Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдеріне инвестиция тарту арқылы жаңа жұмыс орындаруын құру бағытында нақты тапсырмаларды жүктеген болатын. Берілген тапсырма аясында Келес өңірі атынан Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев бастаған делегация Қытай Халық Республикасына іссапармен барып, бірнеше қалаларындағы ірі компаниялардың жұмысымен танысты.
Аталған іссапардың негізгі мақсаты – ауданның экономикалық дамуы бойынша халықаралық тәжірибе жинақтап, Келес ауданына енгізу. Сонымен қатар зауыт-фабрикалар ашу, халықтың әл-ауқатын арттыру болып табылады.
— Облыс басшысыныің тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысынан арнайы делегация құрамында Қытай Халық Республикасына іссапармен келдік. Бағдарлама бойынша Үрімші қаласында орналасқан минералды тыңайтқыш өндіретін зауытқа барып, зауыттың тарихымен және өндіріп жатқан өнімнің жетістіктерімен таныстық. Екінші бағытымыз, әр түрлі тамақ өнеркәсібіне арналған құрал-жабдық жасап шығаратын зауытқа барып өнімдерімен танысып, құрал-жабдықтардың тізімімен бағаларын алдық. Үшінші бағытымызды күніне 25 дана ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығаратын зауыттың жұмысына қанық болды. Іссапарымыз Чжэнчжоу қаласында жалғасатын болады, — дейді Жәнібек Есенұлы.
Түркістан облысынан келген делегация Чжэнчжоу қаласында бизнес өкілдерімен кездесіп, кәсіпорындармен танысады. Сонымен қатар, экономикалық аймаққа барып, Лоянг қаласының кәсіпорындарын аралайды. Іссапар 8 шілдеге дейін жалғасады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.