Түркістан облысы: Бәйдібек ауданының әкімі жеке қабылдауда ауыз суға байланысты айтылған сеңестік тұрғындардың өтініші бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, Бәйдібек су мекемесінің басшысына жоба әзірлеуді тапсырды

Бекітілген кестеге сәйкес бүгін Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков азаматтармен жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға алдын ала жазылған Ағыбет, Ақбастау, Алмалы, Боралдай, Жымбыл және Шаян ауылдық округіндегі елді мекендерінен азаматтар келіп, аудан басшысына ұсыныс-пікірлері мен шағымдарын жеткізіп, бірқатар өтініштерін айтты.

Жеке қабылдауға келген азаматтардың жетеуі тұрғын үй кезегіне қатысты мәселені жеткізді. Ержігіт Шәріпбеков аудан орталығынан тұрғын үй салу үшін жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылғанын. Қаржысы қаралып, жаңадан тұрғын үйлердің құрылысы біткен кезде заңнамаға сәйкес кезекте тұрған азаматтарға берілетіні түсіндірілді.

Төтенше жағдайға байланысты тұрғын үйіне көмек сұраған Ынтымақтық азаматшаға демеушілер есебінен көмек беру жөнінде ауыл әкіміне тапсырма берді.

Шаян ауылындағы 20 коммуналдық тұрғын үйді газға қосу жөнінде жауапты мекемелермен тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқандығын түсіндіріп, шешімі табылатындығын айтты.

Ауыз суға байланысты айтылған Кеңестік тұрғындардың өтініші бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, Бәйдібек су мекемесінің басшысына жоба әзірлеуді тапсырды.

Сонымен қатар аудан әкімі Сарыбұлақ елді мекенің тұрғындарын қабылдады. Қабылдауда жер, электр энергиясының жиі өшуі және карьер мәселесі жөнінде бірқатар талап тілектері мен өтініштерін жеткізді.

Жалпы аудан басшысы тұрғындардың жеткізген мәселесін бақылауына алып, орындалуы жөнінде сала бойынша орынбасарлары мен жауапты бөлім, мекеме басшыларына және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

4 Comments

  1. 440301 209587Wow, incredible weblog structure! How long have you been running a weblog for? you created running a blog look easy. The whole look of your web site is magnificent, neatly as the content material material! 819537

  2. 649352 831965hi and thanks for the actual blog post ive recently been searching regarding this specific advice on-line for sum hours these days as a result thanks 221386

Добавить комментарий для Freshbet Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован.