Төлеби ауданының орталығы Ленгір қаласын көркейту, абаттандыру, дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жүзеге асып жатқан жобаларға тоқтала кетсек.
Автокөлік жолдары бойынша: қаладағы аудандық маңызы бар автокөлік жолдарының жарамдылығы — 96,4 %, облыстық жолдардың қанағаттанарлығы — 99.8 %, ішкі көшелердің 98,5% асфальттанған.
2023 жылы 1,6 шақырым Кенші, Оқжетпес көшелері, 1,2 шақырым А.Төлтебаев, Көкжиек көшелері, 0,612 шақырым Ж.Арзымбетов, Төлеби көшелері, 0,612 шақырым Меделханов көшесі орта жөндеуден өтеді. Таңжарық, Үміт, Қ.Ешенқұлұлы, А.Байтұрсынов көшелерін жөндеуге өткізуге құжаттары реттеліп, қаржыландыруға ұсынылады. «Самал» мөлтек ауданындағы ұзындығы 0,4 шақырымды құрайтын №2 көшесіне тас төселеді.
Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында 2023 жылы «Жарықжол» тарапынан Ленгір қаласындағы тозығы жеткен жол кедергілері жөнделеді.
Қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту бағытында «Көктерек су тазалау имаратының» құрылысы жүргізілуде. Нысан құрылысы 2023 жылға ауыспалы. Сондай-ақ, «Көктерек» бұлақ басы каптаждалуда, нысан 2023 жылға өтпелі. Биылғы жылы Ленгір қаласындағы ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеуден өткізіп, су құдықтарды реттеу, сынған қақпақтарын ауыстыру мен бұрандаларын жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Кәріз жүйесі: І мөлтек аудан тұрғындарын көптен мазалап жүрген кәріз жүйесін реттеу мақсатында №3 кәріз талазалау имаратының құрылысы үшін 40,0 гектар жер телімі бөлініп, құрылысына жобалау-сметалық құжаты әзірленді. Қазіргі кезде мердігер мекеме анықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде, күрделілігіне қарай 2024 жылға өтпелі. Нысаның қуаттылығы 3 500 м3 кәріз суын өңдеуге арналған және жалпы 14,0 мыңға жуық абонент қосылады. №1 кәріз тазалау имаратын ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтауға қаржы қаралды.
Электр қуатының көзін молайту бағытында 2022 жылы «Алатау» м/а 110 кВ ӘЖ бар ҚС-110/10 кВ электр қосалқы станциясының құрылысы басталды. 2023 жылы жұмыстарды аяқтауға 1 925 млн теңге қаралып отыр. Нәтижесінде «Қазығұрт», «Самал», «Алатау», «Шаңырақ» м/а 9720 жуық халық, 63 жоспарланған көп қабатты үйлер, 3100 жеке тұрғын үйлер, 95 әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандар сапалы электр энергиясымен қамтылатын болады. 2023 жылы Әйтеке би көшесіндегі №55 КТП жаңартылады.
2023 жылы Аманкелді көшесі мен Төлеби көшесінің №293 пен №103 үйі аралығына, Қазыбек би көшесіне, 1 мөлтекауданының қалған бөлігіне аяқ жол салу, Төлеби көшесіне 300 метр металл жабынды қақпа орнату жұмыстары жүргізіледі.
Осы тұста тоқталар жайт, Мемлекет басшысының жаңа Жарлығына сәйкес, аудан әкімі Төлеген Телғараевтың екінші тоқсандағы алғашқы кездесуі Қаратөбе ауылдық округінен басталды. Кездесу Қаратөбе жалпы орта мектебінің ғимаратында өтіп, аудан басшысы 2023 жылдың үш айында жүзеге асқан жобалармен, жылдың басында өткен кездесуде көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар барысымен таныстырды.
Сұрақ-жауап форматындағы кездесуде округ халқы өзекті мәселелерді көтеріп, оның шешілу жолдарына қатысты сұрақтар қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы әр қойылған сұраққа жауап беріп, айтылған мәселенің орындалу мерзімін көрсете отырып, түсіндірді.
Қостөбе елді мекеніндегі Қостөбе шағын жинақты жалпы орта мектебінің ғимараты сарапшылардың қорытындысына сәйкес мектеп ғимаратының техникалық жағдайы жарамсыз, яғни физикалық және моральдық тозуы 80 пайызға дейін деп бағаланып отыр. Сонымен қатар, мектепті шұғыл түрде бұзу керек деген қорытындыға келді.
Қаратөбе-Қостөбе бағытындағы Балдыберек өзенінің үстінен көпір құрылысына қатысты мердігер мекеме жауапқа тартылып, сот процессі өтті. Қорытындысымен, “Қайнар Құрылыс” ЖШС-і құрылыс жұмыстарын аяқсыз қалдыруына байланысты тиісті қаражатты бюджетке қайтарды. Қазіргі кезде, көпір құрылысын қайта бастау үшін аудандық ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі жоба-сметалық құжаттарын дайындауда.
Ауылдық округ аумағындағы тозығы жеткен элетр бағаналары мен желілері “Оңтүстік-Жарық Транзит” ЖШС-нің инвест бағдарламасы бойынша ауыстырылуда. Былтырғы жылы Қостөбе елді мекеніндегі 156 электр бағаналары мен желілері жаңартылды. Биылғы жылы аталған жұмыс жалғасын табады.
Қаратөбе, Майбұлақ және Қостөбе елді мекенінде интернет жылдамдығының төмен болуына байланысты, “Кселл” АҚ бас атқарушы диекторы Капарс Купелис мырзаға хат жолданды. Интернет жылдамдығын арттыру бойынша Майбұлақ елді мекеніне бір интернет діңгегін, Қаратөбе елді мекеніне бір интернет діңгегін және Қостөбе елді мекеніндегі биктігі 20 метрлік тіректің қуаттылығын артыру бойынша жұмыстар атқарылуда.
Қаратөбе ауылдық округі аумағындағы 5 елді мекен пайдаланатын ауыз су көктемгі және күзгі жауын-шашын кезінде пайдалануға жарамсыз болуына байланысты, мәселені шешу мақсатында «Ақсу-Жабағылы» қорығының ішінде орналасқан «Бақырауық» бұлақ көзінен ауыз су алуды немесе қазіргі су алып жатқан жеріне су тазалау қондырғысын орнату жоспарлануда.
Қаратөбе ауылдық округі бойынша жалпы алаңы 17 403,0 гектар жер туралы мәлімет.
Былтыр Қаратөбе ауылдық округі бойынша жалпы алаңы 3211,2 гектар жайылым жер учаскелері ауданны арнайы жер қоры құрамына алынды. Округ аумағындағы жалпы жайылым жері 9574,0 гектар болса, қажет жайылым мал басына шаққанда жалпы алаңы — 71062,0 гектар.
Округтегі аудандық маңызы бар жолдар — 4,2 шақырымды құраса, оның жарамдылығы – 89,4%. Қостөбе елді мекеніндегі 1,7 шақырым, Төңкеріс елді мекеніндегі 1,4 шақырым жолды орта жөндеуден өткізуге аудан бюджетінен қаржы қаралды. Балдыберек елді мекеніндегі 0,935 шақырымды құрайтын Даңғарашал көшесін, Балдыберек елді мекеніндегі 2,36 шақырым Мерген ата көшесін орта жөндеуден өткізуге, 2,058 шақырым болатын А.Тұрдалиев (1644 м) және Даңғарашал (414м) көшелеріне тас төсеуге жоба-сметалық құжаттары дайындалуда.
Биыл Қостөбе елді мекеніндегі орталық көшенің түнгі жарығы қосылды. Бұған қоса, Балдыберек елді мекеніндегі орталық Даңғарашал көшесіне аяқжол салу, аумаққа түнгі жарық орнату жұмыстары жүргізілетін болады. Төңкеріс елді мекеніндегі Дарбаза, Қоңырбайата көшесінің 8,1 шақырымына, Күнгей көшесіндегі 1,5 шақырымына түнгі жарық орнату үшін сметалық құжаты әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылды.
Қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын, жауапкершілігін, есептілігін арттыру мақсатындағы жиын барысында көтерілген проблемалық мәселелерді шешудің нақты мерзімдері, жауапты орындаушылары көрсетіле отырып, оларды шешу жөніндегі іс-қимыл жоспары аудан әкімнің ресми сайтына жарияланады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.