Түркістан облысы: Ордабасы аудандық мәслихатының кезекті ХХ-шы сессия отырысы өтті

Ордабасы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылымындағы сайланған Ордабасы аудандық мәслихатының кезекті жиырмасыншы сессиясы болып өтті.

Сессияны мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков жүргізді. Алқалы отырысқа аудан әкімі Азат Оралбаев, аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары қатысты.

Сессияның күн тәртібінде 6 мәселе қаралды. Атап айтсақ, Ордабасы ауданы әкімінің жүктелген қызметтері мен міндеттердің іске асырылуы жөніндегі есебі, Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің есебі, Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің есебі, Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің есебі, Ауданның «Құрметті азаматын» беру туралы, Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы мәселелер қаралып, дауысқа салынды.

Бірінші мәселе бойынша аудан әкімі ағымдағы жылдың 8 айында атқарылған жұмыстарын және алдағы атқарылатын жоспарларын баяндады. Қалған мәселелер туралы бөлім басшылары хабарлама жасап өтті.

Жалпы, сессия жұмысында мәслихат депутаттары күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдады.

Бүгінгі сессияның күн тәртібіндегі маңызды мәселелер мәслихаттың тұрақты комиссия отырысында жан-жақты талқыланып, пысықталғандықтан, сессияда тиісті шешімдер қабылданды.

Сессия жұмысының соңында аудан әкімі Азат Оралбаев депутаттық корпусқа сессия мәселелерін қараудағы жемісті, сапалы жұмысы үшін алғыс айтып, мәслихаттың депутаттық корпусы атқарушы билікпен бірлесіп ауданның әл-ауқатын арттыруға күш-жігерін жұмсайтынын айтып, сенім білдірді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin