Түркістан облысы: Ордабасы, Созақ, Сарыағаш, Келес аудандарында «Мектепке жол» акциясы аясында жәрмеңке ұйымдастырылды

Ордабасы ауданындағы «Самұрық» аллеясында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында жәрмеңке өтті. Жәрмеңкеге Шымкент қалалық «Автонұр» сауда орталығының 80-ге жуық кәсіпкерлері қатысып, балалардың мектепке қажетті киім-кешектері мен оқу құралдары жеңілдетілген бағада нарыққа ұсынды.

Аудан әкімі Азат Оралбаев 1 тамыздан бастау алған игі іс-шараның маңыздылығына тоқталып, кәсіпкерлерге өз алғысын жеткізді.

Айта кетейік, аталған акция аясында Ордабасы ауданы бойынша әлеуметтік аз қамтылған және толық емес отбасыдан шыққан 3 223 бала, құны 43 407 теңгені құрайтын әлеуметтік қолдауға ие болды.

Сонымен қатар «Экобазар» кешенінде де Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы аясында жәрмеңке өтті.

Жәрмеңкеге жергілікті 26 кәсіпкер қатысты. Сондай-ақ жәрмеңкеге қойылған кеңсе құралдары, балалардың мектеп сөмкелері, формалары мен аяқ киімдерді қолжетімді бағада тұрғындарға ұсынылды.

Шараның негізгі мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде мектеп тауарларын нарықтық бағадан төмен бағада сатып алуға жағдай жасап, дайындықты жеңілдетуге бағытталған.

Мұнан өзге Сарыағаш ауданында «Мектепке жол» акциясы шеңберінде жәрмеңке өтті. Аталған игі шара аудан орталығынан шалғай орналасқан Дарбаза ауылдық округіндегі №63 білім ұясы мен Құркелес ауылдық окургіндегі №67 Ә.Тәжібаев атындағы мектепте ұйымдастырылды.

«Жаңа оқу жылының қарсаңында ұйымдастырылған акцияға жергілікті кәсіпкерлер қатысып, өз тауарларын төмен бағада ұсынды. Жәрмеңкеде мектеп құралдарынан бөлек, мектеп формасы да болды. Өзгелерден ерекшелігі де сол, мектепке қажетті тауарлар базар бағасынан біршама төмен. Жыл сайын «Мектепке жол» акциясы аясында өткізілетін жәрмеңкенің басты мақсаты — ата-аналардың алысқа бармай-ақ балаға қажетті мектеп құралдарын бір жерден әрі төмен бағамен алу», — дейді ұйымдастырушалар.

Сондай-ақ Созақ ауданының орталығындағы Жібек жолы көшесінің бойында «Мектепке жол» акциясы аясында жәрмеңке өтуде. Шара барысында көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан 20 баланың ата-анасына облыстық мәслихат депутаты Мағауия Тұрысбековтің демеушілігімен 50 мың теңгеден қаржылай көмек табысталды.

Жәрмеңкеге жергілікті кәсіпкерлер қатысып, кеңсе құралдары мен оқушылардың мектеп формаларын қолжетімді бағада тұрғындарға ұсынуда.

Айта кетейік, биылғы оқу жылы қарсаңында аудандағы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың мектеп жасындағы 1250 балаға мемлекет тарапынан 43 мың 407 теңгеден 54 миллион 258 мың 750 теңге жеке көмек қарастырылуда.

Ал Келес ауданының білім бөлімі “Мектепке жол” республикалық акциясы аясында “Жалпыға бірдей оқыту қоры шеңберінде материалдық және қаржылай көмекті іске асыру бойынша” іс-шаралар жоспарына сәйкес, мектеп оқу құралдарын төмендетілген бағамен сату мақсатында мектеп автодүкені қызметі ұйымдастырылып жатыр.

— Автодүкеннің басты мақсаты — кәсіпкерлерді тарта отырып шалғайдағы ауылдық елді мекен тұрғындарына төмендетілген бағамен мектепке қажетті құрал жабдықтарды ұсыну. Мұндай автодүкен алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бұл орайда ата-аналар тарапынан ерекше белсенділік те байқалып отыр, -дейді бөлім әдіскері Қайыржан Полатов.

Автодүкен Келес ауданының шалғайдағы 6 ауылдық округіне барады. Шара шалғайдағы ата-аналарға қолайлы жағдай жасау үшін ұйымдастырылған.

Бұдан бөлек, аудан әкімі аппараты мен бюджеттік мекемелер тарапынан әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан 107 балаға оқу құралдары мен мектеп формалары, аяқ киімдері және сөмкелер табысталады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin