Түркістан облысы: Мереке қарсаңында Бәйдібек ауданында екі ауыл сапалы ауыз сумен қамтылды

Түркістан облысының 5 жылдығы мен Астана күніне орай бүгін Бәйдібек ауданында жаңадан ауыз су жүйесінің құрылысы аяқталған Ақжар елді мекеніне және қайта құрылымдаудан өткен Сарқырама елді мекеніне ауыз су берілді.

Шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев Астана күнімен құттықтап, қос ауыл тұрғындарының қуаныштарымен бөлісті. Ауыл қарияларымен бірге салтанатты түрде лентасын қиып, ауыз су жүйесінің қондырғысын іске қосты. Мереке қарсаңында ауыз судың берілгеніне қуаныштарын білдірген екі ауыл тұрғындары атынан еңбек ардагерлері алғыстарын жеткізіп, баталарын берді.

Айта кетейік, аудандағы 50 елді мекеннің 44-де орталықтандырылған ауыз су құбырлары жүргізілген болса, 1 елді мекен модульді су қондырғысымен қамтамасыз етілген. Бұл аудандағы елді мекендердің 90 пайызын құрап отыр.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. 500380 395827hi!,I like your writing so a whole lot! share we communicate far more about your write-up on AOL? I want a specialist on this location to solve my difficulty. May possibly be thats you! Looking forward to see you. 489220

Добавить комментарий для spróbuj tutaj Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован.