Түркістан облысы: Илон Масктің «Starlink» спутниктік интернет құрылғысы Қазығұрт ауданында 23 мектепте толық іске қосылды

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кезекті сапарында Қазығұрт ауданындағы тұрғындарымен кездесті. Кездесуде мәселелер ашық айтылып, шешілу жолдары қарастырылды.

Өңір басшысы тұрғындарды ашық сұқбатқа шақырып, ұсыныстары мен өтініштерін тыңдап, облысты дамыту бағытындағы жұмыстарды баяндады. Қазығұрт ауданындағы әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту жолындағы жұмыстарға тоқталып, жоспарларды атап өтті.

– Осындай кездесудің басты мақсаты – Президентіміздің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын» іске асыру. Сіздердің ой-пікірлеріңізді естіп, ауданды әрі қарай дамыту бойынша ұсыныстарыңызбен танысу біз үшін өте маңызды. Ауылдық жерлерді дамыту мақсатында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Қазығұрт ауданында 2023 жылы 10 елді мекенде 35 жобаны іске асыруға 1,7 миллиард теңге бөлінді. Мемлекет басшысы мектептерді жоғары жылдамдықты интернет желісімен қамтуды тапсырған болатын. Облыста жалпы саны 330 мектепті жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету үшін АҚШ-тың белгілі инженері Илон Масктің «Starlink» спутниктік интернет құрылғысын орнату жұмыстары басталып, бүгінде 329 мектепте орнатылды. Оның ішінде Қазығұрт ауданында 23 мектепте толық іске қосылды. Интернеттің жылдамдығы жақсарды. Тұрғындармен кездесуде проблемалық мәселелерді шешу, олардың жолдарын қарастыруға күш салынады. Сондықтан біз аудандағы кейбір салалардағы кемшілікті жасырмай ашық айтып, олардың шешу жолдарын қарастыруымыз қажет. Қай салада көрсеткіштер төмендеп кеткен болса, соны көтеру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуіміз керек. Тазалық пен тәртіп – кез келген қоғамның табысты дамуының кепілі ғана емес, тұрғындардың мәдениеттілігінің өлшемі. Осыны есте сақтайық, – деген Дархан Сатыбалды қазығұрттықтарды елімізде жүріп жатқан тазалық науқанына атсалысуға шақырды.

Жалпы, Қазығұрт ауданында 75 мектеп жұмыс істейді. Қазіргі таңда мұндағы типтік мектептердің саны 59-ға дейін жетті. Өткен жылы жалпы құны 5,9 миллиард теңгені құрайтын, 7 мектептің құрылысы басталған болатын. Жыл соңына дейін 3 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Атап айтар болсақ, Сырлысай мектебі, П.Тәжібаева атындағы жалпы орта мектеп, Амангелді мектебі.

Қалған 4 мектептің құрылысын биыл аяқтауды жоспарлап отыр. Атап айтар болсақ, олар: Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектеп, Т.Тулла атындағы жалпы орта мектеп, Сабыр Рақымов атындағы жалпы орта мектеп, «Атажұрт» атындағы жалпы орта мектеп.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес ауданда  «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында бой көтеретін мектептердің жобасы әзірленді. Салынатын мектептер жаңа форматта болады» — дейді Қазығұрт ауданының әкімі А.Исмаилов.

Замануи мектеп түлектерінің 90-95 пайызы жоғары оқу орындарына грантқа немесе шетелдегі ең мықты танымал оқу орындарында оқуда. Осы тәжірибені пайдалана отырып, жобаны барлық өңірде іске асыру көзделді. Жоба аясында 2024 жылы Қазығұрт ауылы Болашақ мөлтек ауданынан 600 орындық 1 жаңа мектептің кұрылысы басталып, 2025 жылы пайдалануға беру күтілуде.

Жалпы облыста халықты әлеуметтік нысандармен және инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстарына барынша көңіл бөлінген. Айталық, былтыр Түркістан өңірінде 20 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Қазіргі таңда облыс көлемінде 15 мектептің құрылысы жалғасуда. Ал, «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасына сәйкес 2024 жылы – 29, 2025 жылы 34 білім ошағы шәкірттерге есігін айқара ашатын болады. «Мұның бәрі орын тапшылығы бар, апат алдындағы немесе үш ауысымды мектептердің проблемаларын жоюға тікелей әсер етеді», — дейді сала мамандары.

Аудандағы апатты мектеп – 1 (Турап Тула жббм, қазіргі таңда оқушы саны 597). Үш ауысымды мектеп – 1 («Шарбұлақ» жббм, қазіргі таңда оқушы саны 1054). 2022 жылы 7 мектептің құрылысы басталған. 2023 жылдың қорытындысымен 3 мектептің құрылысы аяқталып пайдалануға берілді.

  1. Амангелді атындағы жалпы орта мектебіне 150 орындық қосымша мектеп ғимараты;
  2. П.Тәжібаева атындағы жалпы орта мектеп 200 орындық;
  3. Сырлысай елді мекеніндегі 200 орындық жалпы орта мектебі.

Сондай-ақ, жаңа құрылысқа қажеттілік – 8.

Оның ішінде:

  1. Ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан мектепке жаңа құрылыс салу – 3 (Жеңіс, А.Ақабаев, Ақбастау) ЖСҚ мерзімі аяқталуына байланысты қайта түзетуге ұсынылды.
  2. Қосымша ғимаратын салуды қажет ететін мектеп – 2 (Макаренко атындағы мектеп, «Жаңатірлік» мектебі).
  3. Үш ауысымға өтудің алдын алу, мектебі жоқ мөлтекаудандарға жаңа құрылыс салу – 3

— Болашақ мөлтекауданынан 600 орындық «Жайлы мектеп»

— 300 орындық Сегізсай елді мекені, Сарапхана ауылдық округі

— 300 орындық мектеп Төменгі Шарбұлақ елді мекені

Тиісті облыстық салалық басқармаларға ұсыныс хаттар жолданған.

Оның ішінде: Ағымдағы жылы жаңадан 2 мектептің құрылысы басталатын болады.  Болашақ мөлтекауданынан 600 орындық «Жайлы мектеп»;

300 орындық мектеп Төменгі Шарбұлақ елді мекені. Елді мекендерге газ құбырлары тартылуына байланысты қатты және сұйық отын арқылы жылытылатын 5 мектепті («Қақпақ», «Қызылтаң», «Қызылсеңгір», «Заңғар» ЖББМ және «Талдыбұлақ» НОББМ) табиғи газге қосу мақсатында ақау актісі мен сметалық құжаттамалары әзірленіп, техникалық шарттары алынған.

Жалпы құны 80 943,3 мың теңге қаржы қарастырылып, білім бөлімі тарапынан жеңімпаз мердігір мекемені анықтау мақсатында конкурс жарияланды. Аудан аумағында орналасқан мектептердің ішкі әжетханаларына талдау жұмыстарын жүргізіліп, 13 мектептің ішкі әжетханасын ағымдағы жөндеуден өткізу қажеттілігі анықталуына байланысты ақау актісі мен сметалық құжаттамалары әзірленді.

Жалпы құны 644 408,2 мың теңге қаржы қарастырылып, білім бөлімі тарапынан жеңімпаз мердігір мекемені анықтау мақсатында конкурс жарияланды.  Сыртқы қабырғалары металлосайдинг қапталатын мектеп саны – 15.  Көкібел мектебі, Қосағаш мектебі, Майбұлақ мектебі, Талдыбұлақ мектебі, Ынталы мектебі, Ш.Қалдаяқов мектебі, Жаңатірлік мектебі, Еңбек мектебі, Қ.Өміралиев мектебі, Қақпақ мектебі, Д.Қонаев мектебі, Ақжар мектебі, А.Бектаев мектебі, Абай (Ш) мектебі, білім бөлімінің ғимараты.

Шатырына ағымдағы жөндеу жүргізілетін мектеп саны – 6. Ақжар мектебі, А.Бектаев мектебі, А.Макаренко мектебі, Атбұлақ мектебі, Еңбекші мектебі, білім бөлімінің ғимараты.

Сыртқы абаттандыру, ішкі қабырғаларын қалыпқа келтіру – 2. Жамбыл мектебі, Т.Тоқтаров мектебі.

Жалпы құны 137 877,0 мың теңге қаржы қарастырылып, облыстық салалық басқарма тарапынан жеңімпаз мердігір мекемені анықтау мақсатында конкурс жарияланды. Аудандық білім бөліміне қарасты мектептердің техникалық жағдайына талдау жүргізіп, шатырынан жауын шашынның өтуі, сыртқы дуал қабырғасының декоротивті слақтары түсіп, жарамсыздануына байланысты жөндеу жұмыстарын қажет ететін 23 мектеп анықталуына байланысты ақау актісі мен сметалық құжаттамалары әзірленді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің №64 қаулысына сәйкес (тұл жетім, жартылай жетім, аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, мектепішілік «тәртібі қиын», «Жайсыз  отбасыдан шыққан») қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагеріне 2262 оқушыны қамту жоспарланған. Қазіргі таңда, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы тарапынан мердігер мекемені анықтау мақсатында ашық конкурс жарияланған, конкурс қорытындысы күтілуде. Ұлттық білім беру деректер қорының аналитикалық есебі бойынша 5404 педагог бар. Оның ішінде, 920 педагог мектепке дейінгі білім беру ұйымында (2 мемлекеттік, 11 сенімгерлік, 65 жекеменшік), 4368 орта білім беру ұйымында,122 педагог 2 қосымша білім беру ұйымында жұмыс атқарады. Аудан орта білім мекемелерінде 4368 мұғалім бар.

2024 жылы бөлімге қарасты 71 мектепте 1-4-сынып аралығында білім алатын 10 905 оқушының жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында мектеп жанындағы сауықтыру алаңымен қамтылады. Оның ішінде 3500 оқушы тамақпен қамтылатын болады. Қазіргі таңда, білім беру мекемелерінде сауықтыру алаңдарын әзірлеу жұмыстары жүруде.

Мектеп  педагог-психологтарының әдіс алмасу және әдістемелік көмек беру  мақсатында аудандық 8 семинарға  арнайы  іс-шара  түзіліп, жұмыс  жүргізілді. 2024 жылғы 8 ақпаннан бастап, білім бөліміне қарасты мектептерде «Әкеден – ақыл, анадан-мейір» тақырыбында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша психологиялық айлық өткізілді. Тиісті жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

Қазығұрт ауданында өткен жылдың қорытындысымен «Қауіпсіз мектеп» жобасы бойынша бала саны 700 асатын 11 мектепке турникеттер орнатылды.

– 70 мемлекеттік орта білім беру мекемелері 100% дабыл батырмасымен қамтылып, жедел басқару орталығына қосылды;

– 39 білім беру ұйымдары лицензияланған күзет қызметіне өтті.

– 70 мемлекетік орта білім беру мекемелеріне жаңа бейнекамералармен қамтылды.

– 18 білім беру ұйымдарына қоршау орнатылды.

Мектептердегі асханалар және буфеттер жағдайы 1-4 сыныптарға ыстық тамақ беру бойынша. 71 мектептегі  1-4 бастауыш сыныптарда бір мезгіл ыстық тамақ ішетін  оқушы саны — 10844. ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы  №64 қаулысы негізінде тамақ ішетін оқушы саны — 633. Барлығы – 11477.

Екі қосымша білім беру мекемесінде 2717 оқушы, мектептердегі ақысыз үйірмелерге 18 505 оқушы барады. Жалпы аудан бойынша 21224 оқушы ақылы және ақысыз үйірмелерге қамтылған.

Білім бөліміне қарасты 71 мектепте 28412 оқушы, мектепалды даярлықпен қоса есептегенде 30 501 оқушы  білім алуда. Ағымдағы жылы 1832 оқушы 11 сыныпты аяқтайды. Ұлттық біріңғай тестілеуден өтуге 1456 оқушы өтініш білдірген. 2024 жылы 1832 оқушының 89-ы -«Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер.

Қазығұрт ауданында 2023 жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 240 миллиард теңгеге жетті. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 14 мыңнан асқан. Олардың өндірген өнім көлемі 117 миллиард теңгені құраған. Ауданда құрылыс жұмыстарының көлемі соңғы 3 жылда 31 пайызға өсіп, өткен жылы 9 млрд. теңгеден асты. Ауыл шаруашылығының негізігі капиталына 15 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарланып, бүгінгі күнге нақты 1,5 миллион теңге ғана тартылған.

Облыс әкімі инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы, құрылыс, білім салаларында жұмысты жандандыру жөнінде аудан әкімі мен басқарма басшыларына тапсырмалар берді. Сондай-ақ ауылдың жағдайын жақсарту үшін халықты бірлесе жұмыс істеуге және ауызбіршілікке шақырды.

Кездесуде Қазығұрт ауданының әкімі өткен жылғы атқарған жұмыстары мен және биылғы көрсеткеткіштер бойынша есебі тыңдалды.

Облыс әкімі аудан әкімінен өзекті мәселелердің шешілуі бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Сондай-ақ тұрғындардың өтініштері мен сұрақтары тыңдалды. Мәселелер ашық айтылып, өткір сұрақтар қойылған кездесуде ауданның ауыз су, жол, денсаулық, жайылым жер және өзге де инфрақұрылымдық мәселелер айтылды. Ұсыныстар мен өтініштер хаттамаға енгізіліп, өңір басшысы тікелей бақылауында болатынын айтты.

Бұдан бөлек Қазығұрт ауданында екі қабатты 5 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Биыл бастау алған баспана жеке инвестор есебінен салынуда. Жергілікті тұрғындарды тұрғын үймен қамту үшін қолға алынған жобаның жұмысымен аудагға іссарармен келген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды танысты.

Облыс басшысы сапаны басты назарда ұстауды тапсырды. 40 пәтерлі тұрғын үй құрылысы үшін ауданның жер қорынан жалпы 2 гектар жер телімі бөлінген. Былтыр ауданда баспана кезегінде тұрған 40 отбасы баспаналы болған.

Іссапар барысында аймақ басшысы Дархан Амангелдіұлы сондай-ақ Қазығұрт ауданы Қақпақ ауыл округіндегі «Қарқын 2030» ЖШС кәсіпорнының мал сою цехының жұмыстарымен танысты. Заманауи мал сою цехы жобасының құны — 1,1 миллиард теңге. Тәулігіне 167 бас, жылына 60 мың бас мал союға қауқарлы. Жаңа цех толық цифрландырылған, энергия көзін аз пайдаланады. Кәсіпорында жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылған.

Ауданның өнеркәсіп өнім көлемін биыл 15,3 миллиард теңгеге жеткізу жоспарланған. 12,3 миллиард теңгеге 68 инвестициялық жоба іске асырылмақ.

Ауыл шаруашылығы өнім көлемі 75,3 миллиард теңгеге жоспарлануда. Су үнемдеу технологиялары ендірілген жерлер 3 мың гектардан асқан. Бұдан бөлек, «Тұран су» мемлекеттік коммуналдық мекемесі тарапынан Сифон-Тассай каналын күрделі жөндеу жұмыстары атқарылуда. Сондай-ақ биыл ауданда 6 489 жаңа жұмыс орны ашылады.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қазығұрт ауданында халықпен кездесу өткізді. Аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініштерін тыңдады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin