Түркістан облысы: Келес ауданындағы 85 жастан асқан зейнеткер ұстаздың «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосуы басқа аудандардағы білім саласы қызметкерлері мен оқушыларға да дем берді

Келес ауданындағы №39 Л.Жолдасов атындағы жалпы білім беретін мектебінде 35 жылға жуық еңбек етіп, зейнетке шыққан ұстаз Тұрсын Ниязбекқызы Тұрғынбаева «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты. Ұстаз зейнетке шықса да, мектептің қоғамдық істеріне белсене қатысады. Осы өнегелі ісімен ұлағатты ұстаз мектептің жас мамандарына үлгі болып тұр.

— Тазалықты жанына серік еткен ауыл тұрғындары айналамызды тазарту, көркейту және көгалдандырумен айналысып жатыр. Тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысуы керек. Тазалық – адамның рухани, мәдени жетілу деңгейінің, кісілігі мен тәрбиесінің көзге көрінетін маңызды көрсеткіші. Тазалық – адамның денсаулығы деген сөз. Сондықтан жас шәкірттерді табиғатты қорғауға, аялауға үйрету керек, — дейді Тұрсын Ниязбекқызы.

Айта кету керек, зейнеткер ұстаз №39 Л.Жолдасов атындағы жалпы білім беретін мектебінде 1962-1995 жылдар аралығында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берген. Қазіргі таңда аталған білім ордасында 1500-ге жуық оқушы білім алады. Балаларға 2 педагог-шебер, 44 педагог-зерттеуші, 39-педагог сарапшы, 33-педагог модератор жұмыс істейді.

Орайы келгенде атап өтерлігі, Бәйдібек ауданының М.Әуезов ІТ-мектеп-лицейінің қызметкерлері мен оқушылары, кіші буын қызметкерлері де өз аумақтарында тазалық жұмыстарын тынымсыз жүргізуде.

Іс-шара барысында мекеме ғимараттары әктеліп, шарбақтарға бояу жағылды. Қураған шөптер шабылып, ағаш түптері ақталды. Түрлі гүлдердер егілді. Сонымен қатар, мектеп ауласы күл-қоқыстан тазартылды.

Ал Арыс қаласында өтіп жатқан эконауқанда тек тазалық қана емес, оқушылар мен тұрғындарға жайлы жағдай жасау мақсатында жаңа жаяу жүргіншілер жолдары да салынып жатыр.

Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова қала тұрғындары мен оқушылардың қауіпсіздігі басты назарда екендігін айтып, инженерлік-инфрақұрылымды жақсарту ұдайы жүргізіледі деген болатын. Осыған сәйкес, қалада жолдарды күтіп ұстау, оның ішінде жолда қысқы қар мен жаңбырдан пайда болған жарықшартарды жамау, ескірген жол белгілерін ауыстыру, тас төсеу сынды жұмыстар атқарылуда.

Мәселен, Төле би мен И.Ақынбеков көшесі аралығына жаяу жүргіншілер жолы салынып жатыр. Бұл тұрғындар мен ата-аналардың көптен күткен жаңалығы болды. Себебі, аталған көше арқылы М.Әуезов пен №376 бастауыш мектеп оқушылары мектепке барады. Жаяу жүргіншілер жолының ұзындығы 900 метрді құрайды. Жалпы биыл 4 500 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолын салу жоспарланып отыр.

Мектеп оқушыларының жол қауіпсіздігі үшін жасалынып жатқан игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Айта кетейік, Арыс қаласында экоакция өте жоғары деңгейде жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар шаһардың ажарын аса түспек.

Арыс қаласының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдары ата-аналармен де бірлесіп, “Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсене қатысты.

Мақсат — экологиялық мәдениетті қалыптастыру, “Адал адам, Адал еңбек, Адал табыс” тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштік, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу. Тазалықты жанына серік еткен мектеп қызметкерлері мен ата-аналар айналамызды тазарту, көркейту және көгалдандырумен айналысып жатыр. Тазалық жұмыстарына ерікті түрде барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысуда. Тазалық – адамның рухани, мәдени жетілу деңгейінің, кісілігі мен тәрбиесінің көзге көрінетін маңызды көрсеткіші.

Тазалық – адамның денсаулығы деген сөз. Сондықтан жас шәкірттерді және жастарды табиғатты қорғауға, аялауға үйрету мақсатында қызу жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында да 2024 жылдың 10 сәуір — 11 мамыр аралығында «Таза Қазақстан. Түркістан – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық акциясы басталды.

Акция мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, “Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс” тұжырымдамасы негізінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Талап» құндылығы мен «Ұлттық мүдде» құндылығын дәріптей отырып, отансүйгіштік, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлықты арттыру.

«Таза Қазақстан. Түркістан – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық акциясының мақсатын түсіндіріп, білім алушылардың, ата-аналардың, жұртшылықтың белсенділігін арттыра отырып 11 сәуір күні 60 мектепте “Таза өлке” күні білім алушылар, тұрғындар, ата-аналар өз аумақтарын, аулаларын тазалау жұмыстарын жүргізуде.

Осыған орай ауыл-аймақ, мектеп, тұрғын үйі және арық, кәріз желілерін санитарлық тазалау, көше, тротуарлар мен айналма жолдарды, саябақ, сквер, жасыл желектерді күту бойынша маусымдық жинап, тазалау, көгалдар мен гүлзардарды егу, отырғызу, рұқсат етілмеген қоқыстарды жою жұмыстары жүргізіледі.

Акцияның әрбір аптасы арнайы тақырыптарға арналады.

1-ші апта (10-14 сәуір);

2-ші апта (15-20 сәуір) –“Киелі мекен” күні тарихи-мәдени ескерткіштерді абаттандыру жұмыстарына арналады.

3-ші апта (22-27 сәуір) – “Жасыл аймақ” күні. Бұл күні ағаш көшеттерін отырғызу, айналаны әктеу, әрлеу жұмыстары жүргізіледі.

4-ші апта (4 мамыр) – “Өнегелі ұрпақ” күні ардагерлердің ауласын тазалау, қарттар үйлерінде абаттандыру жұмыстарына үлес қосу негізгі мақсаттардың бірі болмақ.

5-ші апта (11 мамыр) – “Мөлдір бұлақ” күні өзен-көлдер маңын қоқыстан тазалау ұйымдастырылады.

Бұл ретте “Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында Сарыағаш ауданындағы білім ұяларында “Таза Қазақстан – таза аймақ” экологиялық науқаны бастау алды. Аудан бойынша бір мезетте басталған шараға 78 білім ошағы қатысты.

Өңірдегі мектеп ауласын көгалдандыру бойынша мыңнан астам раушан және хризантема гүлі, 200 дана қызғалдақ гүлі, 100-ге жуық шырша талы мен 500 түп қаратал, терек, жеміс және саялы ағаш көшеттері отырғызылып, гүл тұқымдары себілді.

Облыс әкімінің қолдауымен өткен “Таза Қазақстан” акциясына 200-ден астам ұлағатты ұстаз белсенді атсалысып, туған жерді түлетуге өз үлестерін қосты. Сондай-ақ аталмыш акцияға 500-ге жуық ерікті оқушы тазалық шарасына қатысты.

Абаттандыру шарасында мектеп ауласындағы ағаштар әктеліп, аяқ жолдар қоқыстан тазартылды. Экологиялық шара әр апта сайын жалғасатын болады.

Қорыта айтқанда, Төлеби, Сайрам, Түлкібас, Отырар, Қазығұрт, Келес, Созақ аудандық білім бөлімдері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының жоспарына сәйкес, «Таза – өлке» экологиялық тазалық жұмыстарын жүргізді.

Мақсат – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, “Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштік, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу;

— оқушылардың қоршаған ортаға, табиғатқа деген экологиялық мәдениетін қалыптастыру;

— қоршаған ортаны сақтау;

— жыл сайын тазарту акцияларын өткізу;

— табиғат байлықтарына жанашырлық танытуға оқушыларды тәрбиелеу.

Еліміздің экологиялық акциясына бірге атсалысайық! Біздің байлығымыз, бұл біздің – табиғатымыз!

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin