Түркістан облысы: Облыс басшылығына Ордабасы ауданындағы күрделі жөндеуді қажет ететін білім ұяларының жағдайы баяндалды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Ордабасы ауданына іссапармен барып, ондағы әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады. Аудан әкімі Азат Оралбаев денсаулық және білім нысандарының жұмыстарын таныстырды.

Іссапар кезінде күрделі жөндеуді қажет ететін білім ұяларының жағдайы баяндалды. Ақбұлақ ауылында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 300 орындық мектеп салынып жатыр. Іргетасы құйылып жатқан білім ошағы биыл жыл соңында тапсырылуы тиіс. Жайлы мектептің құрылысы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қатаң қадағалауымен жүргізілу үстінде. Облыс әкімінің орынбасары жауаптыларға құрылыс шараларын мұқият, уақытылы, сапалы орындауды жүктеді.

Бадам ауылындағы Айтбай Шерімқұлов мектебі ғимаратының әбден тозығы жеткен. Шұбарсу ауылындағы Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы мектептің жағдайы орташа. Бюджетттен үнемделген қаражатпен ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге білім басқармасына тапсырма берілген. Жұмыс сапары барысында осы ауылда салынып жатқан «Sea bilim» білім беру мектебіне де аялдады. Жылдың басында ашылған жекеменшік білім нысанының жобалық қуаты 1780 орынға шақталған. Қазір 370 оқушы білім алып жүр. Оқушылар мен мұғалімдерді мектепке бағыттау керектігі айтылып қалды.

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 15 мыңға жуық оқушыға арналған 20 жаңа мектеп салынады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жемқорлардан тәркіленген қаражатқа салынатын білім беру нысандарының тізімі ведомствоның сайтында жарияланды. Оған мыналар кіреді:

апатты мектептерді ауыстыратын 2740 оқушыға арналған 5 мектеп құрылысы (екі ауысымда);

үш ауысымда оқытуды жою үшін 1200 орындық 1 мектептің құрылысы (екі ауысымда);

оқушы орынының тапшылығын жою үшін 8976 оқушыға арналған 11 мектептің құрылысы (екі ауысымда);

тозығы жеткен мектепті ауыстыратын 200 орындық 1 мектептің құрылысы (екі ауысымда);

екі мектепке қосымша корпустар салу (мәжіліс және спорт залдары, асханалар).

Шымкент қаласында, Жетісу және Қызылорда облыстарында үш мектептен, Жамбыл облысында төрт мектеп, Астана қаласы мен Алматы облысында екі мектептен, БҚО, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында бір мектептен салынады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан 96 млрд теңгеге 76 738 оқушы орынына арналған 62 жоба қаржыландырылған болатын.

Айта өтейік, бүгінгі таңда министрлік құзыретінде 22 мың білім беру ұйымы бар. Бұл — 11 мың балабақша, 8 мың мектеп, 800 колледж, 7 миллион бала мен 500 мыңнан астам педагог.

Балабақшаларға бірыңғай кезек енгізілді

Оқу-ағарту министрлігі 2023 жылы 81 мың орындық 300-ден астам балабақша ашылғанын хабарлады.

«Өздеріңіз білетіндей, ұзақ уақыт бойы балабақшаларға орын бөлудің шашыраңқы жүйесі ата-аналарға қолайсыздық тудырып келді. Барлық сын-тілектерді ескере отырып, министрлік биыл „Кезекті есепке алудың бірыңғай базасы“ пилоттық жобасы әзірленіп, іске асырылуда. Бұл жүйе ашық, айқын және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмайды, ата-аналардың құжат жинауы қажет етілмейді, барлық деректер автоматты түрде расталады», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында 1 қыркүйектен бастап балабақшаға баратын 97 мыңнан астам бала тегін тамақпен қамтылды.

Салаға кәсіби мамандарды тарту мақсатында қыркүйек айынан бастап тәрбиешілердің жалақысы 30%-ға артты және бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасады.

Барлық мектептің қауіпсіздігі күшейді

Мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі — балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

«Бұл бағытта Оқу-ағарту министрлігі ІІМ, ТЖМ және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе жұмыс жүргізуде. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарындағы сақтық шаралары күшейтілді. Бүгінде 100% білім беру мекемелері техникалық жарақтандыруға қол жеткізді. Атап айтқанда, бейнебақылау камералары, дабыл түймелері, турникеттер мен арнайы күзет қазметкерлері бар», — дейді министрлік.

Техникалық шаралардан бөлек, қызметкерлер мен оқушылардың төтенше жағдайларға ден қою шараларына дайындығы назарға алынды. Бұған ТЖМ мен ІІМ әріптестері көмектескен.

«Тек жазғы кезеңде балалар үшін 100 мыңнан астам оқу-жаттығу іс-шаралары өткізілді. Балаларды зорлық-зомбылықтан, суицидтің алдын алудан қорғау, олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз етудің 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары әзірленіп, қабылданды. Құжатқа 53 ірі шара, оның ішінде балалардың құқықтарын қорқытудан қорғау жөніндегі әлеуметтік жобалар кіреді», — деп хабарлады ведомстводан.

Біртұтас тәрбие бағдарламасы әзірленді

Мектеп пен балалардың өміріндегі ата-ана рөлін арттыру үшін мектептерге «Бірыңғай тәрбие бағдарламасы» енгізілді.

«Биылғы оқу жылының тағы бір жаңалығы — тәрбие мәселесіне баса көңіл аударылды. „Біртұтас тәрбие бағдарламасы“ әзірленіп, барлық мектептерге енгізілді. Оның мақсаты жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде саналы ұрпақ тәрбиелеу. Бағдарламаның басты ерекшелігі — бала тәрбиесінде „ата-ана-мектеп-қоғам“ ынтымақтастығын нығайту. Сонымен қатар, әр ата-ананы педагогикалық тұрғыдан сүйемелдеу мақсатында барлық білім ошақтарында „Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы“ ашылуда», — деп жазылған хабарламада.

Мектепте тегін тамақтандыру жалғасады

Бұған дейін еліміздегі 9 өңірде ғана оқушылар тегін ыстық тамақпен қамтылған болса, биылғы 1 қыркүйектен бастап барлық өңірдегі 1,4 млн бастауыш сынып оқушысы мен 5-11 сыныптар аралығындағы 200 мың әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары мектептерде тегін тамақтанады.

«Бүгінде министрлік тамақтандыру жүйесінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдірді. Атап айтқанда, қызмет көрсетушілер алдын-ала СЭС қорытындысын алуы тиіс. Қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті, мектеп әкімшілігі, медицина қызметкерінің өкілдерінен құралған бракераж комиссияларының қызметі күшейтілді», — деп түсіндірді Оқу-ағарту министрлігі.

Жаңа мектептер салынды

Биыл елімізде 132 мың орынға арналған 154 мектеп ашылған. Бұл мектептерді іске қосу арқылы 12 апатты және 29 үш ауысымды мектеп, 32 тозығы жеткен мектеп мәселесін шешуге және 92 мектеп оқушы орындардың тапшылығын шешуге ықпал етті.

Алдағы екі жылда барлығы 740 мың орындық 369 жайлы мектеп салу көзделуде. Сондай-ақ, 210 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Қала мен ауыл арасындағы білім беру сапасының алшақтығын қысқарту мақсатында 1000 ауыл мектебін жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, робот техникасы, STEM, химия, физика, биология пәндерінен 1000 заманауи кабинет ашу жұмыстары жүргізілді.

Колледж студенттерінің стипендиясы көбейді

Биылғы оқу жылында 772 колледжде 531 мың студент білім алуда. Оның 341-і мемлекеттік тапсырыс бойынша оқиды.

«Президент тапсырмасын орындау мақсатында алдағы екі жылда жастарды сұранысқа ие мамандықтармен 100% тегін қамту көзделуде. 2025 жылы мемлекеттік тапсырыс көлемі 155 мыңға дейін артады. Оның 70%-ын техникалық мамандықтарға бағыттау жоспарланған. Биылғы оқу жылынан бастап студенттерді әлеуметтік қолдау мақсатында стипендия 50%-ға өсті. Ал, келесі жылы тағы 50%-ға арттыру көзделіп отыр», — дейді министрлік.

Президенттік жастар кадрлық резервінің үлгісі бойынша «Білім берудегі өзгерістің 1 000 көшбасшысы» іріктеліп, пилоттық режимде даярлаудан өтіп жатыр. Педагогтерді аттестаттауға және біліктілікті арттыру жүйесіне қойылатын талаптар қайта қаралып жатыр. Ұлттық платформа негізінде мұғалімдерді аттестаттау процесі автоматтандырылуда. Платформа 2024 жылдың қаңтарында Шығыс, Батыс, Солтүстік және Түркістан облыстарында пилоттық режимде іске қосылды.

Сонымен қатар… 2009 жылы пайдалануға берілген Ордабасы аудандық орталық ауруханасында 285 төсек-орын бар. Оның ішінде травматология, хирургия, инсульт, перзентхана, оңалту бөлімі қажетті төсек-орындарымен қамтылған. Медициналық жабдықтармен жарақтандыру 82%-ды құрап отыр. Ересектер мен балаларға тәулік бойы мамандандырылған стационарлық медициналық көмектер көрсетіп, зертханалық диагностикалар жасалады. 400 қызметкер жұмыс істеп жатыр. Бұл аурухана енді ауданаралық деңгейде қызмет көрсетуге көшеді. Биыл материалдық-техникалық базасы күшейтіледі. 2022 жылы құрылысы басталған Бадам ауыл округіндегі Дербес ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункті өткен жылы берілуі тиіс еді. Кедергілер ретке келтіріліп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Газ жалғау мәселесі шешілуде. Жуырда ел игілігіне тапсырылады.

Аудандық әкімдік ғимаратында Бейсенбай Дәулетұлы жеке қабылдау өткізіп, ордабасылықтардың өтініштерін тыңдады. Жаңа мектеп және емхана салу, тозығы жеткен ауылдық клубтарды күрделі жөндеуден өткізу, спорт кешендерін қолданысқа беру және халықаралық турнирлер ұйымдастыру сынды мәселелер айтылды. Жауаптыларға тиісті ұсыныстарды жолдауды міндеттеген облыс әкімінің орынбасары: «Көтерілген проблемалар заңдылығына қарай шешімін табады» — деді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin