Түркістан облысы: Келес ауданының оқушылары Италияда өтетін өнер байқауына жолдама жеңіп алды

Түркия мемлекетінің Ыстамбұл қаласында ІІ Халықаралық «Жібек жолы» балалар және жас таланттар өнер байқауы өтті. Өнер додасы Ыстамбұл әкімдігінің қолдауымен, Ыстамбұлдағы қазақ диаспорасының және Йөрүк Түркмен қауымдастығының ұйымдастыруымен биыл екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр.

Байқауға Түркістан облысының Келес ауданындағы Абай ауылы «Балалар саз мектебінің» домбыра сыныбының оқушылары Диас Жарқымбек пен Нұрғиса Жарқымбек қатысып, бас жүлде иегері атанды. Жас дарындарды дайындаған мұғалімі Жадыра Полатованың айтуынша, топ жарған дарындар Италияда өтетін өнер додасына жолдама жеңіп алған.

— Диас пен Нұрғиса 5 жылдан бері домбыра және баян аспабын меңгеріп келеді. Байқауда «Науаи шарк» күйі мен халық арасында кең танымал Молдабайдың әнін орындады. Шәкірттерім өнер жолына алғаш қадам басқалы олардың биік белесті бағындыратынына көзім жеткен. Балаларына ата-аналары да зор қолдау көрсетіп келеді, – дейді өнердегі ұстазы.

Еске салайық, Тәңірберлі Молдабай (1858, Ақтөбе уезі — 1923 Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы) — қазақтың халық күйшісі, ақын, әнші, жыршы. Ол қазақ музыка мәдениетінің дамуына зор ықпал етті. Ол 1858 жылы қазіргі Ақтөбе облысының Мәртөк ауданына қарасты (бұрынғы Торғай облысы Ақтөбе уезі Бөрлі болысын) №4 ауылында туған. Кіші жүздің Тама руының Аташал тайпасы Тәңірберлі ұрпағынан тарайды.

Молдабай – қазақ халық музыкасының тарихында ерекше орын алатын тұлғалардың бірі. Молдабайдың әкесі қойшы-малшы болған. Жастайынан үлкен ағасы Сандыбаймен бірге атасы Торғайдың тәрбиесінде болады. Торғай ақындарды, әншілерді, домбырашыларды өз шаңырағына шақыратын, өзі де домбыра шертіп, жақсы ән салатын қонақжай адам болған. Осы ортада өскен Молдабай жастайынан өнерге берілген, қазақтың тарихын, көне аңыздарын жақсы білген. Замандастарының айтуынша, Молдабай жан-жақты шығармашылық адамы болған, онымен бірге жүретін 20-25 жігіт болған, олармен ауылдарды аралаған. Молдабайдың Желжетпес атты тазы, бүркіті болған. Молдабай ән салғанда Желжетпес баяу жүріп, сазға қимылдап үйренген дейді. Әнші ретінде Молдабай табиғи дауысымен ғана емес, ерекше орындау техникасымен, өзіндік стилі бар әнші ретінде ерекшеленді. Молдабай өз әнімен Орынбор жәрмеңкесінің мән-мағынасын, сәнін келтірді. Молдабай қайтыс болғаннан кейін Күшікбай өзенінің бойындағы Қойбас тауының етегіндегі отбасылық зиратқа жерленген.

Молдабай еңбегінің арқасында Ойылдағы, Орынбордағы жәрмеңкелерді аралады. Молдабайдан «Молдабайдың әні», «Бестоспа», «Қойшының әні», «Сусар-ай» т.б. әндері қалды. Белгілі күйші Әли Құрманов Молдабайдың шәкірті болған.

Молдабайдың Жиеншора деген баласы болды, одан — Есенаман. Мұрат Есенаманнан туған. Жиеншора да әкесі сияқты биік дауысты әнші болған. Немересі Есенаман да күйші, әнші, домбыра тарта білген. Жалғыз ұлы Мұрат та ән айтып, домбыра тартатын. Мұрат Екінші дүниежүзілік соғыстан оралмады. Мұраттың өлімімен Молдабайдың әулеті үзілді.

Айта кету керек, 26 жылдық еңбек өтілі бар ұлағатты ұстаз Жадыра Жарқымбекқызы көптеген оқушыларды өнер додасына дайындап келеді. Қазіргі таңда шәкірттері үлкен сахналарда өнер көрсетіп жүр.

Жалпы, Келес ауданында талантты да талапты жас дарындар көп-ақ! Мәселен, келестік оқушылар Түркістан қаласы “Білім инновация” лицейінің базасында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8-ші сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде жеңіс тұғырынан көрінді.

Олимпиадаға Келес ауданынан жалпы 24 оқушы қатысты. Жас дарындар 12 пән бойынша білім бәсекесіне түсіп, келесідей нәтиже көрсетті:

  1. Жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша:

Биология пәнінен №9 “Көлтоған” жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Адина Қаржау 2-орынмен, химия пәнінен №39 Л.Жолдасов атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Нұрғайша Кабул 2-орынмен;

химия пәнінен №9 “Көлтоған” жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Ақайша Тоқтасын 3-орынмен, география пәнінен №62 Н.Шойбеков атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Зағипа Яхияқызы Мақтау қағазымен;

математика пәнінен №28 “Мақташы” жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Балжан Мадибекова Мақтау қағазымен, физика пәнінен №1 О.Есімов атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Аяулым Әшірәлі Мақтау қағазымен марапатталды.

  1. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша:

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен №59 Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Әділет Абдували 1-орынмен, орыс тілі мен әдебиеті бойынша №4 Ж.Баласағұн атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Дана Тазабекова 2-орынмен, Қазақстан тарихы пәнінен №1 О.Есімов атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Бибарыс Кужаназар 3-орынмен, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен №21 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Балнұр Валихан Мақтау қағазымен;

Қазақстан тарихы пәнінен №9 “Көлтоған” жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Бекарыс Ускенбай Мақтау қағазымен марапатталды.

Мұндайда дарынды шәкірттер мен олардың ұстаздарына алғыстан басқа не айтарсың?!

Бұдан бөлек келестік оқушылар «Алтын түлек-2024» олимпиадасында да жеңіске жетті. «Алтын түлек-2024» олимпиадасының облыстық кезеңі Қожа Ахмет Яссауи атындағы ХҚТУ базасында ұйымдастырылды. Олимпиадаға аудандық кезең жеңімпаздары қатысып жүлделі орындарға ие болды.

10-сынып оқушылары арасынан 1-орын — Арман Яхшибоев, №13 Талғат Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебі, жетекшісі — Айсауле Отарина; 2-орын Ақсұлу Тұрсынбай, №39Л. Жолдасов атындағы жалпы орта мектебі, жетекшісі — Оразкүл Кененбаева; 11-сынып оқушылары арасынан

3-орын — Мадина Абдигаппар, №18 С. Қожанов атындағы жалпы орта мектебі, жетекшісі — Жомарт Өндірбеков; Заманбек Нұрсұлтан, №29 жалпы орта мектебі, жетекшісі — Қонысбек Мейірбек; Мақтау грамотасымен — Гүлбану Көшкінбай, №44 Сырдария жалпы орта мектебі,

жетекшісі — Мейрамкүл Жұманова.

Зерделі ақыл ой-дамыту орталығы бөлім әдіскері Р. Зейденованы сүйемелдеу, ұйымдастыру жұмыстарын жоғары ұйымдастырғаны үшін Алғыс хатпен марапаттады.

Айтпақшы, Келестегі білім ордаларының бірінде Кеңес Одағының Батыры Лесбек Жолдасов атындағы мұражай жұмыс істейді. Келес ауданының Ақтөбе ауылдық округінде орналасқан №39 Лесбек Жолдасов атындағы жалпы білім беретін мектебінің базасында 1995 жылы Ұлы Жеңістің 50 жылдығы қарсаңында сол кездегі мектеп директоры Жақсылық Молдабековтың басшылығымен арнайы мұражай ашылған.

«Батыр атындағы мұражайда Лесбек Жолдасовтың өмірінен сыр шертетін дүниелер жинақталған» — дейді мектеп директоры Ұлжамал Нысанбаева.

— Мұражайда соғыс жылдарындағы батырдың басып өткен жолдары, марапаттары, қызметтегі жетістіктері жазылған ақпараттық стендтер мен ескі суреттер сақталған. Батыр мұражайын көршілес мектеп оқушыларымен қатар көптеген еліміздің түрлі өңірінен келген азаматтар да тамашалайды. 2020 жылы Лесбек атамыздың 100 жылдығы қарсаңында аталған мұражай күрделі жөндеуден өткізіліп, бірқатар жәдігерлермен толыққан, — дейді мектеп басшысы.

Айта кету керек, қазіргі таңда аталған білім ордасында 1500-ге жуық оқушы білім алады. Мектепте Лесбек Жолдасовтың ерлігін насихаттау мақсатында түрлі іс-шаралар, батыр атындағы олимпиаданы жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылады.

Әлбетте, білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, олардың кәсіби және әдістемелік дайындығына байланысты, аудандық әдістемелік кабинеті тарапынан оқу ордаларына тұрақты түрде әдістемелік қолдау көрсетіліп тұрады. Мұғалімдерге көрсетілген әдістемелік қолдаулардың нәтижесінде білім алушылардың жетістігі артып отыр.

 «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпаданың облыстық кезеңіне 42 оқушы қатысып, оның ішінде 16 оқушы марапатталды. Атап айтқанда, 10 (I, II, III) жүлделі орын, 6 алғыс хат иеленді. 

5-6-шы сыныптар арасында өткізілген облыстық олимпиадаға  ауданның білім беру ұйымдарынан 12 оқушы қатысып, 7 оқушы жүлделі орын, 4 оқушы алғыс хатқа ие болды.

Жаратылыс-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңіне 15 оқушы қатысып, 7 оқушы жүлделі (I, II, III) орын, 2 оқушы мадақтамаға ие болды.

Елбасының «Ел Үміті» бастамасын жүзеге асыру мақсатында өткен «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасына 5-6-шы сынып оқушыларынан 4488 оқушы қатысып, 55 оқушы жеңімпаз атанып, 16 оқушы Дарын, БИЛ мектептеріне оқуға түсті.

Республикалық «Зерде» конкурсының облыстық кезеңінде білім беру ұйымдарынан 2-7 сыныптан 13 оқушы қатысып, 10 оқушы жүлдемен оралды. 

Мұғалім біліктілігі артқан сайын, шәкірттер жетістігі де көбеюде. IQanat олимпиадасының республикалық кезеңіне ауданның 19 оқушысы іріктелді.  

Дарынды оқушылар «Абайтану», «Мәшһүр Жүсіп оқулары», «М.Мақатаев оқулары», «Ілияс оқулары», «Әбіш оқулары», «Мағжан оқулары», «Жарқын болашақ», ProEco, «Ясауитану», «Менің кіші Отаным», «Жыр алыбы – Жамбыл» сияқты байқаулардың облыстық кезеңдерінде жүлдемен оралып келді.

Биылғы оқу жылында аудан бойынша жалпы орта мектепті 2002 түлек  бітірді. Оның 1594-і  ( 79%)  ҰБТ-ға қатысты. Оның 625 оқушысы грант иегері атанды.

Оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану құқықтарын жүзеге асыру мақсатында мектептерде 315 спорттық, 239 қолөнер, 175 ән-би, 497 пәндік үйірмелер жұмыс істеуде.

Тәрбие және қосымша білім беру саласында да бірқатар істер атқарылды.  Мектептен тыс спорт мектептерінде 500-ге жуық, саз мектептерінде 300 оқушы білім алуда. Жергілікті жерлердегі спорт алаңшаларында 17 мыңға жуық оқушы күнделікті бос уақыттарын өткізуде.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin