Түркістан облысы: Келес ауданында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобасы» шеңберінде 20 жобаны іске асыру барысында 273 уақытша жұмыс орнын ашу жоспарланған

Келес ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Сариев халықты жұмыспен қамту барысында анықталған өзекті мәселелер бойынша жиын өткізді. Жиынға аудандық Мансап орталығының директоры Нурипа Темірбаева, аудандық дербес бөлім басшылары мен ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері қатысты. Жиын барысында жыл басында қойылған межені орындауда салғырттық танытқан ауыл әкімдеріне ескерту берілді.

— Жыл басындағы межені орындауда біздің өңір осал көрсеткішті көрсетуде. Әлі де уақыт бар. Ендігі кезекте өз әкімшілік аймақтарыңызда орналасқан жаңадан ашылған және жұмыс істеп тұрған мекемелерге Мансап орталығы арқылы тұрақты жұмыс орындарына жолдама алуға бағытталған шараларды жандандыру қажет. Әр аптаның басында берілген тапсырманың орындалуын талқылайтын боламыз. Тапсырма орындалмаса, міндетті түрде жауапкершілікке тартыласыздар, — деді аудан әкімінің орынбасары.

Дәурен Сариев әр ауылдағы жағдайды сараптап, мүмкіндіктерді іске асыру бойынша нақты тапсырмаларды жүктеді.

Айта кетейік, Келес ауданында жыл басынан бері 1601 адам жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобасы» шеңберінде 2023 жылға Жаңа жұмыс орындары жоспары бекітіліп, 20 жобаны іске асыру барысында 273 уақытша жұмыс орны ашылатыны жоспарланды.

Сонымен қатар Келес ауданы әкімінің орынбасары, консультациялық-кеңесші органның төрағасы Дәурен Сариевтың төрағалығымен консультациялық-кеңесші органының отырысы да болып өтті. Жиынға аудан прокуратурасының прокуроры Мирас Әмірайым және комиссия мүшелерінің қатысты. Күн тәртібінде 2 мәселе қаралып, баяндамашылар өз мәліметтерін ұсынды.

— Келес ауданы әкімдігінің 2023 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарына босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін, жұмыс орындарына квота белгілеу туралы Қаулысына сәйкес 9 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде жалпы пробация қызметі есебінде тұрған 20 азамат жұмыспен қамтылды, — деді Нурипа Темирбаева өз баяндамасында.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Келес аудандық пробация қызметі бөлімінің басшысы Нұрдәулет Рахманәліұлы Әшірбаев жыл басынан бері қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталғандарға қайта қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылыққа жол бермеуі мақсатында бөлім тарапынан күнделікті бақылау жұмыстары жүргізіліп отырғандығын, сонымен қатар әлеуметтік көмек көрсету бағытында жергілікті атқарушы органдар және ішкі істер органдарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыстар жүргізіліп, психологиялық-құқықтық және медициналық көмектер көрсетіліп жатқаны туралы баяндап берді.

Отырыс соңында аудан әкімінің орынбасары, консультациялық-кеңесші органның төрағасы Даурен Нұрланұлы пробация қызметі бөліміне аудандық мансап орталығына, ауыл және ауылдық округтің әкімдеріне пробация есебінде тұрған азаматтарға тиісті әкімшілік аумақтары бойынша тығыз байланыста жұмыс жүргізуге тапсырма берді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin