асыл тұқымды қой басын селекциялық және асыл тұқымдандыру» субсидиясын алып, шаруа қожалықтарын өркендетіп келеді.

Әлеуметтік салаға ойысайық. Зейнеткерлер — 165 адам, Ауған соғысының ардагері — 2, Чернобыль апатына қатысушылар — 1, Тәжік-Ауған шекарашысы — 1, Таулы Қарабах әскери қақтығыстарына  қатысушы — 1,  Алтын алқа — 16, Күміс алқа — 32, жалғызілікті қарттар саны 4 адамды құрайды. Мүгедектердің жалпы саны – 80. Оның ішінде І топ мүгедегі – 12, ІІ топ – 29, ІІІ топ – 27, ал бала жастан мүгедектігі барлар – 15. «Аталған санаттағы тұрғындар мүмкіндігінше назардан тыс қалдырылмайды» — дейді Ержан Төлеуғалиұлы.

Жол, құрылыс, көркейту салаларында едәуір ілгерілеуді аңғардық. Мәселен, Қыземшек кентінде жалпы 13 көше, 25 көпқабатты үй, 810 пәтер, 265 жеке тұрғын үй бар. 88 жеке тұрғын үй орталықтандырылған жылу қазандығына қосылмаған, қалған үйлер толығымен орталық жылыту қазандығына қосылған.

Ауыз су, кәріз су, жылуды «Шолаққорған-Су» МКК-і қамтамасыз етеді. Ауыз су кент тұрғындарына 24 сағат бойына тоқтаусыз беріледі екен.

Ал кенттің санитарлық тазалығына «А-Мансұр» ЖШС-і жауапты.

Жалпы 16 көшенің жалпы ұзындығы 11,6 шақырымды құрайтын 10 көшесінің 7 шақырымына асфальт төселген, ал қалған Қыземшек кентінің 3 көшесі және Тайқоңыр елдімекенінің 3 көшесіне шағал тас жайылған. Жалпы ұзындығы — 4,6 шақырым.

Қыземшек кентінде 10 көшенің барлығы көше жарықтарымен қамтылған.

Қыземшек кентінің Тайқоңыр елдімекенінде 3 көшенің 1 көшесі ғана (Тұлпар көшесі) жарықшаммен қамтамасыз етілген, қалған 2 көшесінде Ақбикеш, Ақжайқын  көше жарықтары қойылмаған.

2023 жылы кент көлемінде мекеме және кәсіпорын ұйымдарымен бірлесіп  24 сенбілік өткізіліп, көше бойындағы тұрмыстық 180 тонна күл-қоқыс шығарылды. Аулаларды, көшелерді тазарту, әктеу, сырлау, қайта қалпына келтіру жұмыстар жүргізілуде. Кентке қарасты кәсіпорындар сенбілік кезінде барлық қажетті техникалармен қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда Қыземшек кенті әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі тарапынан Орталық саябақ күтіп баптау жұмыстары жүргізілуде. Кенттегі барлық талдар әктеліп, ойын алаңшаларына сырлау жұмыстары жүргізілді.

Қыземшек кенті бойынша Орталық саябаққа және мекемелер алдына 260 түп тал және 340 түп гүл отырғызылды.

Ендігі әңгіме құрылыс жұмыстары хақында. 2023 жылы аудандық бюджеттен Қыземшек кентіне мал тоғыту және мал өлекселерін тастайтын (Беккери шұңқыры) орынның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

2023 жылы аудандық бюджет есебінен Қыземшек кенті ішкі көшелеріндегі барлығы 69 жол белгілері ауыстырылып, жаңартылды.

2023 жылы жергілікті бюджеттен Қыземшек кентіндегі Таңбалы тас көшесіне көше жарықтары (жалпы ұзындығы 1,45 шақырым) орнатылып, пайдалануға берілді.

Әскери саланы айналып өтпейік. 2023 жылы әскерге шақырту жасындағы азаматтардың есебінде 138 азамат бар. Оның ішінде отбасылылар – 16.

Жоғары, арнаулы орта, орта оқу орындарында оқитындар саны – 83.

Дәрігерлік сараптамаға шақыруға жататындар саны – 49.

Оның ішінде уақытша басқа қалаларға жұмыс іздеп кеткендер саны – 11.

Д есепте тұратындар саны – 2.

1996-97-98 жылдары туылғандар саны – 8.

Күзгі және көктемгі әскерге шақырту жұмыстары барысында 38 азамат аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне дәрігерлік сараптамаға жеткізіліп, жылдық тапсырыс бойынша 13 азамат әскерге жіберіліп, наряд толықтай орындалды.

Қыземшек кенті әкiмi Ержан Төлеуғалиұлы Жұмабаев биыл алда тұрған міндеттері туралы да айтып өтті.

  «2024 жылы Қыземшек кентінің Тайқоңыр елді мекенінен «Ұлттық жоба» негізінде медициналық тірек салынады. 2024 жылы аудандық бюджет есебінен Қыземшек кентінен 3 көшеге жалпы ұзындығы 2,1 шақырым және Тайқоңыр елді мекенінен жалпы ұзындығы 1,4 шақырымға (1369 метр) асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі. 2024 жылы жергілікті бюджет есебінен Қыземшек кенті, Таңбалы тас көшесіне балалар ойын алаңшасы салынады. Қыземшек кенті 1 шағынауданнан 2 шағынауданға баратын жолға (жалпы ұзындығы 300 метр) аллея (арбат) жасау жұмыстары бойынша демеуші қарастырылуда» — дейді ол.

Ал Қыземшек кенті әкiмi Ержан Төлеуғалиұлы Жұмабаевтың 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарған жұмыстарына келсек, бюджет бойынша 2024 жылы кент бюджетінің кірістер жоспары барлығы 94 731,0 мың теңге мөлшерінде белгіленген. Кент әкімінің қызметін қамтамасыз ету бойынша кент әкімі аппаратының 7 мемлекеттік қызметкерінің, мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын, келісімшарт негізінде жұмыс істейтін 8 техникалық қызметкердің 6 айдағы енбекақы шығыстарына, зейнетақы қорына, табыс салығына, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына қаралған қаржы 2024 жылға 60 575,0 мың теңге көлемінде жоспарланса, 6 айдың жоспарына сәйкес 32 716,9 мың теңге қаржы аударылып, жоспар 99,9%-ға орындалып отыр.

Ауыл шаруашылығы саласы жайлы айтсақ. Ауыл шаруашылығы салаларының негізгі бөлігі мал шаруашылығы болып табылады. Қыземшек кентінде үй іргелік 12 гектар егіс егілген. 2024 жылы кентте 16  шаруа қожалығы тіркеліп, жұмыс атқаруда. Есепті мерзімде кентте 2107 бас  мүйізді ірі қара, 2358  бас жылқы, 38 бас түйе, 8047 бас қой, 503 бас ешкі, 375 бас құс өсірілуде.

Ауыл шаруашылығы саласындағы «Сыбаға», «Алтын асық» сынды бағдарламаларға сәйкес мемлекет тарапынан берілетін субсидияны алу жолдары және көлемі туралы шаруа қожалықтары мен кент шаруаларына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр екен.

Қыземшек кенті аумағында көктемгі залалсыздандыру, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруына қарсы дезинфекциялау аумағы 25 400 шаршы метр. Залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында Қыземшек кенті мен Тайқоңыр елді мекені тұрғындарына дезинфекция жұмысын жүргізуге қора жайлар мен аумақтарын механикалық тазалау жөніндегі хабарламалар таратылып,  хабарландыру жұмыстары жүргізілуде.

Әлеуметтік сала жөнінде тоқталсақ. Қыземшек  кентіндегі халық  саны —  4847. Барлық  отбасы  саны — 1211, оның ішінде еңбекке қабілеттісі — 2932,  өндіріс пен  қызмет  көрсету  саласында — 1858,  жеке кәсіпкерлер — 65, мемлекеттік  және  әлеуметтік  нысандарда — 351 адам. Зейнеткерлер — 165 адам,  Ауған соғысының ардагері — 2, Чернобыль апатына қатысушылар — 1, Тәжік-Ауған  шекарашысы — 1, Таулы  Қарабах әскери қақтығыстарына  қатысушы — 1, Алтын алқа — 17,  Күміс алқа 33 адамды құрайды.

Мүмкіндігі  шектеулі  азаматтардың жалпы саны – 81. Оның ішінде:

І топ – 12.

ІІ топ – 28.

ІІІ топ – 26. 

Бала жастан кемтар боп туылғаны – 15.

«Жоғарыда аталған санаттағы тұрғындарды мүмкіндігінше назардан тыс  қалдырған емеспіз. Айтар болсақ, кентіміздің әкімшілігінде 4 жалғызілікті   қарт пен 4 үйден оқытылатын балаға әлеуметтік жағдайларын біліп, тиесілі көмектерімен қамтамасыз етіп отыру мақсатында 2 әлеуметтік қызметкер  жұмыс істейді. Әлеуметтік қызметкерлер Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен Қыземшек кенті әкімдігінің арнайы бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес бекітілген кесте бойынша жалғызілікті қарттар мен үйден оқытылатын мүмкідігі шектеулі азаматтарға күнделікті үйлеріне барыпғ белгіленген сағаттар бойынша, аптасына екі рет барып  жағдайларын біліп, тиесілі көмектер көрсетілуде» — дейді кент басшысы.

Қазіргі таңда осы тұрғыдағы іс-шараға байланысты біршама жұмыстар атқарылуда. Әкім «Оңтүстік тау-химиялық» компаниясы Б/К ЖШС-нің демеушілігімен көрсетілген көмектерді атап өтті.

«8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай әкімдіктің  ұйымдастыруымен «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне «Оңтүстік тау-химиялық компаниясы» Б/К ЖШС-нің демеушілігімен көпбалалы 50 анаға  әрқайсына 25,000 теңгеден қаржылай сый-сияпат жасалды. Кенттің «Мәдениет» үйінде көпбалалы аналарға концерттік бағдарлама қойылды. Құттықтаулар таратылып,  50-анаға сый-сияпат жасалынды.

9 мамыр Ұлы Жеңістің 79 жылдық мерекесіне орай, «Оңтүстік тау- химиялық компаниясы» ЖШС-нің демеушілігімен 5 ардагерге әрқайсына 40000 теңгеден қаржылай  сый-сияпат жасалды.    

1 мамыр «Балаларды қорғау күні» мерекесіне орай «Оңтүстік тау-химиялық компаниясы» Б/К ЖШС-нің демеушілігімен  бала жастан мүмкіндігі шектеулі 13 балаға 50 000 теңге көлемінде қаржылай сыйлық берілді. Бала жастан  мүмкіндігі шектеулі I топтағы Гүлайым Бегалыға қоларбаға 800 000 теңге көлемінде  қаржылай  сыйлық  берілді. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі  3 адам  Сарыағаш  қаласының «Ақбұлақ» шипажайында демалып қайтты» — деді Ержан Төлеуғалиұлы.

Жол, құрылыс, көркейту саласына келсек. Қыземшек кентінде жалпы 17 көше, 25 көпқабатты үй, 853 пәтер, 225 жеке тұрғын үй бар. 85 жеке тұрғын үй орталықтандырылған жылу қазандығына қосылмаған, қалған үйлер толық орталық жылыту қазандығына қосылған.

Ауыз су, кәріз су, жылуды «Шолаққорған-Су» МКК-і қамтамасыз етеді. Ауыз су кент тұрғындарына 24 сағат тоқтаусыз берілуде.

Кенттің санитарлық тазалығына жауапты — «А-Мансұр» ЖШС-і.

Жалпы 17 көшенің 12 көшесіне жалпы ұзындығы 8,8 шақырым толық асфальт төселген, ал қалған Тайқоңыр елді мекенінің 3 көшесінде шағал тас төселген. Жалпы ұзындығы — 2,4 шақырым.

Қыземшек кентінде 10 көшенің барлығы толық көше жарықтарымен қамтылған.

Қыземшек кентінің Тайқоңыр елдімекенінде 3 көшенің 1 көшесі ғана Тұлпар көшесі көше жарығымен қамтамасыз етілген, қалған 2 көшесінде (Ақбикеш, Ақжайқын) көше жарықтары қойылмаған.

2024 жылы кент көлемінде мекеме және кәсіпорын ұйымдарымен бірлесіп 13 сенбілік өткізіліп, көше бойындағы тұрмыстық 65 тонна күл-қоқыс шығарылды. Аулаларды, көшелерді тазарту, әктеу, сырлау, қайта қалпына келтіру жұмыстар жүргізілуде. Кентке қарасты кәсіпорындар сенбілік кезінде барлық қажетті техникалармен қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда Қыземшек кенті әкімі аппараты мемлекеттік мекемесімен Орталық саябақ күтіп баптау жұмыстары жүргізілуде. Кенттегі барлық талдар әктеліп, ойын алаңшаларына сырлау жұмыстары ақылы қоғамдық жұмысшылары арқылы жүргізілуде.

Қыземшек кенті бойынша Орталық саябаққа және мекемелер алдына 700 түп тал және демеушілер есебінен 300 түп жеміс көшеттері (шие, қарашөрік, алма төрт түрі) Орталық стадион маңайына отырғызылды. Тал егілген стадион маңайы толық қоршалып, қазіргі уақытта уақытылы суарылуда.

2024 жылы атқарылатын құрылыс жұмыстарының еншісінде Қыземшек кенті Таңбалы тас көшесінен балалар ойын алаңшасы құрылысы жүргізу үшін мердігер анықталуда.

2024 жылы «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасымен Қыземшек кентіндегі Тайқоңыр елді мекеніне медициналық тірек құрылысы жүргізіледі.

2024 жылы «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасымен Қыземшек кентінен 4 көшеге ұзындығы 2,1 шақырым және Тайқоңыр елді мекенінен 1 көшеге 1,4 шақырымға асфальт төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Қыземшек кентінен Көкорай көшесінен балалар ойын алаңшасының орны белгіленіп, қазіргі таңда демеушілер іздестірілуде.

Тайқоңыр елді мекенінен «Қазатомөнеркәсіп»ҰАҚ» АҚ демеушілігімен спорт алаңшасы салынады деп күтілуде.

Әскери салаға ойысайық. Көктемгі әскерге шақырту жасындағы азаматтардың есебінде 137 азамат бар. Оның ішінде отбасылылар – 10.

Жоғары, арнаулы орта, орта оқу орындарында оқитындар саны – 87.

Дәрігерлік сараптамаға шақыруға жататындар саны – 22.

Оның ішінде уақытша басқа қалаларға жұмыс іздеп кеткендер саны – 16.

Д есепте тұратындар саны – 2.

Көктемгі әскерге шақырту жұмыстары барысында 15 азамат аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне дәрігерлік сараптамаға жеткізіліп, көктемгі тапсырыс бойынша бүгінгі таңда 6 азамат әскерге жіберіліп, наряд 86 пайыз  шамасында орындалды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin