Түркістан облысы: Кентау қаласында жастарды кәсіпкерлікке үйрету, ынталандыру мақсатында «Жастар — тендерде» атты семинар-тренинг өтті

Кентау қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “Жастар тендерде” атты семинар-тренинг өтті.

Семинар-тренингтің басты мақсаты бос жұмыс орындарын азайту және жастарды кәсіпкерлікке үйрету һәм ынталандыру болып табылады. Іс-шараға мекеме басшысы Сұлтан Бақытұлы, спикер ретінде мемлекеттік басқару магистрі, өзіндік даму коуч-тренері Айнұр Идрисова, бизнес тренер, коуч мотиватор Ержан Кангелдиев, жеке кәсіпкер Сәбит Макишев және жеке кәсіпкер, тендер мастері Ардақжан Тілепбай қатысушыларға әлеуметтік желімен қалай жұмыс жүргізуді, тендерде көп пайда табуға болатынын, өздерінің жеке мастер класын өткізіп, бизнеске қалай жол бастаудағы ақыл кеңестерімен бөлісіп, келген қатысушылармен пікір алмасты.

Семинар тренингке қала мен ауыл мектептерінің мұғалімдері, түрлі мекеме қызметкерлері, студенттер, пробация және құқықбұзушылық есебінде тұратын тұлғалар арасынан 300-ге жуық адам қатысып, соңында арнайы сертификаттармен марапатталды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin