Түркістан облысы: Бәйдібек ауданында жеке қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі жер мәселесін көтерді

Бүгін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков жеке қабылдауына жазылған азаматтардың өтініштерін тыңдады. Жеке қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі жер мәселесі, тұрғын үй, ауыз су және жеке бастарына қатысты басқа да мәселелерді жеткізді.

Боралдай елді мекенінен келген жер мәселесі бойынша сауалға қолданыстағы заңға сәйкес түсінікте берілді. Баспана сұрап келген Шақпақтық азаматқа аудан әкімі қазіргі таңда ауданда тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатқан жоқ екендігін, алдағы уақытта тұрғын үй соғылса пәтерлер кезекте тұрғандарға заң аясында ғана кезек тәртібімен берілетінін түсіндірді.

Ауыз суға байланысты көтерген мәселе бойынша аудан әкімі жұмыс кестесіне енгізіп Алмалы ауылдық округіне арнайы барып, мән-жағдаймен танысатынын айтты.

Жалпы бүгінгі қабылдауда тұрғындар тарапынан қойылған сауалдар бойынша зерделеп тиісті жұмыстар жүргізу үшін жауапты бөлімдерге тапсырма жүктеді.

Бұдан бір күн алдын аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков Алғабас ауылдық округінің орталығы Шақпақ елді мекенінде болып тұрғындармен кездескен болатын. Кездесуде шақпақтық тұрғындар аудан басшысына елді мекендегі өзекті мәселелерді айтып, ауыз суға байланысты және газ құрылысы бойынша қазылып, жүргізіліп жатқан құбырларды көму барысында бірқатар кемшіліктер орын алып жатқандығын жеткізді. Кездесуге газ құрылысын жүргізіп жатқан мердігер мекеменің басшылары шақыртылып, ауыл тұрғындарына мән-жайды толық түсіндірілді. Ержігіт Шәріпбекұлы мердігер мекемеге әрбір атқарылып жатқан жұмыстарды сапалы жүргізуді ескертіп, жауапты бөлімдерге жобалық сметалық құжаттамаға сәйкес жүргізілуін бақылауға алуды тапсырды. Кездесуде бос жүрген ауыл азаматтарын газ құрылысын жүргізіп жатқан мекемеге жұмысшы ретінде жұмысқа орналасуға және талапқа сай жүргізілуін бақылауға алуларына болатыны жеткізілді.

Жалпы, биыл Шақпақ елді мекеніне республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, ішкі және жеткізуші газ құбырларының құрылысы жүргізілуде. Одан бөлек аталған елді мекенде ауыз су жүйесіне қайта құру жұмыстарының құрылысы басталды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.