Түркістан облысы: Мектепке дейінгі, бастауыш және орта білім беру ұйымдарына арналған секцияға 500-ден астам педагог қатысты

Түркістан облысы білім басқармасының 2024 жылғы 7 тамыздағы №266 бұйрығы және 2024 жылғы 14 тамыздағы №25/4589 хаты негізінде «DIGITAL KAZAKHSTAN: заманауи білім беру» тақырыбында 20 тамыз күні Түркістан қаласының №19 Төле би атындағы ЖББМ базасында мектепке дейінгі, бастауыш және орта білім беру ұйымдары педагогтерінің қатысуымен тамыз кеңесінің секциялық жұмыстары өтті.

Тамыз кеңесінің секциялық отырыстарына бекітілген бағдарламаға сәйкес әр секция бойынша спикерлер, аудандық/қалалық әдістемелік кабинет әдіскерлері мен 17 ауданнан педагогтер қатысты.

Облыстық тамыз кеңесінің ашылуында Түркістан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» КММ директоры Төлімбет Бақытжан Нұрмаханбетұлы сөз алып, педагогтерге ізгі тілегін білдіріп, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.

Биылғы облыстық тамыз кеңесінің секциялық отырыстарында педагогтер цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізу жағдайында білім беру жүйесін дамытудың бірыңғай ұстанымдарын қалыптастыру бойынша өзіндік озық педагогикалық іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Секциялық жұмыстарда цифрландыру және жасанды интеллектіні қолдану арқылы білім беру жүйесін дамытуда және білім беру процестерін жаңғыртуда бірыңғай ұстанымдарды қабылдау, білім беруде цифрлық технологияларды қолданудың озық тәжірибелерімен және практикаларымен алмасу, педагог пен білім алушылардың негізгі цифрлық құзыреттерін, сондай-ақ, оларды арттыру тетіктерін айқындау, білім беру саласында жасанды интеллектіні этикаға сәйкес және қауіпсіз қолдану бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу мәселелері талданды. Секция жұмысына 500-ден астам педагог мамандар қатысты.

Тамыз кеңесінің секциясына бекітілген бағдарламаға сәйкес спикерлер, аудандық/қалалық әдістемелік кабинет әдіскерлері мен облыстан педагогтер қатысты.

Облыстық Тамыз саммитінің ашылуында Түркістан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» КММ директоры Бақытжан Нұрмаханбетұлы педагогтерге ізгі тілегін білдіріп, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.

Биылғы облыстық тамыз кеңесінің секциялық отырыстарында педагогтер цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізу жағдайында білім беру жүйесін дамытудың бірыңғай ұстанымдарын қалыптастыру бойынша өзіндік озық педагогикалық іс-тәжірибелерін бөлісті.

Секциялық жұмыстарда цифрландыру және жасанды интеллектіні қолдану арқылы білім беру жүйесін дамытуда және білім беру процестерін жаңғыртуда бірыңғай ұстанымдарды қабылдау, білім беруде цифрлық технологияларды қолданудың озық тәжірибелерімен және практикаларымен алмасу, педагог пен білім алушылардың негізгі цифрлық құзыреттерін, сондай-ақ, оларды арттыру тетіктерін айқындау, білім беру саласында жасанды интеллектіні этикаға сәйкес және қауіпсіз қолдану бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу мәселелері талданды.

Соңында Тамыз қарары жинақталып, Тамыз мәжілісіне жолданатын болады.

Осы ретте атап өтер маңызды жайт, Педагогтердің тамыз саммитінің аясында ҚР Оқу-ағарту министрі еліміздің 20 өңірінің әкімдерінің орынбасарларымен кездесті. Кездесуде білім беру саласын дамытудағы негізгі міндеттер мен басымдықтар талқыланды.

Ғани Бейсембаев білім беру еліміздің әлеуметтік саясатының негізгі басымдықтарының бірі ретінде Мемлекет басшысының тарапынан айтарлықтай қолдауға ие болып отырғанын атап өтті.

Білім беру инфрақұрылымдарын жаңғырту бойынша бірқатар шаралар жүзеге асырылуда, оның ішінде жаңа мектептер салу, заманауи кабинеттермен жабдықтау, білім беру ұйымдарын реновациялау жұмыстары жүргізілуде.

«Білім берудегі басты міндеттердің бірі оның сапасын арттыру болып табылады. Бірінші рет заң жүзінде «білім сапасы» ұғымы бекітіліп, Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің үлгісі қалыптастырылды. Алайда, білім беру ісіндегі басты тұлға – педагог болып қала береді және тұтас қоғамның болашағының табыстылығы оның кәсібилігімен тығыз байланысты. Педагогтердің жұмыс жасауы үшін жайлы орта қалыптастыру маңызды, ол үшін өңірлер жергілікті жерлерде заңдардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуі керек. Әсіресе, жаңашылдығы мен шығармашылығы білім сапасын жақсартуға, балаларымыздың дамуына ықпал еткен педагогтерді қолдауға көңіл бөлу керек», — деп атап өтті министр.

Ғани Бейсембаев педагогтердің қоғамдағы рөлін күшейтуге ерекше назар аударып, педагогтерге барынша қолдау көрсетуді тапсырды. Бұл — педагогтердің жұмыс жағдайын жақсарту, біліктіліктерін арттыру және балаға сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі басты тұлға ретінде бағалау.

Сондай-ақ ведомство басшысы өткен оқу жылынан бастап оқу процесіне енгізілген «Біртұтас тәрбие бағдарламасына» тоқталып өтті. Биылғы оқу жылында бағдарлама қайта жаңартылып, әділетті мемлекет, жауапты азамат және прогрессивті ұлт құндылықтарымен толықтырылды.

Сонымен қатар өңірлерге «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасы, балалардың құқықтарын қорғау, білім сапасын арттыру, мектептердің ата-аналармен ынтымақтастығы бойынша жұмыстарды күшейту қажет.

Тамыз Саммиті аясында кәсіби жетістіктерімен және оқушыларының жоғары көрсеткіштерімен ерекшеленген үздік педагогтер, шеберлер, зерттеушілер, сондай-ақ білім саласының дамуы мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін білім беру ісінің ардагерлері марапатталды.

Саммит қатысушылары алдында сөз сөйлеген ведомство басшысы мұғалімнің білім беру мен бала тәрбиесіндегі айрықша рөлін және олардың еңбегі мен жетістіктерінің маңыздылығын атап өтті.

«Мемлекет білім беру саласын дамыту мен педагогтеріміздің еңбегін лайықты бағалауға аса мән береді. Сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз, сондықтан біз білім мен тәрбие беру арқылы еліміздің болашағының қалыптасуына жанашырлық танытқан ұстаздарға қай уақытта да жан-жақты қолдау көрсетуге әзірміз», — деді Ғани Бейсембаев.

Министр сондай-ақ соңғы жылдарда білім беру саласында орын алған оң өзгерістерге де тоқталды. Бұл білім беру қызметкерлерінің жалақысының өсуі, жүктеменің азаюы, педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру, білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын модернизациялау және т.б.

Айта кету керек, ведомстволық наградалар тамыз саммитінің аясында, сондай-ақ өңірлерде өткен тамыз конференциялары кезінде тапсырылған болатын. «Еңбек ардагері» медалімен 257 педагог, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен 264 педагог, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен 265 педагог марапатталды. Сондай-ақ 149 педагогке Оқу-ағарту министрінің Құрмет грамотасы, 517 педагогке ведомстволық дипломдар мен Алғыс хаттар тапсырылды.

Марапатталғандар арасында информатика пәнінің мұғалімдері де бар, бұл олардың заманауи білім беру мен цифрлық технологияларды қолдану дағдыларын қалыптастырудағы рөлінің маңыздылығын көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, 15 тамыздан бастап еліміздің барлық өңірлерінде дәстүрлі тамыз кеңестері өтті. Бүгін елордада Назарбаев Университетінің (NU) базасында өткен басты республикалық саммитке 500 мыңнан астам педагог қатысты. Саммит жұмысы «Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» тақырыбы аясында білім беру саласын цифрландыру, әлемдік тәжірибені ескере отырып, оқу процесіне жасанды интеллектті енгізу мәселелерін қамтыды.

Сонымен қатар бүгін Түркістан облыстық білім беруді дамыту орталығының курстан өткен әдіскерлерінің ұйымдасыруымен Түркістан қаласының Сабыр Рахимов атындағы орта мектеп базасында Түркістан қалалық білім бөлімдерінің мектепке дейінгі, орта білім беру және Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының тәрбие орынбасарлары үшін «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған мазмұны ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 шілдедегі №194 бұйрығымен бектілген жаңартылған мазмұнына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ» ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады.

Мақсаты — қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin